Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық логикалық ойлау қабілетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау.
2. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық логикалық ойлау қабілетін даму жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері:Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін оқыту процесінде дамытудың теориялық негіздерін зерттеуде педагогикалық - психологиялық әдістер әңгіме, сұрақ – жауап, тест әдістерін қолдану. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың мәнін, мазмұнын анықтауға байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау.
Теориялық қолданымы: Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, К.К.Платонов, Э.Г. Юдин, Л.П. Буева, А.Н.Леонтьев. В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Л.Ф.Обухова, А.В.Запарожец, Н.Н.Подьяков, А.П., Усова, М.И.Лисина, Г.И.Щукина және т.б.) тұлғалық сапа ретіндегі ойлау белсенділігінің ерекшелігін психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта айқындылығын көрсетті. Биологиялық жағы логикалық ойлау белсенділігінің қалыптасуының мәселелері бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.
Практикалық қолданымы: Бастауыш мектепте мұғалім оқушыларға күшті пссихологиялық-педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен логикалық ойлау белсенділігін қалыптастырады, оқушылардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді өзіне сенімділікті және ынтықтылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен логикалық ойлауға бой алуын көмектеседі. Оқушылардың логикалық ойлау белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардың теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы ойлау принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек оқушыларды оқыту, дамыту, және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік логикалық ойлау танымдық процесінің іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.