Дипломдық ЖҰмыс мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі Алматы 2013 мазмұНЫ


Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі



бет13/15
Дата17.12.2022
өлшемі347,5 Kb.
#57770
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің жүгін арқалайтын тәрбиешінің өзі тәрбиелі, терең білімді болуы керек, сондықтан ол өзі әрдайым іздену, үйрену үстінде жүреді. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын молайту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін ерекшеліктеріне сәйкес өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің маңызы зор.
Мектеп жасына дейінгі оқыту - балалардың үйрену қабілетін дамытудың, оларды қарапайым білімдер жүйесімен қаруландырудың, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» белгіленген көлемдегі іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың жүйелі, жоспарлы, мақсатты үрдісі. Мектепке дейінгі балаларды ақыл-ойға тәрбиелеуде оқытуға жетекші роль беріледі, өйткені оқыту барысында ақыл-ой тәрбиесінің барлық міндеттері комплексті түрде шешіледі. Ол балаларға дәйекті білім беруді, оны нақтылауды және жүйеге келтіруді, таным үрдістерін, ойлау белсенділігін дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты, білімге құштарлықты, сол сияқты ақылдың талаптанушылық, зергектік, сыншылдық сияқты қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды.
Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін де қажет. Мектепке дейінгі балалар мәдени-гигиеналық талаптарға, негізгі қимылдарға үйретіледі, олар мәдениетті, мінез-құлық ережелерін игереді, олардың моральдық қасиеттерді, еңбек, бейнелеу, құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.
Мектепке жасына дейінгі оқытудың мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепке оқытушылар ғылыми білімдер негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасының міндеті –мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке дейінгі балалар алатын білім мектептегі қарағанда шамалы болса да, бұл білім мен дағдылар бөбектің келешекте өсіп дамуына зор әсерін тигізеді.Одоевский мектепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен, олардың арасындағы қарапайым байланыстармен, өзара қарым-қатынастармен, бақыланатын құбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес, оларды игеру тәсілдерінде үйрену жатады. Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың негізгі формасы - оқу сағаттары, оның мектептегі сабаққа қарағанда ұзақтығы, құрылымы, балаларға қойылатын талаптар дәрежесі жағынан айырмашылығы бар. Балалар бақшасында үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды, игерілген білім дәрежесі жаңаны түсіндіру барысында тексеріледі.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістері жағынан да ерекшеленеді. Мұнда көрнекілік әдістері үлкен орын алады, дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен қолданылады. Жаңа материалдарды игеру негізінен белсенді қимыл үрдісінде: заттармен күрделі қимылдар жасау, әр түрлі ойындар, сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын кешенді түрде, халықтық педагогикамен сәйкес үйлесімді ұйымдастыру, баланың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, математикалық қарапайым ұғымдарды қалыптастыру, бейнелеу, ән-күй, әдебиет өнеріне қызығушылыққа баулу, олардың денсаулығын нығайтып, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне аса назар аударып, өмірдегі табиғаттағы әсемдік атаулыны сезіне, қабылдай білуге үйрету.
Балаларға тәрбие беруде мәтіндердің маңызы зор. Мәтіндегі кейіпкерлердің ұнамдысы да, ұнамсызы да бала санасына әсер етеді. Сезімін билеп әр түрлі күйге бөлейді. Балаларға ұлтжандылық әсер етіп, сезімін оятуы мәтін мазмұнын, кейіпкер іс-әрекеттерін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болады. Әрине, оны қамтамасыз ету – тәрбиешінің міндеті.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балаларымен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына тәрбие беруде балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен бос уақыттарда жүйелі қатысуларына қолайлы жағдайлар жасайды.
Біздің ойымызша, осындай тәрбиенің басты мазмұндары мен функциялық іс-әрекеті мектепалды даярлық топ балаларының ынта-ықыластары мен балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінің талаптарына сай құрылған дейміз. Біздің тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымыз 2 кезеңнен тұрады.
Анықтаушы эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент
Тапсырмалар ересек топтарына ұсынылды. Осы анықталған деңгейлерді анықтау үшін эксперимент және бақылау топтары алынды. Бақылау тобы – патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесі туралы білімдерін дамытуда дәстүрлі әдістерді қолданған топ. Эксперименттік топ – зерттеу жұмысы кезінде жүйелі іс-әрекет әдіс-тәсілдерін қолданған топ. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына ересек топтарының жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.
Эксперименттің бірінші кезеңінде ересек топтарына патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиелерімен таныстырылу дәрежесін анықтау үшін оларға мына төмендегідей сұрақтарға әңгімелесу өткіздік, жазбаша жауаптар алдық:
1. «Қазақстан» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Достық, жолдастық, сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесің?
3. Әдепті, әдепсіз деген сөзді қалай түсінесің?
4. «Еңбек ер атандырады» дегенді қалай түсінесің?
5. Туған жер, атамекен дегенді қалай түсінесің?
6. Жыл мезгілдерін ата
7. Отансүйгіштік дегеніміз не?
8. Тазалық, жалқаулық, еріншек дегенді қалай түсінесің?
9. Еңбек туралы қандай ертегілер мен аңыздарды білесіңдер?
10.Қандай қимыл-қозғалыс ойындарын білесің?
11. Қайырымдылық, мейірімді, кішіпейіл дегенді қалай түсінесің?
Балалар алғашқы екі сұрақтардағы патриотизм туралы қысқаша ғана біледі. Отан, атамекен, туған жер туралы жалпы мәліметтері бар.
Үшінші, төртінші сұрауларға жауаптарында әдепті, әдепсіз туралы түсінігі бар болғанымен, оларды бір-бірінен айырмашылығын айта алмады. Алтыншы, жетінші, оныншы сұрақтарға тазалық, жалқаулық, адамгершілік қасиеттер туралы мағлұмат бере алмады.
Біз қарастырған ересек топтарда адамгершілік, дене, еңбек, патриотизмге, эстетикалық тәрбиелеуге арналған кейбір іс-шаралар: кештер, ертеңгіліктер, кездесулер т.б. жалпы педагогикалық талаптарға толық сай келе бермейді. Өйткені оларда көбінесе мақсат-міндеттер дұрыс нақтыланбаған, сол себепті нәтижелерінің тиімділігі байқалмайды, қорытындылары сыңаржақты. Бұлай болуының басты себебі олардың негізгі бағыттарының нақтыланбағандығы. Осы кемшіліктерді жоюдың біз мынадай сипатта көріп отырмыз.
1. Адамгершілік, эстетикалық, дене, патриотизміне, еңбекке тәрбиелеуге арналған барлық іс-шаралардың мақсаты біз анықтап отырған бағыттар көлемінде анықталу керек;
2. Ол мақсаттың тақырыппен тығыз байланыста болуы;
3. Оның міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асырудың амалдарынан құралуы;
4. Қойылған міндеттерді шешудің тәсілдері, әдістері т.б. нақтылануы;
5. Олардан келіп шығатын нәтижені алдын-ала болжау;
6. Қорытындылау.
Сонымен, ересек топтарда отаншылдыққа, адамгершілік қасиеттерге, эстетикалық сезімге, еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, эстетикалық сезім, еңбек іс-әрекеті, адамгершілік қасиеттерге өзін-өзі тәрбиелеу оның басты бағыттарын құрайды.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – Эстетикалық сезімге, патриоттық сана, адамгершілік қасиеттерге, еңбекке қалыптастыру болса ол ар, намыс, мейірімділік, қайырымдылық, әсемдік, әдемілік, сымбат, еңбек сүйгіштік секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету және Отан, мемлекет, ел, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, еңбек дағдылары секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсету.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдылары туралы келтірілген киелі ұғымдармен байланысты қуаныш, сүйсіну, күйіну, мақтаныш секілді эмоция спектрлеріне түрткі беру, ояту, қозғау салу, дамыту, қалыптастыру мақсатын көздейді. Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдылары жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моралдық сезімдерге» қатысты болып, сананың жетілуімен тығыз байланысты. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен тәрбие сезімдер тұрақтанып, баланың іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке басы үшін адал қызмет етуінен басталады. Мектепалды даярлық топтарына қатысты бұл жақсы оқуға ынталы болу; денсаулығын сақтау, жеке іс-әрекетінде өзінің қазақ ұлтының өкілі, Қазақстан Республикасының азаматы екенін әрқашан ескеріп отыруы.
Тапсырмалар ересек топтарға ұсынылды. Ересек топтарының біреу - бақылаушы, екіншісі экспериментальды топ болып табылады. Эксперимент әр түрлі топта оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғынуына мектепалды даярлық топтың жас ерекшеліктерінің әсер ету, етпеуін анықтау үшін жүргізілді.
Эксперименттің бірінші кезеңі бойынша қорытынды жасағаннан кейін біз мынадай нәтижеге жеттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет