Сөйлесім әрекеті арқылы басқа тұлғалармен қарым – қатынас жасау, топ мүшесі ретінде жұмыс істей білу, жұп мүшесі ретінде басқа оқушылармен қарым – қатынас жасау;
Тыңдалым әрекетіарқылы басқа оқушының, оқытушының айтқанын тыңдай білу, оны түсіне білу;
Айтылым әрекеті арқылы тыңдағанын, түсінгенін басқаларға сауатты түрде жеткізе білу;
Оқылым әрекеті арқылы мәтінді түсініп оқу, түсінбегенін оқытушының, топ топ мүшелерінің көмегімен түсіне білу;
Оқу, тыңдау, сөйлесу, айту әркеттерінде қалыптасқан дағдыларын сауатты жазуда тиімді қолдану.
Әдіс дегеніміз – оқу – тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін оқытушымен тыңдаушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданылатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл – ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теориямен арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі, тәсіл материалды түсінуге үлес қосады. Тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Қазақ тілінен оқушыларға білім беруде оқыту әдістері оқу процесінің заңдылықтары мен принциптеріне сүйенеді. Оларға тиянақты, сапалы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меігеру арқылы жүзеге асады.
Әңгіме әдісі.
Әңгімелесу әдісін оқу материалдарын ауызша баяндауды талап етеді. Әңгіме әдісі жаңа білімді хабарлайды. Оған мынандай талаптар қойылады:
Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек.
Әңгімеде тек дәлелді және ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін жарқын және танымды мысалдардың, фактілердің жеткілікті санының болуы.
Әңгіменің нақты жүйесі болу керек.
Әңгіме әсерлі болу керек.
Әңгіме қарапайым және түсінікті тілмен айтылады.
Әңгімелесу – ол оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп, оларды жаңа материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген, түсінбегендерін тексереді. Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ – жауап әдісі деп те атайды. Әңгімелесу әдісін сабақтың барлық түрінде қолдана береді. Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі көрсетіліп жүр:
Хабарлау әңгімелесу;
Эвристикалық әңгімелесу;
Жаңғырту әңгімелесу
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, көрнекң құралдардың жұмыс істеу жолдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөзбен айту. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады. Түсіндіру әдісін қолдану оқытушыға мынандай талаптар қояды:
Сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
Себеп – салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
Жүйелі қолдану.
Мен түсіндіру әдісін қазақ тілі сабағында да, әдебиет сабағында да қолданамын. Яғни, жаңа тақырып түсіндіру барысында қолданамын.
Түсіндірмелі – илюстративті әдіс – оқытушы дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал курсанттар ақпараттарды естеріне сақтайды. Ақпараттар әңгіме, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Іс – тәжірибеден өту барысында осы әдісті пайдаландым. «Буын» тақырыбын өткенде интерактивті тақта арқылы буын дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп, буынның түрлері туралы ақпарат бердім.
Көрнекілік әдіс – оқу материалдарын меңгере оқыту процесінде қолданыдатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға қатысты. Көрнекілік әдіс екі топқа бөлінеді: иллюстрация әдісі және демонстрация әдісі.
Илюстрация әдісі – илюстрациялық құралдарды, плакат, кесте, сурет, карта, тақтадағы суреттерді, модельдерді көрсетуді қажет етеді.
Демонстрация әдісі – аспаптарды, тәжірибелерді техникалық құралдарды, кинофильмдерді, диафильмдерді демонстрациялаумен байланысты. Мысалы, мен қазақ тілі сабағында илюстрация әдісін пайдаландым. Яғни, «Шақтарды қайталау» тақырыбында семантикалық кесте арқылы етістіктерді осы шақ, келер шақ, келер шақтың қайсысында тұрғандығын анықтадық.
Машықтық әдісі – оқушылардың машықтық іскерліктер мен дағдылары қалыптасады. Машықтық әдіске жаттығулар жатады. Аттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
Белгілі ережені еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
Білімді жаңа жағдайда қолдануға арналған жаттығулар;
Ауызша жаттығу – логикалық ойды, есті, тілді, оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар - білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жақсартуға қолданылған. Оған аударма, шығарма жазу, суретпен жұмыс жатады.
Графикалық жаттығуларға – оқушылардың кесте, сызба, плакат, экскурсия кезіндегі салған суреттері жатады. Жаттығулар жеңілден бастап күрделене береді.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқытушы оқушылардың іскерлігін және дағдыларын қалыптастырады. Тапсырмалар беріп, өзі түсіндірген білімді, үйреткен жұмыстарын қайталатады.
Эвристикалық әдіс – оқушыға проблеманы өз бетімен шештіріп үйрету үшін оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл – ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға бірдей жетік емес. Оқушылардың кейбіреулері оқытушының түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше бірден қабылдай алмайды. Сондықтан барлық оқушыларды білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамматикалық ойынның түрлері. Дамыта оқыту жүйесінде грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға олар бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерді шыңдайды. Грамматикалық ойын түрлері арқылы оқушылар алған білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, олардың ізденімпаздығын арттырады. Ой – өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілетін дамытады, белсенділігін арттырады.