І
ІІ
ІІІ деңгейлер
Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (1-кезең)
60 -
50 - 46 %
40 - 38%
30 -
20 - 16%
10 -
деңгейлер
0
Шартты белгілер
І – жоғары деңгей
ІІ – орта деңгей
ІІІ – төмен деңгей
Балаларға эстетикалық, еңбек, патриоттық, адамгершілік, дене тәрбиесін беруде қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар жүргізу арқылы білім мен тәрбиенің үш деңгейі айқындалды. Жоспарланған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиенің мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім мен тәрбие шаралары мазмұнына сәйкес қосымша іс-шаралар жүргізілді.
Ересек топтарда оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие беруге қызығушылық-тарының жоғары, орташа, төменгі деңгейлерін белгіледік.
Жоғары деңгей: адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеуді қызығушылықпен қабылдап, оны іс-жүзінде пайдалану дағдылары қалыптасқан және тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп бағалай алады.
Орташа деңгей: Тәрбиедегі іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге мүмкіндік бар, бірақ іс-жүзінде пайдалану дағдылары жүйелі қалыптаспаған.
Төменгі деңгей: Тәрбиедегі іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуге көңіл бөлмейді, іс-жүзінде пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы кезеңінде жүргізілген сауалнама арқылы балалардың тәрбие туралы түсініктері төмен екендігі айқындалып, олардың ұғым, түсінігін, ойлау өресін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған оқу әрекеті, әр түрлі тәрбие сағаттары, ертеңгіліктер жүргізілді. Ұйымдастырылған оқу әрекетіндегі және ертеңгіліктер мазмұнды мағлұматтар балалар түсінігін қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екендігін дәлелдеді.
Эксперимент барысында білім беру мен тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеу құндылықтарды меңгерту ісі қарастырылды. Бос уақыттарда өтілетін жұмыс түрлерінің тәрбиелік пәрменділігі оның балалардың өзіндік көзқарастарының болуына, қозғалатын мәселенің қоғамдық, әлеуметтік мәніне ғылыми тұрғыдан қарап, іс-әрекет үстінде қажеттіліктеріне жаратуға деген ұмтылыс пен икемділіктерін қалыптастыру көзделіп, бұл міндеттер белгілі деңгейде орындалды.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде анықтауға арналған мынадай сұрақтар балаларға қойылды.
«Президент» дегенді қалай түсінеміз?
Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Қайырымды бала деп кімдерді айта аламыз?
Жақсылық, әдептілік туралы қандай ертегі білесіңдер?
Іскер дегенді қалай түсінесіңдер?
Дос, жолдас туралы тақпақ білесің бе?
Ерлік, батырлық туралы қандай мақал білесіңдер?
«Орамал тастамақ, Күрес, Тартысу» қандай ойындарға жатады ?
Қандай ұлттық ойынды білесің?
«Еңбектің наны тәтті» дегенді қалай түсінесің
Әр түрлі топтарда оқу тапсырмалары мен жалпы іс-әрекетті ұғыну көрсеткіші (2 – кезең).
100
60 - 55%
50 -
40 -
30 - 24% 21 %
20 -
10 -
І ІІ ІІІ деңгейлер.
Шартты белгілер
І – жоғары деңгей
ІІ – орта деңгей
ІІІ – төмен деңгей
Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері балалардың қаншалықты адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына туралы талдау ұғымдарын қалай түсінетінін көрсетті.
Бірінші кезеңнің экспериментіне қарағанда екінші кезеңде төмен деңгейлі –17%-ға төмендеді, орташа деңгейлі- 9%-ға жоғарылады, ал жоғары деңгейлі -8 %-ға жоғарылады.
Балалардың ұйымдастырылған оқу әрекетінде тәрбие беру ерекшеліктері мен түрленуі туралы түсініктері жеткілікті. Зерттеуге алынған балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларын ажырата алады, олардың мәні мен ерекшеліктерін сақтай алады.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларына тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде баланың жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі ұйымдастырылған оқу әрекетінде оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларының іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында әрбір баланың көздеген нысанасы мұратымен тығыз байланысты болып, тәрбиелік жұмыстарда осыған орай әдет, дағды, икемділік, іскерліктерін дамыту, меңгерту, қалыптастыру және бойына сіңіру мақсаты белгіленді.
Адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, патриоттық сезім, еңбек дағдыларының көрсеткіші – баланың іс-әрекеті. Сонымен бірге, іс-әрекет – оның дамуы, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында бала қоршаған ортаның құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана, адамгершілік қасиеттер, эстетикалық сезімдер, еңбек дағдыларының қасиеттері дамуына ықпал етеді. Мектепалды даярлық топ балаларының басты іс-әрекеті – білім алу, танымдық мүмкіндіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту. Бұлармен бірге қоғамдық іс-шараларға белсенді қатынасуы, өзіне қызмет етуі, үй шаруасына көмектесу секілді іс-әрекеттердің барлығы балалардың басты міндеті.
Балаларды өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу алдымен тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда баланың өз тұлғасын қалыптастырудың субъектісіне айналуына шарт түзу қажет. Баланы өзін-өзі тәрбиелеу деңгейіне жеткізу дегеніміз – оның ішкі қажеттерінен туындаған ой-сана, мінез-құлық, іс-әрекетінің сыртқы жағдайларға сәйкестенуі. Бұл оның өзіне қойылған талаптарға іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жағымды жауап беруі. Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруға жетекшілік етуде тәрбиешілер мынадай басшылық жұмыстарын ұйымдастырды: а) өзін-өзі танып білуін; ә) өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы не жоспарын түзу; б) өзін-өзі иландыру, өзіне бұйрық беруі т.б. г) өз іс-әрекетін бақылау және бағалау. Бұл ретте тәрбиеші балаларға қандай патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуі керек екендігін айқындап, бағыт беріп отырды. Біз осыған орай ересек топта тәрбие үрдісінде көп қолданыла бермейтін, бірақ балаларды тәрбиелеудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыратын, тәжірибемізде тексеріп көрген іс-шаралар жүйесін жасау қажет деген пікірдеміз.
Ересек топ балаларын тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей балабақша практикасындағы тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз ересек топты тәрбиелеу – балалардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алуы керек деп ұйғардық. Адамгершілікке, эстетикалық, дене, патриотизмге, еңбекке тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір балада сана, сезімді қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сана мен сезім болып қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиялық тегі әртүрлі. Сана - өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі, ол адамның белсенділігі, өзін-өзі бақылауы, мотивтік-құндылықтар сипатымен тығыз байланысты.
Сонымен, ересек топ балаларын тәрбиелеу басты мақсат болса, адамгершілікке, эстетикалық, дене, патриотизмге, еңбекке тәрбиелеу оның басты бағыттарын құрайды. Тәрбиелік іс-шараның бағыттарын қалыптастыру болса ол: ар, намыс, мейірімділік, қайырымдылық, әдемілік, еңбек сүйгіштік секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау олар туралы білімдерін жетілдіру және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету.
ҚОРЫТЫНДЫ Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін құру талабы алдымызда тұр.
Мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту теориясы мен практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.П.Сейтешов, М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, К.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбақов, М.Сейфуллаева, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Жалпы тәрбиешілердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық (Ш.А.Амонашвили, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, Б.Баймұратова, Қ.Меңдаяқова, М.С.Сәтімбекова, Р.Аралбаева, А.К.Меңжанова, Ф.Жұмабекова, Р.М.Жұмағожина және т.б.), болашақ тәрбиешілерді даярлау мәселесі қарастырылып, онда кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген.
Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтылатын пікірлер бірдей емес. Тәрбиені ізгілендіру және демократияландыру үрдістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:
1. Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою;
2. Балабақшаның, мектептің, жанұяның педагогикалық үрдісінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы;
3. Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті;
4. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек;
5. Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру;
6. Ұжымдылыққа бағыттау.
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік, ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағыттары шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші, педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты кезде жұмыс істеу өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеруін жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер ж.үйесін, кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашлықыпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-анамен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл – ата-анамен жүргізілетін жұмыстың түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс. Балалар біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», - деген орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың роліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді», - деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие үрдісінде ата-ананың орнын тағы да ерекшелейді.
Сонымен, жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде мұндай талаптар кез келген істің сабақтастығын, бірізділігін жолға қоюмен қатар баланың жеке басының дамуындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. Ол үшін сәбиге таным мен тәрбие берудің басты құралы – балабақша бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын дамытудағы өзекті мәселелер: ой-өрісін, дүние танымын кеңейтетін, өмірге қажетті білім-дағдыларын меңгертіп, сонымен қатар ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу басты мақсат етіп алынуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |