Россия Советтік Федерациялық Социалистік
Республикасының Президенті Б.Ельцин
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Алматы,1991 жылғы тамыздың 17-сі. [92].
Осы шартқа риза болмаған Возолазов ұзақ сөйледі.Мағынасы: Казак үшін ең басты мәселе - еркіндік. Ермак та, Разин, Пугачев та Жайықтан рухтанған. Ал, большевиктер 4 ғасырлық Орал архивтен өртеп жібергенде бәрі осымен бітті деп ойлады. Жоқ! Ельцин Қазақстанда тұратын миллиондаған орыстарды сатып кетті. Бірақ, біз өз дегенімізден қайтпаймыз.
Біз қазақ ұлтының өрлеуін жанымызбен сақтаймыз. Бірақ бір халықтың құқын аяққа басу есебінен емес - дейді, қызбаланған Александр Галаган, ”Возраждение” атқару комитетінің бірінші орынасары.
Бүгінде тіршілік жасап жатқан сібірлік, жетісулық тағы басқа казачество орталықтары деп - Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Целиноград, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы облыстарын атай бастады. Және оларды кейіндеу Қазақстанға өткен Ежелгі орыс жерлері. Бірлесу, бірыңғай талап қою керек, жалғыз жарымда бізді таптап тастайды деп түсіндерді.
Осы арада ССРО Ғылым Академиясы Философия институтының аға қызметкері В.А.Шуковты Орал казактарының болмай қалған атаманы тілге тиек ете отырып, біздің оның соңынан ермеген себебіміз:
Одан әрі не істеу керек екенін белмедік.Ал,қазір білеміз.
-Ельциндік-Назарбаевтық шарттан кейін түсінікті болған жайт: Ресей бізден бетін әрі бұрды. Қазақстан құрамындағы автономияны талап ететін боламыз. Ендігі өкімет құрылымы жасады, кандидатуралықтар белгіленді. Орал өзенін бақылауда ұстаймыз - ол бекіре, уылдырық шашатын әлемдегі бірден бір орын, бұл дегеніңіз жыл сайынғы жүздеген мың тонна қара уылдырық. Біздің Қорғаныс заводтарымыздың өнімі үшін мемлекет бүгін де алғаш ақшамен есеп айырылысады. Бір бөлігін валютадай төлеуді талап етеміз. Күнімізді көреміз...Бұл А.Галаганның сөзі[93].
30 қазан 1990 жылы Краснодарда болған Атамандардың Кеңесінде қабылданған Ресей казачествосының Декларациясынан: ”Азамат соғысынан кейін көптеген казак облыстары Ресейден заңсыз бөлінді және басқа республикалар мен автономия құрамына өткізілді. Бұлар Орал, Сібір, Орынбор ,Семей әскерлерінің жерлері.Терек казак әскерлерінің көптеген аудандары. Дон әскерлері, Кавказ белдеулері, Кубань, Жоғарғы Кубань облыстары[94].
Қазақтар мен казактар арасында алауыздық туғызуды көксеушілер, казачествоны жандандыру арқылы жерімізді бөлшектеуді қиялдаушылар білек сыбанып тұр. Желеп-жебеушілер, үнсіз қолдаушылар табылған соң еркінситін шығар. Ел бірлігін ойлайтын әрбір адам демократияны басбұзарлыққа байлайтын әумесерлердің қылығын айыптады.
1 991 жылы 31 мамырда Алматыда республикалық актив жиналысы болып,онда казактар, оның ішінде Орал казактары туралы Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген еді. Және сол кездегі басшы М.С.Горбачевке бағыттап көкейтесті сауалдар тастаған. Тақырыбыма байданысты сол сөздерге тоқталайық.
Н.Ә.Назарбаев сөзінен: “... Біз еңбек сүйгіш казактар ұрпақтарының да қазақ жерінде өз туған үйіндей сезінуін жақтаймыз. Ал проблемаларды туғызып отырған тіпті олар да емес, қайта тар өрісті жеке мүдделері мен шамшылдығын қанағаттандыру үшін адамдар арасында іріткі салуды аса қажет етіп отырғандар. Егер бізге өзіміздің бейбіт өміріміз, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы қымбат болса, осындай отпен ойнауды тоқтатуды ұсынамын. Шыдамдылықпен жүйкені әлсін-әлсін сынаудың қажеті жоқ. Тұрлауы жоқ өткен кезді аңсап жүрген эвантюристерді ашықтан-ашық ескертемін және сақтандырамын: республика аралық шарттарда және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда қол сұғылмайды деп танылған республикалар арасындағы шекаралардың өзгертілуіне ешқашан да жол бермейміз. Оның үстіне, Қазақстан территориясында казактардыңң патша режиміне қызмет етуінің жылдығын мерекелеудің қандайына болсын, казак бөлімшелерінің құрылуына жол бермейміз. Республика Жоғарғы Советінің мәні қолдайтынына сенемін.” [95].
Қазіргі таңда Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивті және регрессивті жақтары жөнінде мәселе қызу айтыс тудыруда. Тіпті Әбілқайырды сатқын деп көрсеткендер де немесе оны сол кездегі жағдай тұрғысынан алып дұрыс талдағандар да табылады. Мен өзім, болашақ тарихшы ретінде, қазақ халқының сол кездегі XVIII ғасырдағы жағдайын саралай келе Ресейге қосылуын дұрыс бағалаймын. Мәселені Әбілқайырдың императрица Анна Иоановнаға жазған хатына 1730 жылғы 8 қыркүйек тіремей, қайта царизмнің түпкі мақсатына әкеп тіресек, онда Қазақстанның қосылуының регрессивті маңызы туралы мәселеге мен де қосыламын[14].
Сонымен, Ресей Қазақстанды құрамына қабылдап алған соң енді қазақтармен санаспай өзінің түпкі сақсатын іске асыруға кірісіп те кетті. Жағалай бекіністер салынды тағы басқа. Осылай ашықтан-ашық қанау Совет үкіметі тұсында да жалғасы берді. Бірақ, басқа әдіспен-орыс тілін, орыс ұлтын Ұлы деп дәріптеу. Коммунизмге жету үшін - орыс тіліне көшу керек деген желеуді санамызға сіңіріп тастағаны соншалық қазақ тілінде сөйлеуге ұялып, тіпті “ұрпағымыз мәңгүрт” бола бастады. Қазақ ұлты өз тілінде бір-бірін түсіне алмайтын деңгейге жетті. Бұл ненің жеміс? Бұл- орталықтың атап айтқанда,ат төбеліндей царизмнің түпкі мақсаттарын жүзеге асыруда аянбайтын орыстардың әдейі жүргізген саясаттары: бірінші 1921 жылғы аштықтың, 2-ші 1929-1930 жылдардағы коллективтендірудің, 3-ші 1937-1933 жылдардағы аштықтың, 4-ші 1937 жылғы табиғатынан қызу қанды ұлттарға кавказдықтарға, қазақтарға, яғни олардың зиялыларына бағытталған репрессия, 5-ші 50 жылдардағы қазақ интеллигенциясының қудалануының жемісі. Міне, осындай зобалаңдарды басынан кешкен ұлтымыз 1986 жылы желтоқсанда соңғы рет қырғынға ұшырады. Жанға қатты бататын бұл қырғында жастарынан болашақтарынан айырылды[96].
Осы тұрғыдан алып қарасақ, мен онда орыстар ешқашан да қазақтарға жақсылық жасамаған. Қайта ғасырлық мәдениетімізден, салт-санамыздан, әдет-ғұрпымыздан, тілімізден, дінімізден айырды. Ол аздай енді келіп мемлекетіміздің шекарасына қол сұғып, ата-бабамыздың жеріне көз аларта бастады. Оған Орал, Целиноград, Петропавл оқиғаларын жатқызсақ болады.
1991 жыл 15 қыркүйек - Орал оқиғасы, мұның біз ешқандайда достық пиғылдан тумағанын жақсы білеміз. Ельцин өзінің “ Казактардың бұл тойын Ресейдің ішкері аймақтарынан тойлаттырамын” деген сөзін орындамады.
Бұл аздай .М.С.Горбачевтің Украина телевизиясының қызметкерлеріне, журналистерге берген интервьюінде Қазақстанның батыс және шығыс облыстарын Россияның жері дегені? Бұл үшін М.С.Горбачевтің Н.Ә.Назарбаевтан,қазақтардан кешірім сұрап телеграмма жібергенін де білеміз. Бірақ,барлық мәселені сол бір қағаз шешпесе керек.
Америкада жатып хат жазған А.И.Солжаницынды кіналаймыз, ал Кремльдегі көршілес мемлекеттегі “дем берушілерді кім ауыздықтамақ?” Бұл мәселемен айналысушылар, қазақ тарихын зерттеумен айналысушылар алдымен қазақтардың емес олардың дем берушілерінің бетін толық ашып берсе...
Қазіргі кезде казактар өздерін ұлт деп атап,”әскери киімдерін ұлттық киім”деп жариялауға тырысуда. Тарихқа үңілсек,XVIII ғасырда 1 Петр тұсында оларға әскери киім берілгені белгілі. Оның үстіне әр казак әскерінің киімі әр түрлі болған. Олар бір-бірінен киімдері арқылы ерекшеленген. Сондықтан да олардың өздерін ұлт деп жариялауына ешқандай негіз жоқ. Казак ұлт емес. Ол ешқашан да ұлт болмаған, сондықтан ұлттық киім туралы сөз- артық сөз. Ақылға сыймайды. Казактар-орыстар, крепостниктік праводан қашқан орыстар, тағы басқа славян халықтары. Орыс халқының бір саласы. Тегі-орыс. Орыс мемлекеті тұсындағы сословие, кейін феодалдық сословие,христиандар. Осының бәрі белгілі бола тұра Сібір казактығының Көкшетауда 1992 жжылы 2 мамырда жиналмақшы болып Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінен 600 ге жуық казактарды шақыруы қисынсыз. Ел тыныштығы үшін қауіпті. Қысқаша,бір ауыз сөзбен: Казачество- Ресейдің отарлау саясатындағы басты тірегі.
Достарыңызбен бөлісу: |