1. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық-педогогикалық ерекшеліктері 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Қабылдауды дамыту - жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетілш келсе де (оларда көру меп есіту қабілеті жоғары екені байқалады, олар түрлі формалар мен түстерді жақсы
бағдарлайды), олардың оқу ісіндегі кабылдауы формалар мен түстерді тану
және атауға келіп тіреледі. Бірінші класс оқушылары өздері кабылдайтын
заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі талдау жасай алмайды. Бұл
жағдай арнайы жасалған тәжірибелерден айқын көрінді. Мәселен, бірінші
класс оқушылары қарап отырып салу үшін түрлі түсті құмыра алды. Балалар
оны тез қарап шығып, атын атады, содан соң оның өзіне онша көңіл
аудармай, бірден оның суретін салуға ұмтылды. Олардың салған
суреттерінде құмыралардың көлемі де, формасы да әр түрлі болып шықты,
тшті бір - бірінен едәуір айырмашылығы да болды, өйткені балалар
форманың өзіне талдау жасамаған еді. Құмыраның түсін беру мәліметтері де
ұқсас болды. Бірінші класс оқушылары бұл түсті танып, атап та берді, бірақ
оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмады. Саралап қабылдаудағы
кемшіліктер басқа тәжірибелерден де байқалды. Баланың қабылдаған
заттарын талдау саралау мүмкіндіктері онда заттардың жекелеген тікелей
қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің қалыптасуымен байланысты.
Бақылау деп аталатын бұл қызмет түрі мектептегі оқу ііроцесі кезінде ерекше жедел калыптасауіы. Сабақтардың үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдың қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін (олардың касиеттерін анықтау тәртібін, қол мен көздің қимыл бағыттарын және тағы басқа), бекітілген қасиеттерді жазу құралдарын (сурет, схема, сөз) балаларға үнемі көрсетіп отырады. Одан кейін бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын көмекшілерінен ажырата, қабылдаған белгілерінің иерархиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып, және тағы басқа бұл жұмысты түрлі ойлауға сәйкес алдып ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау танымдық іс-әрекетінің басқа түрлерімен (зейінмен, ойлаумен) біріге отырып, мақсатка бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады. Жеткілікті дәрежеде дамыған бақылауда жеке адамның ерекше касиеті ретіндегі баланың байқағыштыгы туралы сөз көзғауға болады. Бастапқы оқытуда барлық бастауыш класс оқушыларынын осы манызды касиеғін біркатар дамытуға болатынын зерттеулер көрсетш отыр.
Зейінді дамыту, яғни мектепке келген балалардың әлі мақсатка бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нореелерге аударады (ырықсыз зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде оны қызыктырмауы да мүмкін пәндері және мәліметтерді назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап, оны дәйскті ұстауды үйренеді. 2-3 кластарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кез - келген материалға көздей алады. Ырықты зейін, оны қандай да бір міндетке алдың ала ойластырып бағыттай білу - бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік.
Бірінші класс оқушыларынын ырықты зейіні олар әлі өздерін өздері алып жүрудің ішкі құралдарын игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан тәжірибелі мұғалім оқу ісінің сабақта бірін - бірі ауыстырып отыратын және балаларды шаршатпайтын ор алуан түрлерін (түрлі тәсілдермен ауызша есептеу, есептер шығару және нәтижелерді тексеру, жазбаша есептердің жаңа тәсілдерін түсіндіру, оларды орындап жаттығу және тағы басқа) қолданып отырады. 1- 2 класс оқушыларының ақыл - ой әрекетінен гөрі сыртқы іс-әрекеттерді орындауда зейіні неғұрлым тұрақты. Бұл ерекшелікті ақыл - ой сабақтарын графикалық схемалар, суреттер, макеттер, жасаумен алмастыра отырып сабақтарда пайдалану абзал. Қарапайым, бірак біркелкі сабақтарды орындауда бастауыш класс оқушылары жұмыстың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануды талап ететін неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешу кезіндегіден көрі көбірек алаңдайды.
Зейінді дамыту, сондай - ақ оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс -орекеттің алуан түріне боле білумен байланысты. Сондықтан оқу тапсырмаларыи былайша қойған дұрыс бала өз тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының қадағалауы керек және қадағалай алатындай етш, мысалы, берілген текстін оқи отырып, оқушы басқа оқушылардың мінез құлқын тексерін отыруға міндетті. Қате жіберш алған жағдайда ол жолдастарының теріс әсерін байқап, оны өзі түзетуге тырысады.
Кейбір балалар сыныпта зейінін бөле алмайтындықтан «алаңғасыр» болады: олар бір ісиен айналысып отырып, басқаларын естен шығарады. Мұғалім оқу ісінің әр түрін балалар бір мезгілде бірнеше іс-әрекетті бақылауды үйренетіндей (алғашында, әрине, біршама қарапайым), жалпы, жаңама жұмысқа даярланатындай етш ұйымдастыруы керек.
Есте сақтауды дамыту, яғни мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан - ақ балалардан материалды еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін, мінез - құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез -құлқына басшылықка ала білуі немесе оларды сабақта еске түсіре білуі керек. Балалар ең мнемикалық міндеттерді ажырата алатын болады. Олардың біреуі материалды дәлме - дәл есте сақтауды, 2 - шісі оны тек өз сезімін айтып шығуды қарастырады және тағы басқа.
Бастауыш класс оқушыларының ссте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын түсінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиіеті әдіс -тәсілдерін меңгеруіне байланысты.
Кең не тар жоспар жасау жөніндегі жұмыс балалар оқи және жаза алатып 1 сыныптың 2-3 кластарда бұл жұмыстар математикалық және грамматикалық текстердің көлемі жөнінен мол материалмен жалғастырылады (мысалы, үшінші класс оқушылары текстері шарттардың күрделі жүйесіне негізделген математикалық есептер шығарудың кең жоспарларын жасайды). Енді оқушылардан тек қана мағыналық бірліктерді бәлш көресту емес, материалдарды қисынды етш топтау - оның негізгі бөліктерін бірлестіру және жікке болу, қандайда бір жекелеген мәліметтерден таблица құрастыру және таіъі басқа талап етіледі. Мұндай топтастыру текстің бір элементтерінен екіншісіне еркін өтумен және оларды салыстыра білумен байланысты. Топтастыру нәтижелерін жазбаша жоспар түрінде белгілеп отырған дұрыс, ол материалды ұғынудың келесі кезеңдеріне материалдық негіз болғаны сияқты, олардың бөліктерін матастыру ерекшеліктеріне де негіз болады. Алғашында жазбаша жоспарға, ал одан кейін ол туралы түсініктеріне сүйене отырып, оқушылар әр түрлі текстердің мазмұнын дұрыс еске түсіре алады.
Еріксіз және ерікті ссте сақтаудың ара - қатынасы оқу іс - әрекеті ішіндегі даму процесінде түрліше. 1 класта еріксіз есте сақтау тиімділігі еркін есте сақтауға қарағанда жоғары болады, өйткені балалардың материалды түсінік талдауымен өзін-өзі бақылауының ерекше тәсілдері әлі қалыптаспаған. Оның үстіне есептердің көпшілігі шешу үстінде оқушылар өздеріне әзірше дағдылы және оңай емес, кеңінен ойлау қызметін орындайды. Сондықтан білімнің әрбір элементі ерекше ұқыптылықпен ойластырылады (бөлшек сан арқылы есептеуге көшудің басында іс-әрекеттің әрбір кезеңі қандай ықыласпен және мұқияттылықпен жүргізілетіні белгілі). Психологияда мынадай заңдылық калыптасқан: ойлау жұмысының заты мен мақсаты болып табылатын заттар есте жақсы сақталады. Мұндай жағдайда барлық басымдылық еріксіз есте сақтау жағында болатыны айқын.
Түсініп есте сақтау және өзіне - өзі тексеру тәсілдерінің қалыптасуына қарай екінші және үшінші класс оқушыларыпың ерікті есте сақтауы, еріксіз есте сақтауға қарағанда, көп жағдайда жемісті болады (оның үстіне математикалық және грамматикалық амалдарды орындаудың көптеген тәсілдері бұл уақытта балаларға үйреншікті және дағдылы бола бастайды). Еріксіз есте сақтаудың нәтижелері биік тұрады, өйткені материалдың негізгі бөлшектерін талдау, топтастыру және салыстыру процестерінде оқушылар іс - әрекеттің тікелей заттары болды. Бастауыш оқытуда логикалық әдістерге сүйенетін ерікеіз есте сақтаудың мүмкіндіктері жан - жакты пайдаланылуы тиіс. Оқыту проңесінде есте сақтауды жетілдіретін негізгі резервтің бірі осында.
Есте сақтаудың екі формасы да ерікті және ерікеіз - кіші мектеп шағында сапалық өзгерістерге ұшырайды, соның арқасында олардың тығыз байланысы мен бір - біріне етене ұштасуы орнығады. Есте сақтау формаларының әрқайсысын балалар тиісті жағдайларда қолданғаны жөн (мысалы, қандай да бір тиісті жатқа оқығанда кобінесе ерікті есте сақтау пайдаланылады).
1 - ден 3 класқа қарай оқушылардың көрнекі мәліметтерді есте сақтау тиімділігіне қарағанда сөзбен айту мәліметтерін есте сақтауынын тиімділігі тезірек өседі, бұл балаларды түсінш есте сақтау әдістерінің тез калыптасуымен түсімдіріледі. Бұл тәсілдер пегізінен сөз құрылымы көмегімен бекітілегін елеулі қатынастарды талдаумен байланысты. Сонымен қатар оқыту процестері үшін көрнекі үлгілерді есте ұстау маңызды. Сондықтан ерікті және еріксіз есте сақтау әдістерін оқу материалының екі түріне - сөз жүзіндегі және көрнекі - лайық қалыптастыру керек.
Қиялды дамыту - бұл жүйелі оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды психологиялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының мұғалімнен еститін және кітаптан оқитын мәліметтерінің копшілігі картиналар мен схемаларды сөзбен бейнелеу түрінде болады. Оқушылар болмыс бейнелерін әрдайым есте жаңғыртып отыруы тиіс (әңгіме кейшкерлерінің мінез құлқын, өткен оқиғаларды, ландшафтарды, кеңістікте, геометриялық фигуралар қоюды және тағы басқа).
1 класс оқушылары көбінесе қандай да бір өтш жатқан объектінің бастапқы және ақырғы жайын ғана елестетеді. 3 класс оқушылары объектінің көптеген аралық жағдайларды тура тексті көрсетілгені сияқты да және сол іс - әрекеттің сипатына қарай жобалап та нәтижслі елестете және айтып бере алады. Балалар болмыс бейнелерін оларды тікелей сипаттамай - ак немесе ерекше нақтыламай - ақ немесе жалпы схема - графикті басшылыққа алып отырып жанғырта алады. Мысалы оқушылар сабақтың басында тыңдаған әңгімелері бойынша үлкен шығарма жаза немесе шартты обстрактылы графикалық схема түрінде берілген математикалық есепті шеше алады.
Бастауыш мектеп шагында қайта жасау киялы (өнімсіз) мектептегі барлық сабақтарды, біріншіден, объектілерді жобалау жағдайында сипаттауда тура көреетілмеген, бірақ солардан заңды түрде туындайтын анықтай және бейнелей білуді, екіншіден, кейбір объектілердін, олардың қасиеттері мен күйлерінін шарттылыгын түсіне білуді (мысалы, берілген оқиға шын мәнінде болған жоқ, бірақ оны шартты түрде "егер осылай..." қиялдауға болады, онда оның салдарында солайша шартты түрде анықтау керек) қалыптастыру жолымен дамиды.
Енді қайта жасау қиялы болмыс бейнелерін қайта жасап шығарады. Бейнлерді былайша өзгерту және құбылту жүйелі оқу әрекеті негізінде 3 класта бастауыш мектеп оқушысының ойлау сипаты өзгереді. Ойлаудың дамуының екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты. 1,2 кластарда ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердін жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды.
Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көретеуді талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді. 3 класта оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік - түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игереді (мысалы, стол - зат есім). Балалар мұғалімнің алдыңда белгілі бір топтастыруды қалай игергендігі жайлы кең пікірлесу формасында есеп берш отырады.
Белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерліғі бастауыш мектеп оқушыларының ақыл - ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады, ол қабылдаудан біртіндеп болшеді де оқу материалымен жұмыс істеудің өз алдыңа бөлек, өзінің ерекше әдістерімен тәсілдерін жинақтай бастаған процесі болады.
Екінші кезеңнің аяғына қарай оқушылардың көпшілігі бұрынырақ жииакталған ұғымдары шеңберінде оларды ойша талдау мен құрастыру арқылы қорытынды жасайды. Мұғалімнің кең құлашты түсіндіруі және оқулықтардың әңгіме - мақалалары пән материалының тікелей көмегінсіз-ақ ұғымдарды меңгеруге көптеген жағдайларда жеткілікті болады. Көрнекі сәттері аз және обьектілер көпті азды байланыстары бойынша сипатталатын пайымдаулар саны өседі.