Дипломдық ЖҰмыс мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі Алматы 2013 мазмұНЫ



бет2/15
Дата17.12.2022
өлшемі347,5 Kb.
#57770
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зерттеу мақсаты: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың үдерісі.
Зерттеу пәні: мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі балаларды мемлекеттік балабақша қызметінің дамытушы орта негізінде үйлесімді жүзеге асырылса, онда мектепке дейінгі балалардың дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені мұндай ортада ұйымдастырылатын оқу және ойындық іс-әрекеттер балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жағымды ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негізін жасау;
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін белгілеп, анықтау.
- мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері мектепалды даярлықта балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы философиялық таным теориясы, тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ізгіліктік, іс-әрекет, тұлғалық тұрғылар туралы философиялық қағидалар, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалары.
Зерттеу базасы: № 7балабақша.
Зерттеудің әдістері: Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу, зерттеу бағыты бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озық педагогикалық тәжірибелерді сараптау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, бақылау, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу, қорыту.


Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік талдау жасалды. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы туралы ұғымдар мен түсініктер талданды, зерттеудің ғылыми аппараты негізделді.
Екінші кезеңде мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша шетелдік және отандық педагогикалық озық тәжірибелер зерделеніп, мәселенің қазіргі жағдайы анықталды. Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру тиімділігі тексерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет