3.4 Cүт ақуыздарының көлемін анықтап, олардың құрамын зерттеу
Құрал-жабдықтар: 100-200 мл стақан, 1,2,5,10 мл пипетка, 10-15 мл пробирка, капельница, АМ-2 сүт анализаторы, редуктазды құрылғы, су моншасы, шыны түтік, жапқышы бар 10мл сауыт, мақта тампоны, сүлгі, 100 мл өлшеуіш цилиндр, 250-300 мл колба, форфорлы шыны аяқ, құйғыш, қағаз фильтр. Реактивтер: 0,1 н сілті ерітіндісі, 1 пайыздық фенолфталеиннің спиртті ерітіндісі, 37-40 пайызды жаңа бейтараптанған формалин, 0,01 пайыздырозанилиннің спиртті ерітіндісі, 4 пайызды хлорлы калий ерітіндісі, дистилденген су, 5 пайызды сірке су ерітіндісі, 1 пайыз ұлтабар ферменті ерітіндісі. Эталонды дайындау – 10 мл сүтке 2-3 тамшы 0,01 пайызды розаоиннің спиртті ерітіндісін қосу. Сиыр сүтінде орта есеппен 3,3 пайыз ақуыз, соның ішінде казеин 2,7 пайыз, альбумин 0,5 пайыз және 0,1 пайыз глобулин. Қазіргі уақытта сүт құрамындағы ақуызды анықтау үшін келесі әдістер қолданылады: А) формальді титрлеу әдісі Б) рерактометрлік әдіс (АМ-2 аспабында) В) оранж – Ж бояғыш адсорбция әдісі Г) Къелдаль әдісі Ақуызды анықтағанда ең нақты нәтижелерді Къельдали әдісі береді, бірақ ол көп уақыт алатындықтан лабораториялық жағдайда бірінші үш әдісті қолданады.
Сүттегі ақуыз құрамын формальді титрлеу әдісімен анықтау
Әдіс сүт ақуызының амин тобын нитрлейтін формалин құрамына негізделген. Реакция барысында метиламин қышқылы түзіледі, ол ақуыз қышқылды қасиетін жоғарылатады, нығайтады. Қышқылдың жоғарылау дәрежесіне байланысты ақуыз санын анықтайды. Анықтау техникасы. Стақанға пипеткамен 10 мл зерттелетін сүтті өлшеп алып, оған 10-12 тамшы 1 пайызды фенолфталеинді спирт ерітіндісін құяды және эталон бойынша боялғанша 0,1 н сілті ерітіндісімен тирлейді. 2 мл жаңа нитрленген 37-40 пайызды формалин қосады. Қызғылт түз жоғалады. Бюреткадағы сілті деңгейін өлшеп, эталон бойынша боялғанша қайта титрлейді. Жалпы ақуыз санын анықтау үшін 0,1 н сілті ерітіндісін 1,94 коэффициентіне көбейту, казеинді анықтау үшін 1,51 коэффициентіне көбейту керек. Екі параллельді анықтамадан кем жасамау керек. Титрлеу кезіндегі айырмашылықтар0,05 мл сілтіден аспауы тиіс. Есеп мысалы. 10 мл сүтті титрлеу үшін 1,7 мл 0,1 н сілті ерітіндісі жұмсалды. Сүттің құрамындағы жалпы ақуыздың мөлшері 1,7×1,94=3,26%. АМ-2 приборымен сүттің құрамындағы жалпы ақуыз мөлшерін анықтау.
Бұл әдіс прибордың «Ақуыз» әр түрлілігінің арасындағы көрсеткіштер шкаласының зерттелетін сүт пен іріткіден өтетін жарық сәулесінің сынуын анықтауға негізделген.
Анықтау техникасы. Аспапты электр желісіне қосу. Призма жазықтығын дистилденген сумен жуып, құрғағанша сүрту. Төменгі призмаға шыны таяқшамен 3-4 тамшы іріткі тамызып, оны жоғарғы призмамен жабу. Жоғарғы призманың астындағы тесікке жарық түсіріп орнату. Окулярға байқап отырып, тұтқаны қара (жоғарғы жақ) және жарық (төменгі жақ) көру алаңының нақ шерарасын анықтағанша айналдыру. Түзетуші шкаланың үш үзік сызығы қараңғы жақты жарық жақтан ажыратып тұратын сызыққа қарама-қарсы тұруы керек. Ақуызға арналған шкала арқылы бағдарша белгілерін есептеп шығару(Сс). Жоғарғы призманы аздап жоғарылату, жоғарғы және төменгі призмаларды құрғағанша сүрту. Төменгі призмаға 3-4 тамшы сүт тамызып, жоғарғы призмамен жабу. Түзетуші шкаласының қараңғы және жарық көру алаңының арсындағы шекарада іріткіні тамызу арқылы қалай үш үзік сызықты анықтайды. Ақуызға арналған шкала арқылы бағдарша белгілерін есептеп шығару(См). Белокты келесі формула арқылы есептеп шығару.
Б=См-Сс, мұнда
Б – жалпы белоктың құрамы, %;
См – шкала бойынша призмаға сүт тамызғандағы есептеу көрсеткіші;
Сс - шкала бойынша призмаға іріткі тамызғандағы есептеу көрсеткіші.
Есеп мысалы. Сүтті зерттегенде «Белок» шкаласының бағдарша көрсеткіштері – 9,8, ал іріткі зерттеуінде – 6,4. Іріткі бөлу техникасы. Сауытқа зерттелетін сүтті өлшеп алу, 10-12 тамшы 4 %-дық хлорлы кальци ерітіндісін қосу. Сауытты резенке тығынмен жабады, сілкілеп араластыру және оны 10 минутка қайнап жатқан су моншасына қояды. Қайнаған соң сауыт ішіндегісін суытады және шыныдағы конденсат іріткімен араласқандай сілкиді. Мақта тампоны арқылы шыны түтікшемен сауыттан бөлінген іріткіні алып, 3-4 тамшысын төменгі призмаға тамызу.
Ерігіш ақуыздар (альбумин және глобулин) қайнағанда тұнбаға түседі. Казеиннің қышқылмен бөлінуі. Колбаға немесе стақанға пипеткамен 10 мл сүт және 50 мл дистилденген су өлшеп алу. Түзілген қоспаға тамшылап 5 пайыздық сірке қышқылын казеин үлпегі пайда болғанша тамызады. Казеин тұнбасын сүзіп алу. Казеиннің ұлтабар ферментімен бөлінуі. Фарфор ыдысқа 30-40 мл 35400 С дейін жылытылған сүт құяды. Жылдам араластырғанда 5 мл 1пайыздық ұлтабар ферментінің ерітіндісін құяды және 3-5 минутқа тыныштыққа қояды. Ұйығандықтың пайда болуын бақылаймыз – параказеин. Ұйығанды кеседі және іріткі бөлу үдегенге дейін жылыту.
Альбумин мен глобулиннің жылумен бөлінуі. Казеин бөлу кезінде алынған 5-10 мл мөлдір фильтрат, тұнбаның пайда болуын бақылай отырып стақанды қайнату, ал содан соң альбумин және глобулин коагуляциясы. . Анықтау техникасы. Стақанға дистилденген су құйып (30-350С) және оны Анализатор қуысының алдыңғы жақтағы корпусына орнатады. 4-5 минуттан соң өлшеу нәтижелері сандық индикаторларды шығарады: МАЙ, СОМО және стақанға су құйылу байқалады. Жоғарыда көрсетілген өлшемдерді 2-3 рет қайталау тиіс. Егер дистилденген судағы көрсеткіштер май бойынша 0,06 пайыздан, СОМО бойынша – 0,20-0,30 пайыздан аспаса, аспап жұмысқа дайын. Келеңсіз жағдайда оны жуып, өлшеулерді қайталау керек. Аспапты 30 мин уақытында соңғы рет су аққан соң стақанды нишадан шығармай қыздырады.
Сүт сынамасын дайындау. Май қабаты тұнып қалған болса (қаймақ), сүтті су моншасында 40-450 С қыздырады және араластырып, 30-35 0 С температурасына дейін суыту қажет. Анализға қышқыл сүтті қолдануға мүлдем рұқсат етілмейді. Сүт сынамасы бар стақанды анализатор қуысына орнату. 4-5 минут өткен соң, май және СОМО салмақ үлесінің нәтижелері индикаторларға шығады және сүт сынамасы стақанға ағады. Өлшем нәтижелерін белгілеп алып және қайталау керек. Егер екі жалғасқан анализдің жалғасу уақыты бір сағаттан көп болса, өлшенетін ұяшықтарды келесі ретпен жуу қажет: - 250 мл шамасында таза суды 70-80 0 температурада жылытып, суды 6-8 реттен кем емес төгіп, қайта құйып анализаторды жуу. Төгудің жылдамдығын тездету үшін стақанды су алған соң, қуыстан алып, қайта шапшаңдылықпен орнына қою керек; - аспапты дистилденген суиен жуу керек; - жұмыс аяқталған соң Анализаторды синтетикалық жуу заттары қосылған сумен жуу қажет. Уақыт бойынша сүттің ұюын 3 топқа бөледі: Бірінші топқа – 15 мин аралығында ұйыған сүтті, екінші топқа – 16-дан 40 мин-қа дейін, үшінші топқа – 40 мин-тан жоғарыларды жатқызады. Нәтижесін жазып ал.
Достарыңызбен бөлісу: |