Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021



бет2/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап тарих ғылымында елеулі өзгерістер орын алды. Өткен тарихымызды зерделеу мақсатында халқымыздың өткен тарихы жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырыла бастады. Яғни, жаһандану заманында тарихи ұлттық құндылықтарымызды сақтап, тәуелсіздігімізді баянды ету үшін нық қадамдар жасалды. Атап айтатын болсақ, өткен тарихымыздың «ақтаңдақ беттерін» зерттеуге зор мүмкіндіктер ашылды. Осындай бүгінгі жаңа көзқарастар тұрғысынан зерделенетін тақырыптардың бірі - ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің отарлау саясатында ең басты рөл атқарған казактардың тарихы болды. Отандық тарихтың ақиқат тұрғысынан зерттелуі жастарды патриоттық рухта шабыттандырады, олардың жалпыадамзаттық құндылықтары бағалай білуіне зор үлес қосады. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер жаңғыру елдің ұлттық және рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасады», [1], - деп айтуы да осының дәлелі. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолы мен тарихын зерттеп, тарихи сабақтастықты жалғастыруымыз керек.
Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» [2], «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» [1] бағдарламалары және «Ұлы Даланың жеті қыры» [3] атты мақалаларында атап көрсетілгендей, бүгінгі ұрпақтың міндеті - ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдап, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашып, тарихымызды қастерлеп, рухани сабақтастықты жалғастыру. Сондықтан қазақ жастары өздерінің отан тарихын біліп, рухани қазынамызды бағалап, әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеуі қажет.
Ең бірінші Кеңес Одағын, кейін бүкіл әлемді алаңдатқан Қазақстандағы 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасынан кейін ұлтымыздың сана сезімі оянып, өзін-өзі тануға бет бұрды. Дәл осы кезден ақ кімнің дос, кімнің қас екені белгілі болып, 70 жылдай бет пердесін бүркемелеп келген Одақтың да «сыры» ашылды. Қазақ халқы төл тарихын танып білуге ұмтылды. Міне, осындай өткен тарихы мызды зерделеу, халқымыздың тарихына байланысты тарихи оқиғалардың астарын ашатын құжаттарды талдап, баға беру тарихшыларымыздың кезек күттірмейтін міндетті болып табылады. Сондай, кезегі келген мәселелердің бірі –қазіргідей жер дауы күшейіп, ұлтымыздың болашағына қауып төндіретін кезде өзін қайта қарап, әділ бағасын беруді талап ететін – «казак» тарихына байланысты мәселе. Сондықтан бұл тақырыптың зерттелуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
Казак тарихының тарихнамасын бастамас бұрын «казак» терминінің қалай пайда болғанына тоқталайын. «Казак»- қарақшы, қарсыласушы, авантюрист деген мағына беретін түрік сөзі[4]. Түрік тілінің таралу аймағында бұл сөз алғаш рет ХV ғасырда қолданылған. «Казак» сөзі Ресейде де, Орта Азиядағы сияқты ХV ғасырда пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет