Дипломдық ЖҰмыс сәкен сейфуллин поэзиясындағы туған жер табиғатының тілдік бейнесі иса Дана Сансызбайқызы


Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі табиғат көрінісінің бейнеленуі



бет5/15
Дата28.11.2023
өлшемі159,4 Kb.
#130584
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-103094

1.2 Сәкен Сейфуллин өлеңдеріндегі табиғат көрінісінің бейнеленуі

Ірі классик ақындардың, қазақ лириктерінің барлығының таңғажайып туындыларына көз салғанда, олардың қай-қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін байқауға болады. Ол – сұлу да, көркем табиғат бейнесі.


Шындығында да, қазақтың поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес.
ХХ ғасырда өмір сүрген Ы.Алтынсариннің табиғат суретін жырлаған өлеңдері табиғаттың реалистік қалпын берген алғашқы туындылар болып саналады. Сондай-ақ осы кезеңдегі бұл саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін бейнелеген өлеңдерінде табиғаттың сұлу суретін жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра жырлауын және тақырып ауқымынан шықпауын олардың жетістігі деп білеміз. Ал, тереңге үңілсек Ыбырай Алтынсариннің өлеңі жалпылау да, Абай салған картина нақтылы екенін байқаймыз» [20.20], – дейді М. Әуезов. Абай пейзажды адам баласының өмір сүретін ортасы, әлеуметтік өмірмен, көшпелі тіршілікпен байланыста ғана суреттемей, адамның жан сезімімен ұластыра бейнелеген. Абай дәстүрі кейінгі ақындарға, оның ішінде С.Сейфуллинге бет түзеп, бағыт алар нысан болды.
Ақын сұлу табиғаттан қанатты шабыт алып, өлең-жырларында ғажайып табиғат бейнелерін, қайталанбас сұлу көріністерін тамаша суреттеген. Сыршыл да, сұлу табиғат жыршысы өзінің шығармаларында табиғатты көркем суреттеумен қатар, оны қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, мінез-құлқына байланысты жырлады.
Сәкен Сейфуллин адам жанының сезім-күйлерін, күйініш-сүйініштерін, жүректің ыстық, құштар толқындарын шебер де әсерлі суреттеген. Оның лирикасының басты тақырыптары – туған жерге сүйіспеншілік, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі. Табиғаттың әсем құбылысы ақынның жан-дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, қиял-ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді.
Ақиық ақын өзінің туындыларында махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. Оған мысал, «Біздің жақта», «Тау ішінде», «Жазғы түнде», «Ақша қар», «Сағындым», «Қамауда», «Күздігүні далада», «Қырда», «Далада» өлеңдері. Бұл өлеңдерде туған өлкенің сырлы табиғаты, жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдері оқырманды ерекше әсерге бөлейді.
«Біздің жақта» (1919) өлеңі – туған ел, туған жер тақырыбында жазылған эстетикалық деңгейі биік, тілі көркем өлеңдерінің бірі. Бұл өлеңде елден алыстап, оқу-білім қуып, жастай қалаға кеткен жасөспірімнің туған елді, жерді аңсаған сағынышын, ауыл-тұрмысын, табиғатын, туған жерге деген махаббатын жақсы көрсеткен. Әдемі, бейнелі тілмен өрнектелген бұл туынды оқырманды көркемдік деңгейдің биіктігінен баурап алады. Сыршыл да, ойшыл ақын табиғатты, онда мекендеген адамның көңіл-күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра, табиғатқа жан бітірте суреттейді:
«Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Каздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
А-ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс».
Ақын қазыналы өлке Сарыарқаның сұлу табиғатын, сондай-ақ, кең далада еркін өскен ерлер мен бұла бойжеткендерді де өлеңге арқау етеді. Бұдан автордың туған жерге, сол топырақта өніп-өскен ерлерге деген ыстық ықыласы мен бауырмалдығын көре аламыз.
«Жеріне біздің жақтың лайық ері.
Ел палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілі жігіттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет