2.3 Топтық жұмысты бағалау тәсілдері және рефлексия мен кері байланыс
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады [10, 67].
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.
Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.
Достарыңызбен бөлісу: |