Дипломдық жұмыс Специальность 6В03103 «Психология»


Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын математика сабақтарында дамыту мүмкіндіктері



бет6/10
Дата17.04.2023
өлшемі86,76 Kb.
#83505
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын математика сабақтарында дамыту мүмкіндіктері


2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш сынып - оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі.
Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың жетілген бейнелі формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отыруы мүмкін. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді.
Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады.
Бірінші сатыда (I-II) олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалдарын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеулерге сүйенеді.(мұндай талдауды кейде тәжірибелік әсері сезімдік деп атайды.).
Ойлауды дамытудың екінші кезеңі осы өзгерістерімен байланысты I-II сыныпта-ақ мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланыстар немесе ұғымдар арасындағы қатынасты көрсету талап ететін тапсырмалар көлемі ұлғая береді. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдатырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды немі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операциаларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдарымен шешуге үнемі бағытап отыру (тапқырлық пен зеріктік), логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздыру- баланың логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
Баланың ой операциясын дамытып талдау, жинақтау, топтау және классификациалауға арналған мынадай жаттығулар жүргізуге болады. Балаға бірнеше заттардың бейнесі көрсетіледі. Бала сол суреттерге қарап, талдап, топтап, жүйелеп логикалық ой қорытындысын шығара білуі керек. Мысалы: 4-5 түрлі бас киімнің ішінде бір етіктің суретін көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрап, бала артық заттың атын атайды. Мына жерде етік артық, өйткені басқалары бас киімдер немесе мынаның бәрі аңдар, ал сауысқан артық, себебі ол құс деген сияқты. Балаға бірнеше геометриялық фигураларды көрсетіп, осы фигуралардан бір зат құрастыру (құс, жануар, балық т.б. ). Құрастырған фигуралардың құралған бейнені бояйды. Мысалы: балапан құралған фигураны ғана боя десем, әр бала өзінің ойлау денгейіне қарай бояп береді
Бала тәрбиесі - өте ерте заманнан бастап адамзатты толғандырып жүрген өмірдің өзекті мәселелердің бірі. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап – ата-ананың аялы алақанына, мейрім шапағатына бөлінеді, ата-ананың мейрімді жүзі, жылы жүрегі ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы өмірді білуі міне осыдан басталады. Отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар сәбидің ең алғашқы мұғалімлері» - деп жазған екен. Отбасы қоғамның аалғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту, оның тәрбиелік мәдениетін арттыру осы қоғамның басты назарында болу керек деп ойлаймын. Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда – балаға құрметпен қарау қажет.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу ата-ананың, мұғалімнің басты міндеті.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын менгеруден басталады десек қателеспейміз. Өйткені бала сөйлей бастасымен өзінің мекен жайын, телефон номерін жаттай бастайды. Міне, сан, санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде шыңдау ата-ана мен мұғалімнің, баланы қоршаған адамдардың басты міндеті. Сезім тәрбиесі – түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіндер оның түс-түсіне мән бермейді, заттың құрлымына (формасына) көңіл бөледі. Сондықтан бүлдіршінднрдің сенсорлық тәрбиесін шыңдау үшін олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде біздер (мұғалімлер) бір-біріне киілетін ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді қолданамыз. Мысалы; матрешкалар, бір-біріне киілетін ойыншықтар, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дамытушы ойындар. Бұлар, бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесінің сезім мүшесінің дамуына айналадағы болмысты танып түсінуге әрекет жасап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге үлкен үлес қосады.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша болашақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды. Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойды негізгі рөл атқарады. Ойын арқыллы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуге балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлауы қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет. өйткені, бұл компьтер ғасыры.
Ойын сауықтың ішінде геометриялық фигуралардың арнайы жиынтығынан алынған аңдардың, құстардың, үйлердің, кемелердің бұйымдардың жазық бейнелерін құрауға арналған ойындар ерекше орын алады. Фигуралар жиынтығы өз бетімен таңдап алынбай, фигуралардың белгілі кескіленген бөлігін ұсынады: төртбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер немесе сопақша. Олар балаларға да, үлкендерге де қызықты. Балалады – көргенін немесе ойланғанын бейнелееудің нәтижесі қызықтырады. Олар силует жасау мақсатында фигуралардың әдісін таңдау бойынша тәжірибелік жұмысқа белсене кіріседі. Сонымен қатар логикалық ой қабілеттері де қосылады.
Ойындардың бірнеше түрі бар: “Танграм”, “Пифагор”, “Монгол ойыны”, “Колумбово жұмыртқасы”, “Вьетнам ойыны”, “Сиқырлы шеңбер”, “Пентамино”. Ойындарды меңгеру үлгерімі балалардың сезімінің дамуының деңгейіне байланысты. Балалар геометриялық фигуралардың атын ғана біліп қоймай, олардың ерекше белгілерін, қасиеттерін, сезіну және көру жолдарымен тексеру тәсілдерін игеруге, жаңа фигура алу мақсатында еркін ауыстыру оларда қарапайым бейнелерді талдау дамыған болулары керек, айналамыздағы заттардан геометриялық үлгілерді айыруға, кесу жолымен фигураларды өзгерту және оларды бөліктерден құрау.
Ақпараттық коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шарттарының бірі Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазақстан Республикасының президентінің Н.Ә. Назарбаев жолдамасында «Дарынды балаларға арналған мектепті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету» туралы өкілі талантты балалармен жұмыс істеуді жаңа үлгісін жасауға жол ашты. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі. Мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушының логикалық шығармашылық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау. Міндеттері: Ақпараттық-коммуникативті технологияны терең меңгеру; Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін зерттеу; Логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру; Ақпараттық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде тиімділігін арттыру. Болжам: оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.
Ақпарат – информатика саласының негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдайды, біз не көреміз не істейміз оның барлығы ақпарат. Кибернетиканың атасы атақты оқымысты Виннер «Ақпарат – сыртқы әлемде бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген. Алынған ақпаратты адам миы өңдейді.
Ақпараттық технология:

  1. Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;

  2. Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;

Коммуникация – байланыс, мәліметтерді жеткізу – ақпаратты тасмалдап жеткізу.Әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыруда, білімін жетілдіруде өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік құндылығын анықтауда, тұлғалық және шығармашылық әлеуетті субъектілік ұстаным болып табылады.
Жалпы зерттеулер бойынша субъект туралы анықтамалар өте көп. Негізгі ілім бойынша ең жоғарғы дербестілік, тұтастық таныта алатын адам болып табылады.
Субъектілік - тұлғаның қандай да іс-әрекетті, қарым-қатынасты дамытып, жетілдіруге деген қатынасыфн өзекті ететін әлеуеттік қасиет (ерекшелігі, мүмкіндігі, ұстаным) ретінде анықталады.
Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.
В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;

  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген.
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:

  • Ақыл-ой әрекеті үстінде;

  • Білімді меңгеру;

  • Тіл үйрену;

  • Жылдам есептеу.

Ой процесінің негізгі формалары
1 .Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы
2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:

  1. Затты әрекеттік.

  2. Көрнекі-бейнелі.

  3. Сөздік логикалы.

М. Жұмабаев «Ойлау - жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Сондықтан мен алдыма келген оқушыларды логикалық ойлауын психологиялық диагностика арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Онда мынандай әдебиеттер қолдандым. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінен», тестік тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жүргіздім. «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен»:

  1. «Артық сөзді алып тастау» 59 бет.

  2. «Төртінші артық» 55 бет.

  3. «Үй әдістемесі» 19 бет

К. Йерасектің оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша сұрақтары:
1. Жануардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?
Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай
2. Күндіз жарық па, әлде түнде...
Қараңғы – 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай
3. Аспан көк, шөп...
Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай
Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

  1. Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.

  2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.

Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:

  1. Пәнге қызығушылығы артады;

  2. Ой-өрісі дамиды;

  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Осындай психологиялық диагностикалық зерттеудің барысында логикалық ойлау оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Сондықтан да мен оқушының ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай мақсат пен міндет қойдым:

  1. Оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беру, әр түрлі тәсілдерді пайдалану.

  2. Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетілуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.

  4. Логикалық есептер жинағын жасау.

Қорытындылай келе оқытудың ақпараттық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет