Дипломдық ЖҰмыс мамандығы «5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»



бет6/24
Дата11.11.2022
өлшемі203,81 Kb.
#49387
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
dip -osimdik-tektes-tagamdyq-may-ondirudin-tehnologijalyq-urdisterin-zertteu-2018-54

Қаныққан (шекті) май қышқылдары. Бұндай қышқылдардың жалпы формуласы СnН2nО2. Бұл гомологиялық қатардың (С4-тен С20-ға дейін) қышқылдары 1 кестеде келтірілген.
Қаныққан май қышқылдарының физикалық қасиеттері әртүрлі және олардың молекулалық массасына байланысты өзгеріске ұшырайды.
Май қышқылдарының қайнау температурасы молекулалық массаның көбеюіне қарай өседі.
Гомологиялық қатардағы балқу температурасы өседі, бірақ біркелкі емес. Жұп көміртегі атом санды қышқыл тақ көміртегі атом санды қышқылға қарағанда аса жоғары температурада балқиды.
Шекті май қышқылдарының қату температурасы негізінде балқу температурасынан бірқатар төмен болады.
Жұп және тақ көміртегі атом санды қаныққан карбон қышқылдарының өзара айырмасы олардың балқу температурасымен ғана сипатталмайды, сонымен қатар олардың химиялық және биологиялық қасиеттерімен де айқындалады.

1 кесте
Қаныққан (шекті) май қышқылдары





Қышқыл атауы

Формула

Молекулалық масса

Тығыздық, кг/м3, жақша ішінде көрсетілген температураға, °С, байланысты

женева номенклатурасы бойынша

белгілі

Бутан

Май

С4Н8О2

88,10

0,959 (20)

Пентан

Валерьян

С5Н10О2

102,13

0,942 (20)

Гексан

Капрон

С6Н12О2

116,15

0,929 (20)

Гептан

Гептил

С7Н14О2

130,18

0,922 (20)

Октан

Каприл

С8Н16О2

144,21

0,910 (20)

Нонан

Пеларгон

С9Н18О2

158,23

0,907 (20)

Декан

Каприн

С10Н20О2

172,26

0,895 (30)

Ундекан

Ундецил

С11Н22О2

186,29

0,991 (25)

Додекан

Лаурин

С12Н24О2

200,31

0,883 (20)

Тридекан

Тридецил

С13Н26О2

214,34

0,846 (80)

Тетрадекан

Миристин

С14Н28О2

228,36

0,858 (80)

Пентадекан

Пентадецил

С15Н30О2

249,39

0,842 (80)

Гексадекан

Пальмитин

С16Н32О2

256,42

0,853 (62)

Гептадекан

Маргарин

С17Н34О2

270,44

0,853 (60)

Октадекан

Стеарин

С18Н36О2

284,47

0,847 (69)

Нонадекан

Нонадецил

С19Н38О2

298,49

0,877 (24)

Эйкозан

Арахин

С20Н40О2

312,52

0,824 (100)

Молекулалық массаның өсуіне байланысты суда еру қабілеті төмендейді.


Қаныққан май қышқылдары спиртте, ацетонда, мұздай сірке қышқылында, бензинде, хлорланған көмірсутектерінде, петролейлі және диэтил эфирлерінде ериді. Бұл тұста көмірсутек қышқыл радикалы ұзындығының өсуіне байланысты олардың еру қабілеті төмендейді.
Қаныққан май қышқылдарының тығыздығы мен нейтрализация саны молекулалық массаларының өсуіне байланысты азаяды.


Қанықпаған (шектелмеген) май қышқылдары. Табиғи майларда бір қосарланған байланыстағы моноенді (моноэтиленді) СnН2n-2О2 не болмаса екі және көп қосарланған байланыстағы полиенді немесе полиэтиленді қанықпаған май қышқылдары кездеседі.
Қалыпты құрылымдағы моноэтиленді қышқылдар арасында олеин қышқылы негізгі орын алады. Ол барлық өсімдіктерден және жануарлардан алынған майларда кездеседі. Әсіресе ол зәйтүн және бадам майларында көп - 85 %-ға дейін; жануарлар майларында (шошқа; сиыр, сүйек) оның орташа мөлшері 40-60 %-ға жетеді.
Пальмитолеин қышқылы да кең тараған және ол көптеген өсімдік және жануар майлары құрамында бар, соның ішінде балық пен теңіз жануарлары майлары құрамында.
Көп мөлшерде эрук қышқылы С22Н42О2 табылған. Ол қыша, рапс, сарбас, арыш майларында 80 %-ға дейін бар.
Қалыпты құрамдағы полиэтилен қышқылдары. Полиқанықпаған май қышқылдары - линол, линолен және арахидон - ауыстырылмайтын эссенциалды майлы қышқылдар болып табылады. Олардың ауыстырылмайтын деп аталу себебі, олар адам организмінде синтезделмейді және адам организміне тамақпен баруы тиіс, ал эссенциалды немесе өмірлік қажетті болу себебі, олар адам организмі үшін аса физиологиялық маңызы бар.
Эссенциалды май қышқылдары организмде әртүрлі мүшелердің клеткаларын құруға қатысады; липидтік алмасу мен организмнің қалыпты дамуын қадағалайды; қан тамырларының орнықтылық және икемдiлiктерiне себепшi болады; организмнің ультракүлгiн сәулелер мен радиоактивтi сәулеленуді сезінуді төмендетедi және басқа да организмге аса қажет міндеттерді қамтамасыз етеді [3].


Липид спирттері

Спирттер липидтерде әртүрлі формада кездеседі. Оларды әртүрлі сипаттарына қарай жіктейді: көмірсутек радикалдарының табиғатына байланысты, молекуладағы гидроксил санына сәйкес т. с. с. Дегенмен аса кең таралған спирт глицерин. Майлы қышқылдармен қатар глицерин триглицеридтердің құрылымдық элементi болып табылады. Олар табиғи майлардың негізгі бөлігін құрайды.


Глицерин – үш атомды спирт (С3Н8О3). Глицерин таза түрде – тұнық, түссiз, сироп тәрiздi тәттi сұйық.


Глицеридтер

Глицеридтер – глицерин мен майлы қышқылдардың күрделі эфирлері. Глицерин молекуласындағы қанша гидроксилді топ майлы қышқыл радикалдардың орнын басқанына сәйкес триглицеридтер (үш гидроксилдің орнын басқан), диглицеридтер (екі гидроксил) және моноглицеридтер (бір гидроксил) болып бөлінеді.


Өсімдік немесе қалыпты дамыған малдардың жануарлар майлары негізінде триглицеридтерден тұрады. Диглицеридтер мен моноглицеридтер триглицеридтер биосинтез процесі аяқталмаған шикі дәндер майларында кездеседі не болмаса әртүрлі факторлардың әсерінен триглицеридтердiң молекулалары ыдыраған бұзылған (немесе сапасыз шикiзаттан алынған) майларда кездеседі.
Негізінде триглицеридтер мүлде түссіз, дәмі де, иісі де жоқ. Майлардың бояуы, иісі мен дәмі олардың ішінде кездесетін триглицеридтерге ілескен заттарға байланысты – бояғыш заттар (пигменттер), көмірсутегілер, алифатикалық спирттер, фосфатидтер және с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет