Сүйгенімен бір көрді;
Жан күйігін мәңгі басьш,
Жұбайымен бірге өлді!
Ақын да шат сезім, ыстық шабытпен үздіге жырлайды. Махаббат лирикасының сирек ұшырасатын інжу-маржандай үздік шумақтарын тудырады.
Табиғат әлеміндегі жарастық: күміс айдын, оның жиегіндегі судырлаған торғын шымылдық, су бетінде сүйісіп, ләззатқа бөленген кербез, сұлу аққулар — бәрі-бәрі қандай әсерлі бейнеленген.
Дүниедегі сұлулықты Сәкен ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай.
Саяда бір көл бар еді,
Сырлы кесе аясы.
Маржан құмы, күміс суы
Көл еді кең айнадай.
Қалың топ-топ, алшық-сирек
Жасыл қамыс дестесі.
Бейне қолмен салған ирек
Көлдің жасыл кестесі.
Әдемі еді мөлдіреген
Айна көлдің көрнегі.
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар өрнегі.
Пай шымылдық, жасыл құрақ
Қалың біткен ту құрақ.
Айна көлді мекен еткен,
Бір-екі ақку бар еді.
Төсімді ашып жібек желге,
Рахатына батушы ем.
Көлді қорып, байғұс қызғыш
Қыңқылдайды жағалап.
Сорлы жыршы жалықпайды,
Көл сағасын барлайды.
Қоңыр күйін қаз күйлейді;
Сұқсыр менен қасқалдақ.
Жақындағы көк қамыстан
Шыққан аққу жырлады.
Жалғыз аққу жырақтағы
Әнге салды "келем" деп.
Сыңар аққу құрақтағы
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
Күміс суды жұмсақ сызып,
Екі сұлу сыланды;
Сылдырлатып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Ақ шашақты талдап түтіп,
Шашты мөлдір айнаға.
Екі маңғаз ғашық жұбай,
Шын сүйіскен жар еді;
Кім бүйтті екен көлді жарып?
Суық жүрек шіркін-ай!
Айна көлге жылап ақты
Әппақ төстен қызыл қан;
"Хош, жаным! " деп қанат қақты
Үзілді тез шыбын жан.
Көздегенін атып жығып,
Сұрша мерген кенелді;
Аққу білді батыр мерген
Енді мұны атпасын;
Сорлы ғашық бел байлады
Жұбайынан қалмасқа;
Сәкен Сейфуллин табиғаттың ғажап суреттерінің бірі, көл бетін айнаға теңеп сұлу жеткізген:
Теңеу:
Маржан құмы, күміс суы
Көл еді кең айнадай.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі — сәні еді.
Ертегідей еркелескен,
Тағы неге зар еді?
Айна көлді оқпен қарып,
Соққандай ғып көктен жай!
Уыздай ақ төстен өтіп,
Көлді сызып оқ кетті.
Төмен ағып қадалды да,
Найзадай боп шаншылып.
Сондай-ақ, ақын поэмасындағы қайталаулар:
Сөз қайталау (басқы қайталау немесе анафора):
Бір шоқ қамыс жиекте өскен
Бір мезгілде қалт етті.
Аһ!. деді де көл селк етті,
Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!».
Дыбыс қайталау:
Ассонанс:
Аһ!. деді де көл селк етті,
Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!».
Аққу жатты төсін басып,
Ағып қаны, дірілдеп.
Айна көлге жылап ақты
Аппақ төстен қызыл қан.
Еш күнәсыз шашақ терген
Екі ғашықты айырды!
Аллитерация:
Саяда бір көл бар еді,
Сырлы кесе аясы.
Су түбінен маржан теріп,
Сүңгіп терең бойлайды.
Және бірі шыға келді
Жақындағы қамыстан.
Көлбеңдеді о да жасып,
Кетер ғашық қия алмай.
Қимаса да бірін-бірі,
Қайта-қайта қайрылып.
Бір шоқ қамыс жиекте өскен
Бір мезгілде қалт етті.
Мөлдіреген көздің жасын
Моншақтатты, тыймады.
Жан күйігін мәңгі басып,
Жұбайымен бірге өлді!
«Аққудың айырылуы» поэмасы адал махаббатты мадақтайды, өмірдің мәні мен сәні шынайы сүйіспеншілікте екеніне нандырады. Сонымен қатар, ақын өмірдегі де, табиғаттағы да ұлы жарасымды, гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді.
«Аққудың айырылуы» – ақын жүрегі. Сұлулықтың суреті, достықтың сипаты. Кіршіксіз жанның пәк тұлғасы. Мұның бәрі – өмірдегі көркемдік. Бұл – көркемдік жыры.
ҚОРЫТЫНДЫ
Н. Ә. Назарбаев: «Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды әндер шығарған талантты композитор -, деген екен.
Сәкен Сейфуллин адам жанының сезім-күйлерін, күйініш-сүйініштерін, жүректің ыстық, құштар толқындарын шебер де әсерлі суреттеген. Оның лирикасының басты тақырыптары – туған жерге сүйіспеншілік, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі. Табиғаттың әсем құбылысы ақынның жан-дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, қиял-ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді.
Мен өз дипломдық жұмысымда Сәкен Сейфуллин шығармаларындағы табиғат суреттерін көрсеттім. Табиғат суреті – мәңгі өлмес тақырып, өйткені адам табиғатпен біте қайнасқан, бірге өмір сүреді.
Ақиық ақын өзінің туындыларында махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. Оған мысал, «Біздің жақта», «Тау ішінде», «Жазғы түнде», «Ақша қар», «Сағындым», «Қамауда», «Күздігүні далада», «Қырда», «Далада» өлеңдері. Бұл өлеңдерде туған өлкенің сырлы табиғаты, жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдері оқырманды ерекше әсерге бөлейді.
Сондай-ақ, «Аққудың айырылуы» мен «Көкшетау» поэмалары – жыр биігі. Сұлулықтың идеалы. Көл – жер көркі. Аққу – көл көркі. Махаббат – өмір көркі. Ақынның шығармаларынан адам мен табиғаттың үлкен байланысын сездім. Сәкен Сейфуллин жазған Көкшетау поэмасының тәрбиелік мәні өте зор. Еліміздің өткен тарихы туған елдің әр тасына жазылғандай. Бұл нағыз табиғат лирикасы. Ақынның сұлулықты сезінуі және соны көзге анық елестейтін құбыла кұлпырған жанды суретке айналдыру шеберлігіне тәнті боламыз. Ол қандай оқиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Шынында да «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің қолы жеткен ең басты табысы — табиғаттың сұлу көркін ерекше ақындық шабытпен әсерлі суреттеуінде.
Айта берсек, барынша қамтылып, бірақ сыйдыра алмаған тағы-тағылар өте көп. Сәкен ақынның жырда тудырған жаңалығын, көркемдік ерекшеліктерін, образ жасауда шебер қолдана білген айшықтаудың, троп пен фигураның түрлерін тамаша қолдандық. Уақыттың шаңына шалдығып, тозаңына алдырмайтын Сәкеннің ұлы мұрасын қаз-қалпында келешек ұрпаққа жеткізу – біздің міндетті парызымыз. Оның есімі, оның шығармашылық мұрасы, ақынның жаңа әдебиет үшін жүргізген күресі, арман-мүддесі бізді жаңа табыстарға бастайды, жігерлендіреді.
Орыс жазушысы Галина Серебрякова Сәкен ақын туралы былай деген: «Мен Сәкенді жақын білдім, дос тұттым, бұны өзіме мәртебе көремін... Алатаудай сымбатты заңғар тауды мен жер жаһанда көрген емеспін! Қазақстан – байтақ өлке, құнарлы жер, мыңғырған мал да сонда, қазыналы кен де, тасқындаған өзендер мен сұлу таулар да осында. Ең бастысы, онда табиғат артықша етіп жаратқан талапкер жұрт бар, мен таныған С.Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты».
Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар, әсіресе поэма-дастандар қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан үлкен еңбегі еді. Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді. Өмірінде бұралаң жолы көп болған, бірақ ақындығымен жарқырай көрінген азаматтық тұлғасы, бізге айтқан ой-пікірі, таным-бірлігі мен көзқарасы кейбір кезеңде қарама-қарсы болғанымен шын дарынның тарихтағы ерекше орнын, халқым деп көп көңіл бөліп кеткен жүрегін біз ұмытпаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |