«Аққудың айырылуы» поэмасындағы табиғат көріністері
«Аққудың айырылуы» поэмасы – Сәкен Сейфуллиннің таңғажайыпты поэмаларының бірі. Бұл поэмада Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі.
Арқада бір жер бар еді Жібек самал саясы Саяда бір көл бар еді Сырлы кесе аясы. Маржан құмы, күміс суы Көл еді кең айнадай. Мұнарытқан торғын буы, Көк кестелі айнала… Әдемі еді мөлдіреген Айна көлдің өрнегі. Су бетінде үлбіреген Ақ шашақтар өрнегі. Пай шымылдық, жасыл құрақ, Қалың біткен ну құрақ. Кейде аққулар жасырынады, Шымылдыққа судырап. Айна көлдің суы күміс, Жұбай аққу көркі еді. Көрсе көзің алар таныс, Екі сәулем ерке еді. Көлдің басы ертелі-кеш Мың құбылған ән еді. Екі ғашық ертегідей, Көлдің көркі — сәні еді [34]. Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Көл бетін мекендеген қызғыш, тауқұдірет, шағала, сұқсыр, қасқалдақ үйректердің қылығы мен қызығы қандай келісті десеңізші! Сөйтсе де ақын көңілі мұның бәрін олқысынады.
Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болады. Қос аққудың махаббат мейрамы басталады. Ақын бұл құбылыстыкөз алдыңызға дәл келтірердей жанды, тірі, динамикалыкартина жасайды. Сұлулық, гармония, табиғаттың тамаша жаратылысы айдын көл, оның бетіндегі шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос аққу мұнын бәрі әсерлі, образды бейнеленеді.
Аққу – мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы ретінде алынған.
Қамыс арасында тығылып тұрып, сұршамерген бір аққуды атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.
Серігінен мәңгі айырылған жалғыз аққу, сыңарының өлімі өзегін шоқтай қарып, жанын қоярға жер таппай, зар жылайды:
Сыңсып аққу суды шашып, Шырқ айналды зәлімді. Сұр мергенге төсін ашьш: «Мені де ат!» — деп жалынды. Қып-қызыл қып қолын қандай Ақ сұлудың қанына; Мерген кетті шыдай алмай, Күйіктінің зарына… Сұр мергенді шырқ айналып, Жылап аққу қалмады; Өзегі өрттей күйіп-жаньш, Қаққан қанат талмады… Біресе аққу шырқап биік, Көкке жылап зарлады; Біресе кеп жерге тиіп, Көзден жасы парлады, Біресе кеп жерді сабап, Жер бауырлап ыңқылдап; Біресе ұшып желді сабап, Назаланды сұңқылдап. Ақын талантының күштілігі соншалық, біз әңгіме кәдуілгі құс (мейлі, аққу-ақ болсын) жайында емес, екі асылзада жас — ғазиз ғашықтар жайында болып жатқандай, оқиғаның өзі көз алдымызда өтіп жатқандай, өзімізді соның жанды куәгерлеріндей сезінеміз, шын қайғырьш, тамағымыз кеберсиді.
Сыңарынан айырылған аққу ендігі өмірін мағынасыз, керексіз санайды. Сондықтан: «Мені де ат!» — деп қанша жалынса да, мұны да өлтіруге жүрегі дауаламаған Сұр мергеннің алдына көктен құлап, жан тапсырады.
Төмен ағып қадалды да, Найзадай боп шаншыльш, Сұр мергеннің қақ алдына Жығылды аққу шаншылып! Күйікті жар құлап өлді, Ақ төсінен қан ақты; Жұбайына: «Ырза бол!» — деп, Бір-ақ серіпті қанатты. Өлімді де шіркін ғашық