Дипломдық жұмыс Специальность 6В03103 «Психология»


Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын есеп шығаруда барысында дамыту



бет8/10
Дата17.04.2023
өлшемі86,76 Kb.
#83505
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын есеп шығаруда барысында дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда I-II сынып оқушыларында ойлау әрекеті көбінесе әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын бұл түрде талдау көрнекі әсер ету жоспары басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді. Ал екінші сатысынды ойлауда дамытудың осы өзгерістерімен байланысты І-ІІ сыныпта мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтер арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше тапсырмалар көлемі ұлғая түседі, онда байланыстар немесе ұғымдар арасындағы болатын қатынасты көрсету талап етіледі.
Сондықтан оқу материалдарын олардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады, яғни мұғалім балаларды ойланып оқуға бағыттауы керек, бұған сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Демек оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін оларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастырған дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар есептер, яғни ойын есептер, ертегі есептер жатады. Сондай-ақ берілген есепті шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше тәсілмен шығару, өз бетінше есептер құрастыру және т.б. жұмыстарды жатқызуға болады.
Бастауыш мектепте есептер шығару математиканы оқытудың мақсаты, әрі оқыту әдісі ретінде рол атқарады. Ал есеп шығаруға оқушыларды дағдыландыру математиканы оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ол арқылы оқушылардың математикалық ұғымдары туралы түсініктері қалыптасып, бөлісе түседі, математикалық ойлауы дамиды, білімдерін практикада қолдануға үйренеді, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттері дамиды, шығармашылық қабілеті артады.
Шынында, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда математика сабақтарындағы есептердің орны ерекше, өйткені ол бойынша орындалатын әрбір жұмыс ой белсенділігін қажет етеді. Ал ол есептерді әр түрлі тәсілмен шешу- оқушылардың ойлау белсенділігінің арта түсуіне талап қояды, олардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.
Бұл жұмыстарды практикада жүзеге асыру үшін оқушыларға берілген кесте сызба арқылы есептер құрастыруға болады.
Алғашқы кездерде мұндай тапсырмаларды тек әзірлігі жақсы оқушылар ғана орындай алады. Бірақ, біртіндеп әрбір сабақ сайын осындай тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар өз бетінше есептер құрастырып, оларды әр түрлі тәсілмен шешу жолдарын табады. Мұндай жұмыстар есептердің құрылысы мен шешуінің ерекшеліктерін терең түсінуімен қатар оқушылардың шығармашылықпен ойлауға, идеяларының дамуына, сана сезімдерінің артуына, сабақтың өмірмен байланысын нығайта түсуге көмектеседі.
Бастауыш сыныпта тексті есептерді шығаруда оқушылардың ойлау әрекетін дамыту арқылы логикалық дұрыс тұжырымдар жасауға үйрету мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары өте орынды. Ол үшін есепті талдаудың мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:
1. Есептің мәтінін оқып талдау. Оның мақсаты - есепте баяндалған жағдайлармен танысу және оны терең ұғыну, олардың арасындағы байланыстарын анықтау.
2. Есеп мәтінін математикалық тілге көшіру. Бұл кезеңде есептің объектілері үшін шартты белгілері алынып, олардың арасындағы байланыстарға математикалық, сызба түрінде беру, шешу моделін құру.
3. Модельмен жұмыс істеу. Егер жай есеп болса құрылған модельмен есепті шығаруға болады, онда үшінші кезеңнің қажеттілігі болмайды. Ал құрама есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады. Талдау барысында құрылған модель талданады және жетпейтін немесе артық элементтер анықталады, модель жетілдіріледі немесе қайта құрылады, осының нәтижесінде есеп шығару жоспары жасалады.
Оқушылардың талдау іскерлігін меңгеру үшін мына тәсілдерді ұсынуға болады:

  1. Есептегі нақты мысалдарды оның моделімен ауыстыру.

2) Есептің объектілерінің арасындағы байланыстарды таңбалар арқылы бейнелеу.
3) Дайын сызба модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру.
4) Сызба модель бойынша есепті құру.
Бастауыш сынып оқушыларын текстілі есептер шығаруға үйрету мен оларды талдай білу іскерліктерін меңгеруі, олардың логикалық ой өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың логикалықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мнектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, логикалық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр.
Математика пәнінің қарастыратын объектісінің табиғат заңдарымен, байланысты болуы, оқушылардың логикалық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін туғызып, олардың жоғары деңгейдегі іс-әрекеттерін қажететеді. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің логикалық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді шығарудың мәні зор.
Математикалық есептердің мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындықдәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын – есепті шығарушы оқушының іс-әркетінің сипатын ескермейді. Барлық математикалық есептер есепті шығарушы оқушы іс-әрекетінің сипатына қарай логикалық және жаттығу есептері болып бөлінеді.
Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі өте маңызды.
Ал, логикалық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше логикалық сипатымен ерекшеленеді. Логикалық есептер оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.
Оқушының логикалық есепті шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның нәтижелерін алудағы сұранысы оның логикалық іс-әрекет талпынысынтуғызады. Математикалық есептерді шығаруда қарапайым есептерден айырмашылығы – оқушының есепті шығарудағы іс-әрекеттің тек сыртқы талаптармен ған шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда. Оқушының тек есепті шығаруда бағытталған іс-әрекетілогикалық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы керек
Логикалық есептерді шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың логикалық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, детуктивті ойлау, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудыңөн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Мектеп курсында логика жеке пән ретінде өтілмейді. Лргикалық блім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.
Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, дәлелдеме, пайымдау, жіктеп-саралау сияқты т.б. логикалық амалдарын әрбір оқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады. Оқушы анықтамаларды жаттап, теоремаларды дәлелдей отырып, дәлелдеу мен бекерлеудің мәні, түрлері және оларды қалай дұрыс қолдану туралы әдетте біле бермейді.
Негізгі логикалық терминдер болып табылатын «және», «немесе», «егер, болса, онда...», «есем», «сонда», «тек сонда ғана» т.б. арқылы құрастырылған сөйлемдердің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстарды мақсатты жүргізбейінше мектеп оқушыларының математикалық тілін жетілдіруге болмайтындығын айта келіп, Дж Икрамов «теориялық материалдарды игеруде ғана емес. әр түрлі жаттығудар орындау барысында да негізгі логикалық терминдерді мектеп оқушыларының саналы түрде қолдана біду дағдыларының қалыптасуы, олардың өз ойларын дәл айтуы күнделікті қолдану тіліміздегі кездесетін көп мағыналық пен түсініксіздерді болдырмауға мүмкіндік береді» деп көрсетеді.
Теориялық және эксперименттік зерттеулер, оқушылардың логикалық білімін дамытудағы ескерілмей қалатын ерекшеліктерінің бірі-5-6 сыныптардағы оқушылардың логикалық мәдениеттілігін тәрбиелеудегі сабақтастықтың жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр.
Оқыту практикасы көрсетіп отырғандай, логикалық білім беруді бастауыш сыныптан бастау қажет. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуды, логикалық байланыстардың мағынасын түсіндіруге бастауыш сынып математикасында мүмкіншіліктер өте көп. Оқушыларға сандар мен есептеулерге байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне баса назар аудару тиіс.
Логикалық есептеулер кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бернешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарымпаз болуын талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Арнайы формула қолдануға келмейтін әрқаймымына өзінше талдау жасауды қажетсінетін есептерді логикалық есептер дейміз.
Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ, қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық, логикалық есептер астарласып кеоуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақиалып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық құлшынысын арттыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Логикалық есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай – ақ логикалық есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет.
Логикалық есептерді шығару оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндіке\ туғызады. Ой қызметінің баспалдақтай дамуы оқушының іс-әрекет белсенділігінің танымдық және мотивациялық факторларынының өзара бірлігін береді.
Білім беру жүйесінің қазіргі басты міндеттерінің бірі – оқушылардың логикалық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады.
Жалпы логикалық деп – күнделікті емес, кез-келген жағдайларда шешімін таба білу, жаңаны ашуға ұмтылу деуге болады. Болмаса, логикалық деп – интеллектуалдық іс-әрекеттер арқылы обьективті немесе субьективті жаңа нәрсе жасау процесі . олай болса логикалық тапсырмалар – оқушының өз бетінше жасайтын, белсенділігінің дамуына ықпал ететін жұмыстар. Өз ізденісінің және логикалық жұмысының жемісін сезінген оқушы оқуға деген ынтасы артып, мұғалімнің еңбегін бағалай біледі. Әрине, мәселеге ден қоймай, бір мәселеге ойланып толғанбай логикалық нәтижеге жету мүмкін емес. Сондықтан да оған оқушыларды тәрбиелеу қажет.
Логикалық тарсырмалар оқушылардың танымдық және эстетикалық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға септігін тигізеді. Ал логикалық қабілет пен, оқушының өз бетінше жұмыс істей алуы бірден қалыптаспайтыны белгілі. Бұл мәселеге әрдайым мұғалімнің назарында болуы тиіс. Мектеп курсындағы әрбір пән оқушылардың логикалық дағдыларының қалыптасуы мен өз бетінше жұмыс істеуге үйретуіне үлес қоса алады. Әсіресе математика пәнінің мүмкіндігі мол.
Логикалық тапсырмаларды орындау кейде сабақтың бір ғана бөлігін қамтуы мүмкін. Оқушылардың зерттеушілік қызметі басқа қызметтерден үйлесіп кетеді. Ал кейбір жағдайларда зерттеу жұмысы бірнеше сабақ бойы өткізілуі мүмкін.
Оқушыларды зерттеушілікке тартатын сабақтар бірқатар белгілермен сипатталады. Ол проблемалық жағдайлар жасау, оқушылардың ғылыми-зерттеу әдістерін (теориялық талдау, эксперимент) қолдануы, жаңа білім алуда немесе өтілген материалды қайталауда оқушының өз бетінше жұмыс істеуі. Алайда қарастырылып отырған мәселенің сипаттылық ерекшеліктеріне қарай сабақ құрылымында елеулі өзгешеліктер де пайда болады. Әдетте, теориялық сұрақтарды зерттеу бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін, ал кейбірі бір сабақтың өзінде-ақ аяқталады.
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтауға жәнезерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады. Слнан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытынды тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасайды. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім көбірек жанамалай басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі мен сабаққа деген ынтасы арта түседі. Ал ол өз кезегінде оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.
Оқушылардың зерттеушілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейтін кейбір сабақтардың құрылымын қарастырайық.
Мысал ретінде теориялық мәселені зерттеуге арналған сабақтың құрылымын алайық. Сабақтың тақырыбы «Кейбір сандарға бөлінгіштік белгілері». Сабақтың мақсаты оқушыларға натурал сандардың 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінетін бөлінбейтінін алдын-ала бөлу амалын орындамай-ақ анықтауға болатындығын көрсету; 2,3,5 және 9 сандарына бөлінгіштік белгілерін енгізу; оқушылардың ой қорыта білу біліктерін қалыптастыру жұмысын жалғастыру.
Сабақтың бастапқы бөлігінде оқушыларға өз бетінше шығару үшін есептер ұсынамыз.
1-есеп. 874, 325, 283, 675, 837, 578, 274, 485 сандарын бөлу арқылы қайсысы 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінетіндігін анықта.
2-есеп. 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінетін сандарды жеке-жеке топтастыр.
Есепті шығару үшін оқушылар әр санды жеке 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөліп көреді, сонан соң ол сандарды 2, 3, 5 немесе 9-ға бөлінетіндігіне қарай топтастырады. Мұндай жұмыстарды орындауда жұмыс оқушылардың зерттеу жүргізуге қажетті білімдерінің маңызды екендігін көреді.
Бірінші тапсырма нәтижелерін талқылаудан соң, екінші тапсырманың орындалуын қадағалаймыз. Мұндағы жүргізілген топтастырулардан соң оқушылар 874, 578, 274 сандарының 2-ге бөлінетіндігін көреді. Осы тұста оқушылар зерттеулерден алныған мәліметтерді тек қана жазып алушы ғана емес, оларға тән ерекшеліктерді, заңдылықтарды және себебін анықтап, түсініәк беру қажеттілігін атап өту керек.
Оқушылармен әңгімелесе отырып, кейбір сандардың бөлінгіштік белгілерін анықтауға алып келетін нақты сұрақтарды тұжырымдаймыз. Мысалы, оқукшылардың берілген сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жазуға бола ма? Көбейтінділердің және қосындылардың бөлінгіштігін пайдаланып қандай заңдылықтардың бар екендігін анықтауға болады? т.с.с. Мұндай сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы ретінде жазып, бөлінгіштік жөніндегі өтілген ережелерді пайдаланады.
Онан соң оқушылар жалпы қорытынды жасай бастайды. Мәселен, көбейтінідінің бөлінгіштігі жөнінідегі ереже бойынша бірінші қосылғыш 2-ге бөлініп тұр 874=87х10+4. Мұндағы 10 саны 2-ге бөлінеді. Олай болса қосындының бөлінгіштігі туралы ереже бойынша бұл қосындының 2-ге бөліну – бөлінбеуі екінші қосылғышқа байланысты.
Келесі кезекте оқушылар теориялық талдау жасау арқылы екінші қосылғыш – санның бірліктері яғни, санның соңғы цифры екендігін анықтайды. Бұдан санның соңғы цифры 2-ге бөлінсе немесе 0-мен аяқталса, сан да 2-ге бөлінетіндігін берілген есептерден көреді де, басқа да кез-келген сан үшін бұл тұжырымның орындалатынын не орындалмайтындығын тексере бастайды. Ал, 3,5 және 9 сандары үшін өз ерекшеліктерін ескеру қажет. Осындай теориялық талдаулар мен практикалық мазмұнды есептерді шығарып, тексеруден соң, оқушылар бүкіл зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, қорытынды тұжырымдайды.
Енді зерттеушілік есептердің құрыдымын қарастырайық. Ұсынылып отырған зерттеушілік есептер жүйесінің әдістемелік ерекшелігі: оның екі топқа бөлінуінде. Бірінші топтағы есептер орындалатын іс-әрекеттердің «үлгісі» болып есептеледі, олар ақыл-ой әрекеттерімен таныстыруға бағытталған. Бұл топ есептерін шығарудағы алға қойылған мақсат оқушыларды зерттеушілік қызметінің элементтерін игеру деңгейіне жеткізу емес, оқушыларға қарастырылып отырған іс-әрекеттерді және олардың орындалу механизмін ұғындыру.
Екінші топтағы есептердің мақсаты оқушылардың есеп шығару қызметі барысында, қандай да бір іс-әрекеттерді таңдай білу мен қолдана алуға және осы іс-әрекеттерді саналы түрде игеруін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл топтағы есептердің бірыңғайлылығын ескере отырып, екінші топтағы есептерді шығаруға тікелей байланысты екендігін атап өту қажет. Бұл екі топтағы есептердің бар болуы, зерттеушілік қызмет элементтерін терең игеретіндей етіп қалыптастыруға бағытталған зерттеушілік есептер жүйесіне қойылған талаптардың негізгісі болуы тиіс.
Бірінші топтағы есептер дара есептерге бөлінеді де бастапқы есептің шешімін береді. Мұндағы дара есептердің саны бастапқы есептің мазмұнымен және есепті шығарып отырған оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Осының барлығын бастапқы есепті дара есептерге бөлу іс-әрекеті біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Сонымен, оқушылардың қызметі былайша өтеді. Белгілі тақырыпты өту кезіндек оқушылар, негізгі фактілер және ұғымдармен танысып, бірінші топтың есептерін шығарады. Нәтижесінде берілген есепті дара есептерге бөлу іс-әрекетінің түрлі жақтарымен және сырттай құрылымы түрлі жүйелердің құрылымдық ұқсастығын анықтаумен қатар олардың негізінде жатқан ойлау операциялармен танысады. Бұл қарастырылып отырған ерекшеліктердің механизмін олардың логикасын, динамикасын және операциялық құрамын игеруде мүмкіндік береді.
Онан соң оқушылар екінші топтың есептерін шығаруға кіріседі. Мұнда олар жоғарыдағы айтылған ерекшеліктерді қолданады, есепті шығаруға қажетті әрекеттерді ойша таңдау операцияларын жүзеге асырады..
Енді әрбір есептердің сипаттарын қарастырайық. Бірінші топ есептері, жоғарыда атап өткеніміздей, дара есептерге бөлінеді. Бұл қарастырып отырған әрекеттердің операциялық құрылымының негізінде жүргізіледі. Дара есептер мынадай типтегі тапсырмалардан тұрады: есептегі қай ұғымдар негізгі, қайсылары құрамды? Олардың ішіндегі қайсылары маңызды?, маңызды элементтердің ішіндегі байланысты бөліп көрсет, сендердің ойларыңша қайсылары маңызды? Келтірілген дара есептердің ішінде қандай байланыстар бар?, берілген дара есептер толық бола ала ма?, қай дара есептер құрамы жағынан ұқсас?, ол ұқсастық неде? Берілген дара есептердің құрамындағы айырмашылықтар неде? Осы есеппен құрамы жағынан ұқсас есепті білесіңдер ме?, берілген есепті қайта тұжырымдауға бола ма?, берілген есепті жалпылаңдар; оның дербес жағдайларын қарастырыңдар.
Бұл топтағы есептерді шешудің нәтижесінде оқушылар тұжырымдалған ой қызметін ұғыну және игеру деңгейіне жетеді.
Ьірінші топтың есебіне мысал ретінде «Аудандардың жаңа бірліктері» тақырыбынан мынадай есепті қарастырайық: 3-есеп «Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің ұзындығы 1400м, ал ені одан 2 есе қысқа. Учаскенің ауданын гектар есебімен шығар».
Бұл есепті шығару үшін қойылатын сұрақтарды және одан алынатын жауапта мұғалім мен оқушы арасындағы әңгіме ретінде қарастырайық.

  • Берілген есептегі қандай ұғымдар негізгі болып табылады?

  • Әрине, «тік төртбұрыш», «ұзындық», «сан» және «аудан» ұғымдары.

  • Ал «периметр», «қабырға», «өрнек» ұғымдары негізгі ұғымдар бола ала ма?

  • Жоқ, бола алмайды, себебі ол ұғымдар есептің шартында тікелей берілмеген.

  • Бұл ұғымдар құрамды ұғымдар болуы мүмкін бе?

  • Ия, олар құрамды ұғымдар, себебі «қабырға» ұғымы «тік төртбұрыш» ұғымына, «периметр» ұғымы «аудан», «ұзындық» ұғымдарымен, «өрнек» ұғымы «ұзындық» және «сан» ұғымдарымен тікелей байланысты.

  • Есептің қай элементтері негізгі ұғымға енеді?

  • Есепте берілген учаскенің ауданын табу қажет болғандықтан біз S ауданды, учаскенің ұзындығы а және ені в элементтерін негізгі ұғым енетін арнайы элементтер ретінде аламыз.

  • Есептің қандай элементтері құрамды ұғымға енеді?

Есептің шартында беріліп отырған учаске тік төртбұрыш пішінді болғандықтан біз «тік төртбұрыш» ұғымына тиісті а және в қабырғаларын аламыз. Берілген қабырғалардың мәндерін пайдалана отырып өрнек құруға болатындықтан ауданды есептеуге арналған өрнек құрамды ұғымға енетін есептің элементіне жатады.

  • Бастапқы есеп пен төмендегі есептің арасында қандай байланыс бар? «Тік төртбұрыштың» бір қабырғасы 1400м, ал екіншісі одан екі есе қысқа. Тік төртбұрыштың ауданын есептеп шығар.

  • Бұл екі есеп құрылымы жағынан бірдей және екінші есеп бастапқы есептің көптеген нобайларыныңбірі болып табылады.

  • Берілген есеп элементтерінің арасында қандай байланыс бар?

  • Есеп элементтерінің арасында байланыстар мыналар:

  1. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен екі есе қысқа.

  2. Бір қабырғасы 1400м болса, онда екіншісін табуға арналған 2в=1400 өрнегі екі қабырғаның арасындағы байланысты көрсетеді (в=700)

  • Тік төртбұрыштың ауданы мен оның екі қабырғасының арасында қандай байланыс бар?

  • Тік төртбұрыштың ауданы S=1400х700=980000м

  • Берілген учаскенің немесе тік төртбұрыштың ауданы м -пен анықталған соң оны гектар есебімен шығару берілген есептің дара бөлігі болып табыла ма?

  • Ия, есептің шартында учаскенің ауданын гектар есебімен есептеп шығару талап етіледі. 1га = 10000м болғандықтан 980000м =98га.

Сонымен, берілген есепті шығару үшін есептің шартындағы қай ұғымдар «негізгі» - «негізгі емес», оның ішіндегі қайсылары маңызды, берілген есепті дара есептерге бөлуге бола ма? т.с.с тапсырмаларды орындау қажет екендігін көрдік.
Қарастырылған есептердің барлығы да мектеп математика оқулығынан екендігін ескеретін болсақ, онда мектеп математика курсындағы берілген кез-келген есептен, сәйкесінше әдістемелік қайта өңдеу арқылы, бірінші топқа жататын есептерді алуға болады деп тұжырымдауымызға болады. Сонымен, зерттеушілік қызмет элементтерімен оқушыларды таныстыру және оларды зерттеушілік қызметке тарту үшін қосымша есептер енгізудің қажеті жоқ. Тек қана бар есептерге қажетті әдістемелік өңдеу жасасақ болғаны.
Мысалы оқушылар «Натурал сандарға қолданылатын барлық амалдарға есептер» тақырыбынан 4-есеп «Ара қашықтығы 378км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы жеңіл және жүк машинасы шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 70км/сағ, ал жүк машинасынікі 56км/сағ. Машиналар неше сағаттан кейін кездеседі?» - деген есепті шығарды делік. Оқушылар есептің шарты бойынша 378:(56+70) немесе 378:56+378:70 өрнектерін жазады да жауабы 3 сағат екендігін анықтайды. Есепті шығарғаннан кейін төмендегідей сұрақ-жауап арқылы қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Мұғалім: Қандай жағдайларда жеңіл және жүк машиналары жолдың ортасында кездесуі мүмкін?
Оқушы: Егер олар бірдей жылдамдықпен жүрсе.
Мұғалім: Тағы қандай жағдайда?
Оқушы: Егер жүк машинасы жеңіл машинадан ертерек шыққан болса.
Мұғалім: Егер жеңіл және жүк машиналары бірдей жылдамдықпен жүрсе, бірақ әр түрлі уақытта шықса жолдың ортасында кездесуі мүмкін бе?
Оқушы: Жоқ, жылдамдықтары бірдей болып әр түрлі уақытта шықса олар жол ортасында кездеспейді.
Мұғалім: Қандай жағдайларда екі машина жеңіл машина шыққан қалаға жақын кездеседі?
Оқушы: Егер жеңіл машина жүк машинасынан кеш шыққан болса немесе жылдамдығы жүк машинасынан аз болса.
Мұғалім: Кездескеннен кейін машиналар әрі қарай жүретін болса, қалған жолды жүріп өту үшін қайсысы аз уақыт жұмсайды?
Оқушы: Егер жеңіл машина 56км/сағ, ал жүк машинасы 70км/сағ жылдамдықпен жүрсе және бір мезгілде шықса.
Бастауыш сынып оқулықтарының күнделікті өмірге байланысты басқа да есептерінде осындай зерттеуді жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет