Дипломдық жұмыс Специальность 6В03103 «Психология»


Бастауыш класс оқушыларыпың педагогикалық ерекшеліктері



бет4/10
Дата17.04.2023
өлшемі86,76 Kb.
#83505
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2 Бастауыш класс оқушыларыпың педагогикалық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32 - 35 кт шамасында болады. Бұл жастағы балалардың іс - әрекеті - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды. Н.К.Крупская және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастың сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауга тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте - бірте еңбекке баулу, үйелмен ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, сая бақта бақша өсіру, үй жанындағы бау - бакша учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу тағы басқа түрлерін істей білуге үйрету қажет). 7-12 жастағы балалар ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, еңбектерінін барысында еске алынғаны жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреуді жақсы әдеттерімен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етш үй тапсырмасын орындаудан қашушылық тағы басқа. Балалардың мұндай теріс кылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата - аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалармен тәрбис жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн; сөз бен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнеіз кінәлаудың жиеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателіктерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл болып келеді. Сенімді серік іздейді, өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды, түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады тағы басқа. Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысынын барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етш іске асырудың әдістерімен тәсілдерін қарастырып, ата - аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі қоғам иесі. Оның қазіргі өмірі - ертеңгі өмірінің күнтізбесі. Алдыңызда отырған жас бүлдіршіннің өз заманындағы дүниенің жақсы бір кірпіші боп қалануы тәрбиешісінің (ата - анасы, ұстазы) қолында.
Баланы бала деп қарау, оның сауалына нақты жауап бермеу, оның ойлау шеңберін бөліспеу - қате пікір. Керісінше балаңызды не оқушыңызды өзіңіздің құрбыңыз, досыңыз ретінде, бір сәтке өзіңізбен қатар қойып, ақыл -кеңес берсеңіз, баланың ақыл - есінің толуына, ой қиялынығ ұшқыр болуына, сөздік қорының молаюына көп септігін тигізеді.
Енді осы баланың өмірге деген көзқарасы қандай, қоршаған орта меп қарым - қатынасы қандай екені бірінші мұғалімге белгілі және оны әрі қарай жалғастырушы тағы да мұғалімге, тәрбиешіге жүктелетін жұмыс. Мұндайда білікті маман өз еңбек жолында шәкіртінің өңешін өртеп, өзегін талдырмайтындай сұрақ - сауалдар берш, бірі сарынды дәрістін жүйесін болдырмайтындай етш, үй тапсырмасы бір ғана жолдың жетегінде болмай бала көңілінде қиын да қызғылықты сауалдар тұрғызып, оның сана сезімініғ оянуына, ой - әрісінің ұшқыр болуына көмегін тигізетіндей болуы керек.
Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныпта басталады. Бастауыш мектелтен бастап баланы өмірге дайындау тәрбиелеу жоғаргы орынға қойылады.
Бастауыш мектептің 1-ші сыныбынан бастап оқушыларға математикапын өміріменен байланыстылығын, олардың жеке басының тәжірибесімен байланыстылығын көрсету керек. Жоғарғы сыныптардағы сықылды төмендегі сыныптардың оқушылары математика ғылымының негізінде жатқан басты идеяларды түсіну қажет.
Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары.
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болеа да нәтиженің жетістігіне бағытталған бір ізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі - тұтас педогогикалық процестің бірі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін онын жүйесін, құрылымын, боліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу белғілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Оқыту процесінін өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыңы игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
білімнің толықтығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі авеналарын яғни танымдық іс әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;

  • білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;

  • білімнін ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденш, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

білімнің әрекеттілігі - жаңа білімді алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндіғін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыңы игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік мшдетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік фупкциясы-оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы Я.А.Коменекийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пнроговтың және К.Д.Ушинекиидің еңбектерінде мазмұндалған. И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінеіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинекий алғаш рет педогогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді. К.Д.Ушинекийдің педогогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинекийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамнын байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс -әрекетіне дайындау.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез құлықты игеруін камтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл - ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін (дамытады) қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланысты өткізіледі.
Сонымен, оқыту оқушыларды терец біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарасгарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқытудың ғылыми функциясы - белгілі психолоттар Л.С.Выгодский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның дамуы тәрбие мен оқыту процесінде жетелейді. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі - шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой - өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді өздеп табуға және оның еркін игеруге үйрету. Дамытын оқытудың міндеті "Ең таяу даму зонасын" жасау.
Оқытудың түрлері:
Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың манызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі - иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту тағы басқа.
Түсіндірмелі - иллюстративті оқытудың мақсаты-мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен тапыстырады, жаңа ұғымдар, теориялар және заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалдарды қайталап бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды.
Проблемалы оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып - білу процесінде жеке адамның жалны және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.
Проблемалық ситуация ден найда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету, оқыту машиналары қолданылады.
Оқыту процесінің заңдылықгары және принциптері, яғни білім беру саласында оқыту процесінің моні оте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық -өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болалы. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым - қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс - әрекеті тағы басқа. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тон компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижссі. Бұл компоненттер бір - бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педгогикалық нәтиже береді.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сииаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық ден аталады. Оқыту процесінін заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы, яғни мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экомомикалық мүмкіншілігі ғылыми техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы-бұл оқыту процесі білім беру, тәрбие және процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан жақты дамуына көмектесе отырын, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л.С.Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдыңа шығып отырса, ал бала дамуының "ең таяу даму зонасын" жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестеріне қозғалысқа келтіреді. "Ең таяу даму зонасы" одан әрі "актуальды даму -зонасына" көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімеп орындайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі, іздену нәтижесінде
пайда болған сұрақтардың жауантарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері тағы басқа жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, енбек етуді жауапкершілік сезімі артады.
Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекпіеліктерін есепке алу, яғни жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын тағы басқа жасағанда;
а) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері:
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик);
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер қабілет - адамның түрлі іс - әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Білім беру жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және
әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары, яғни оқыту процесінің барлық
элементтерінің мақсагтары мен міндеттерін мұғалімнің және
тербиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін
міндеттерге байланысты;
ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;
б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Оқыту проңесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек күреа, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары арқылы нәтижені қамтамасыз етеді.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип - латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапкы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінін бірнеше принцинтерін атауға болады.
Оқыту процесінің мақсаттылық принципі - бұл әрбір сабақка дайындалу үшін сң алдымен оның мақсатын апыктайды, Мақсатеыз сабақ жақсы нөтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардыи мақсаттарына байланысты. Осыгап орай, орбір баланың және ұжымның срекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларып, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру. Мұғалім мен оқушылардың іс - өрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі осер етеді.
Оқытудың ғылымилық принципі - бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, сыйлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.
Ғылымилық ириицип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алыныи, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қабілетінін ламуына, дүииеге көзқарасының және жоғары аламгершілік қасиеттерінің қалынтасуына әсер етеді.
К.Д.Ушинекий айтуы бойынша, оқыту - бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.
Оқыта отырып тәрбиелеу бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш категория бірін бірі өзара нығайтады, толықтырады.
Түсініктілік иринципі - бұл оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдасгыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма "ең таяу даму зонасына" сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болеа, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді.
Түсініктілік прииципінен оқыту ережелері туады. Мысалы:
1. Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы
туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы
қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.

  1. Қарапайымдылықтан күрделелікке көшу. Мәселен, оқушыларға құрмалас сойлемді түсіндіру үтпін, оларды ең алдымен жай сөйлеммен таныстыру қажет.

  2. Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың еткен сабақтан алған білімше сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни өткен сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін айтады.

Жүйелілік және бірізділік принципі бұл оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрестілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелік және бірізділік принцииі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, лабараторияда, шеберханаларда тағы басқа), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде гекеерш, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.
Бұл принцип жалпы пәндерді оқыту жүйесінде де қолданылады.
Саналылық пен белсенділік принципі дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын терендету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәнін түсіну болады. Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белеенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәнінетерең түсінуі қажет.
Оқушылардыд дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми-техникалық даму кезеңдегі оқытудың жаңа үдемелі әдістері мен формалары ықпал жасайды.
Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттер барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшіліктеріне сәкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетттеріне үңіле отырып, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді.Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі ролді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнына түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктер болады. Бастауыш сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектепте оқу жылы басталысымен – ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелерінің арасындағы өзара қатынас болымды нәтиже береді. Ұжым өзінің әрбір мүшесінің өсіп-жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап, қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері , оның талабын орындауға, бірігіп қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді.
Қарам-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің марқабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формаларына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.. Мысалы, олар магнит шегені қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі неге жасыл? Жаңбыр қайдан пайда болады? деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың «неге?»,»не үшін?»,»қалай?» деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар оысындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде олардың жауаптарына өзінше қанағаттанбай шұбәланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адам санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды. Баланың мұндай талаптанушылығын қостап, тәрбиеші оған үнемі көмек және бағат беріп отыруы қажет. Оқушының мұғалімдер мен тәрбиешілердің тарапынан берілетін түрлі тапсырмалар мен сабақ үстінде айтылатын ғылыми ережелер сыр беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп ойлауға болмайды. Оқушы -өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұтанып жарық беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін-өзі тәрбиелеу ісіне байланысты. Демек, бала тәрбиенің әрі обьектісі, әрі субьектісі болуы тиіс. Бала айналаны қоршап тұрған дүниеге көз жіберіп, үстіртін қарап қана қоймай, өзінің соған қатысын, өзінің ішкі дүниесін тани білуі қажет. Сонда ғана ол тәрбиенің субьектісі бола алады.
Бақылау мәліметтеріне қарағанда, бала мектепте көбінесе обьекті ретінде ған байқалады. Оның себебі әрбір мұғалім оқу және тәрбие барысында балаға көбірек білім беруге және моральдық шындықтарды үйретуге біржақты көңіл бөледі де, ал баланың тәрбие субьектісі екенін естен шығарады. Міне, осының салдарынан бала көп нәрсені таниды және біледі, бірақ ол өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу мәселелерін жете түсіне бермейді. Бұдан біз тәрбие жүйесінде оқушылардың өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеудегі мұқтаждықтарын қанағаттандырмайтынын байқаймыз.
Оқушылардың өзін -өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады. Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық,еңбек,эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Мысалы, сен қай пәнді ұнатасың, оның себебі не? Адам өмірінің мәні неде, оған қалай түсінесің? Сен спорттың қандай түрімен айналысасың, ондағы мақсатың не? Қандай мамандықты сүйесің, себебі не? Адамдағы сұлулық және әсемдікті қалай түсінесің? т.б.
Міне, осындай тақырыптар бойынша тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталып жүргізілетін өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтуге жол ашады.
Баланың өзін өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады.
Қоғамдық пайдалы тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру мектеп бойынша дәстүрлі іске айналғанда ғана тиісті нәтиже береді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралдарының бірі түрлі тақырыптарға жазылған ғылыми, тарихи және әдеби кітаптар мен кинофильмдер. Балалар кітаптар мен кинофильмдер арқылы халықтың бостандығы мен бағыты үшін күресіп, қорықпай өлім жазасына бас иген ержүрек адамдардың іс-әрекеттерімен танысып, өздерінше талдау жасайды, олардың өнегелі және ерлік қайраты мен төзімділігіне бас иеді. Мұндай табандылықпен ерлік көрсеткен азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде өзінің халқы және оның келешегі үшін жан-тәнімен аянбай күрескен қазақ халқының аяулы ұлдары Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т.б. кеңес өкіметі жылдарында жазықсыз ұсталып, кінәсіз қаза тапты, Бұлар өздерінің мақсаттарын орындай алмай арманда кетті. Осындай ғұлама көрнекті адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері жас өспірімдерге күшті ықпал жасайды, сана-сезімін оятады, толғандырады. Олар өз өмірінде, оқу-тәрбие процесінде зор ыждағаттықпен терең білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет