Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын



бет14/31
Дата27.11.2023
өлшемі315,31 Kb.
#129864
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын 

қателер: 
1) Бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр 


сілкінді». «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің құдіретін терең меңгеріп қана 

қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады».
а) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп 
келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда»; «Ол болашақта өз мүдделері
және күллі адамзат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы 


үміттеміз»; «Менің барынша құрметіме сендіруімді қабыл алғайсыз»;
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен 
теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере 

жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы».
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби 
тілге тән лексиканы себепсіз қолдану: «Студентгерді қорқытып қойса 

болғаны екен. Көрмеген кітапхананың есігін ашып, өмірінде ұстамаған 
кітапты ұстап көреді»; «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша 
тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер
өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім». 


3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін 

қателер (ауытқулар):
1) Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені 
аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде
мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол – махаббат сезімі екенін 
ұқтым». «Саған «Ақша қарыңмен!» деп құттықтау айтқым келді. Сол 

себептен баяу аяңдап келіп, үйреншікті бұрыштан сені іздедім».
2) Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың 
мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын-жазушылардың романдарын оқығанда



29
ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. 


Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған».


3) Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала 
ойластырылып жасаған бұл жоспарларының тамаша нәтижесі болғаны
жұртқа жақсы белгілі»; «Ұстаздардын адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік 
пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл 

сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына, өмірге, қоғам
құбылыстарына қатысты біршама дұрыс көзқарастарының қалыптасуына 
едәуір ықпал етті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет