Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ««Астана өнім»


Cүттің құрамындағы майды анықтау, сүттің құрамындағы майды анықтау дәлдігін анықтау факторлары



бет20/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#13414
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
О.Мейірбек Астана-өнім АҚ сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау дипломдық жұмыс

3.2 Cүттің құрамындағы майды анықтау, сүттің құрамындағы майды анықтау дәлдігін анықтау факторлары.

Құрал-жабдықтар: резеңке жапқышы бар май өлшегіштер, майөлшегіш штативі, зертханалық центрифуга, 10,77 мл пипетка10 немесе 1 мл автоматы пипеткалар, май өлшегішке арналған орны бар су моншасы, 1000С термометр6 орамал. Реактивтер: 1,81-1,82 г⁄см3 тығыздықты күкірт қышқылы, 0,810-0,812 г⁄см3 ты5ызды0ты изоамил спирті. Әдетте күкірт қышқылының тығыздығы 1,84 г⁄см3 тең. Жоғарғы тығыздықтағы күкірт қышқылын керекті тығыздыққа (0,81-1,82 г⁄см3 ) келтіру үшін келесі формуланы қолданамыз.

В=К(П1-П2)⁄П-1, мұнда

В- су көлемі, л

К- араластырылған қышқыл көлемі, л

П- бар қышқылдың тығыздығы

П2- керек қышқылдың тығыздығы

Сүттің майы түйіршік пішінді болады, оны ақуыз торшасы қоршап тұрады. Сүттің майлылығын анықтаудың қышқылды тәсілінің ерекшелігі мұнда: қышқыл сүттің ақуызын ерітеді, сонымен қоса май дөңгелектерінің ақуыз торшасымен қатар, сүт майын біркелкі қабат ретінде шығарады және оның көлемін арнайы құрал -май өлшегішінің басқышталған жағында өлшейді. Талдау жүргізер алдында сүт лабораториясында жұмыс және қауіпсіздік ережелерін қайталау қажет. Анықтау техникасы. Май өлшегішті нөмірлеу. Ол үшін май өлшегіштің ұзартылғын төменгі жағына қарандашпен дөңгелетіп нөмір қояды. Май өлшегіштің нөмірі мен сүттің сынамасын жазады. Май өлшегішке тығыздығы 0,81-1,82 г⁄см3 күкірт қышқылын автоматты пипеткамен 10 мл өлшеп алады. 20 0С темапатурадағы жақсы араластырылған 10,77 мл сүтті пипеткамен май өлшегіштің қабырғаларына баяу құю қажет. Ол үшін май өлшегіштің қабырғасына 450С иілген пипетканың ұшын қойып, пипетка жабылған саусақты кішкене көтеріп, сүттің қышқылға баяу тамуына мүмкіндік туғызады. Май өлшегішке автоматты пипетканың көмегімен 1 мл изоамил спиртін өлшеп алады. Май өлшегішті қуыс түтікке салып, оның құрамында ақуыз толық еру үшін араластырып және оны 65-700С температурада 5 минут су моншасына қояды. Бір сынамаға талдау жасайтын болса немесе май өлшегішті штативте біркелкі сілкіген жағдайда ГОСТ 5867-69 бойынша май өлшегіштерді алдын ала жылытылмаған центрифугаға қоюға болады. Су моншасынан май өлшегіштерді шығарып, құрғатып, центрифугаға орналастыру қажет.

Минутына 1000-1200 айналым жылдамдықпен 5 минут айналдыру қажет. Содан ейін қайтадан су моншасына 65-700С температурада 5 минут жапқышына астына қаратып қояды. Май өлшегіштің шкаласына қарап май пайызын есепке алады. Бұл мақсат үшін майдың өлшегіштің төменгі бағанасының шекарасын май өлшегіштің толық бөлінген шкаласына қосу қажет. Бұндай қосарлану резеңке жапқыштың көмегімен жүзеге асады. Май өлшегіш сүттегі майдың пайыздық көрсеткішін көрсетеді. 0,1% дәлдікпен есепті жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет