Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021



бет6/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Казачьи войска

население

на военной службе


Донское

1495

100


Кубанское

1967

90


Оренбургское

533

27


Забайкальское

265

14,5


Терское

255

18


Уральское/в 1917-яйцкое

166

11,5


Амурское

49

3,5


Семиреченское

45

3,5


Астраханское

40

2,5


Уссурийск

34

2,5


Енисейские казаки/иркутские и красноярские

10

0,6


Якутский полк

3

0,3


ИТОГО

4434

285 4

Казак дворяндарының жері 1848 жылдан бастап олардың жеке иелігіне көшірілді, яғни мұрасы болып есептелінді. Осындай шекаралармен патша казактардың экономикалық- қоғамдық саяси укладтарын нығайтуға көмектесіп отырды[29]. Сонымен бірге капитализмнің дамуы казактарды товар ақша қатынастарына итермеледі. Казак отбасыларында феодалдық жер иеленудің әлсіздігі бұл аймақтарда капитализмнің дамуын барынша тездетті. Крепосниктік право жойылғаннан кейін Дон Кубань сияқты аудандарда сауда, жер бөлетін орталықтарға айналды. Бұл аудандарда әскери жерлерді арендаға алу өрістеді және казактар мен басқа қалалықтар арасында көз алартушылар ушыға түсті. Басқа қалалықтар деп крепосниктік право жойылған соң басқа қаладан келген адамдарды айтып отырмыз. Ал казактардың өз ішінде таптық қалыптасу процесі жүреді. Шаруашылықтары капиталистік сипат ала бастайды. Мұнымен бірге иеліктеріндегі жерлерді шаруалардікінен көп болса казактардың кейбір тобы кедейлене түсті. XX ғасырдың басында кейбір казак облысында (Дон ,Сібір, Кубань) өнер кәсіп дамуына байланысты кедейленген казактар жұмысшылардың қатарына қосылды[28].


Дондондағы, Ростовтағы, Таганрогтағы, Сулин, Александро Грушевскідегі, Екатеринолардағы, Новороссийкі, Грозныйдағы өнеркәсіп орындарына кедейленген казактар көптеп келді.
ХХ ғасырдың басында казактардың өз ішінде тап күресі шиеленісе түсті. 1906-1907 жылдары І-ші орыс революциясының әсерімен казак әскери бөлімшелерінде қақтығыстар мен толқулар болып өтті. Бірақ казак әскери сословиелік ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты казактардың бұл толқулары көп көлемде өрістей алмады. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда: «Большинство казаков оставалось таким же монархическим, как и прежде..» [31].
І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде казактардың таптық шоғырлануы артады. Ал, фронтовое казачество самодержавиемен бірігіп кетті.
1917 жылы Ақпан революциясы кезінде казактар халық жағына шығып кетіп отырды. Донда, Кубаньда, Теректе, Сібірде казак депутаттар кеңесі құрылды. Уақытша үкіметтің көмегімен ұрыс далаларында казак әскерлері Одағының кеңесі құрылды. Оған Корнилов Л.Г басшылық етті. Әскерлерде әскери курстар өткізілді (Кубаньда – Рада даласында ) және 1917 жылы март-май айларында атамандар басқарған контрреволюцияшыл әскери үкімет құрылды. Корниловтың контрреволюциялық әрекетін казактардың көбі қолдамады[29].
Петроградтағы Қазан карулы көтерілісі олар осы уақытша үкіметті қолдамай, «бейтараптық» сақтап қалды. Еңбеккер казактар Дон, Кубань, Орал, Сібірде контрреволюциялық бұл істерді талқандап, Совет үкіметін орнатуға қатысты. Социалистік революцияның деревняларда дамуы 1918 жылы казактар облыстарында тап күресін шиеленістірді! [28].
Халық Комиссарлар Кенесінің 1918 жылы 31 мамырдағы Декреті бойынша казак облыстары өз алдарына әкімшіліктер болып жарияланды. Наурыз-мамыр айларында РСФСР құрамына кірген Дон, Кубань, Қара теңіз, Терек Советтік Республикалары құрылды[29].
1918 жылы Социалистік революцияның деревняда өрістеуіне байланысты казактар арасында тап күресі шиеленісіп кетті. Орташа казактар контрреволюция жағына шығып кетті. Помещиктік-буржуазиялық контрреволюцишылар мен казактар арасындағы қайшылық және КП жүргізген дұрыс саясаты бұқара қкзактардың Кеңес өкіметі жағына шығуын қамтамасыз етті[28].
Тарихта « Ресей татар-моңғол езгісінде 300 жыл болды деген уәж бар. Бұл оқиға ХІІ-ХҮ ғасырлар аралығынан орын алады. Алайда басқыншылар Ресей княздарынан алым-салық алып тұрғаны болмаса, қарапайым орыс мұжығында шаруасы болмаған. Ал «Алтын Орда» ыдырай бастағанда күш алған орыс шонжарлары мұжықтары өзара бөлісіп, басыбайлы құлға айналдырып алған – помешиктер оларды сатамын деседе ерікті еді. Егер «басыбайлық» 1861 жылы ғана жойылған десек, нағыз Ресей орыс шонжарларының өзгерісінде бояр, помешиктерден батырақ, крестяндар тағдырын сұрайтын жан болмаған, бақандай 400 жыл болған екен (Ресейдің монғол-татар езгісінен азат етілуі ресми түрде 1480жыл деп саналады) [32].
Бұл, яғни, орыс мұжықтары олардың езгісін қалай сезінсе , өз шонжарларының езгісін де дәл сондай қатты сезінді деген сөз және бұл езгіден құтқаратын жанның жоқтығын білген крестьяндар тағдырын өз қолына алып, әуелі бір-бірлеп, соңынан топтасып оңтүстікке Дон бойына қашқан. Бұл уақытта аталған аймақты Оспан түріктерінің бұрынғы халықтарының мұрагері ретінде иеленіп отырған. Орыс қашқындарына «казак» (еркін жүрген халық мағынасында) деген атауды берген де осы түріктер болса керек! [32].
Казактар өмір үшін күресуде бас қосып, станициалар салып, қауым кұрады да, жан-жақтарына көздерін аларта қарай бастайды. Бұл ХҮІ ғасырдың басы болатын. Олар егін екпеді, мал бақпады, тамақ табудың жалғыз амалы ретінде төңірегіндегі елдерді (оның ішінде Ресейдің оңтүстігіндегі қалалармен селолар да бар) тонап, күн көрді. Осы мақсатпен Азов, Каспий, Қара теңіздің жағалауындағы елдерді, Иран қалаларына дейін барып, қатты мазалаған[33].
Орыс ақыны А.С.Пушкин «Русское мореплавание на Каспиийском, Аховскои и Черных морях» деген еңбегінде казактардың екі ғасыр ішінде (1500-1696 жылдар аралығында) екі жүзден астам соғыс салғанын көрсетеді. Яғни көрші елдердің мазасын екі жүз жыл бойы алып тұрған.
Орыс патшасы қаһарлы Иван (1552 жылы Қазанды, 1556 жылы Астраханды алғаннан кейін Иран және одан ары жатқан елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар жасауға ұмтылғанда казактар олардың да жолын кесіп тонай берген. Содан кейін 1577 жылы орыс патшасы казактарды бұрынғы құл қалпына қайтару үшін оларға қарсы әскери күш шығаруға мәжбүр болады [33]. Қаһарлы Иванның қаһарынан тым-тырақай қаша бастайды: Ермак бастаған тобы Орал тауына, одан әрі Сібірге, Нечай бастағандары – Жайық бойына, қалғаны Теректің Каспийге құяр басына барып паналайды. Осылай 1579 жылы Сібір, Жайық, Терек казактары деген қауымдар пайда болған. Бірақ, бұл жол торушылар бұдан әрі бұға қалды деген сөз емес.
1641 жылы Иранның Сефи деген елшісі орыс патшасына қашқын адамдардың жолды торып, адамдарды ұрып, тонайтындығы туралы шағым хат жібереді. Осыдан соң өзі сауда дамытуға мүдделі болып отырған орыс патшасы Каспий сауда жолын казактардан қорғау үшін жағалауға бекіністер салып арнайы күш ұстауға мәжбүр болады. Алайда бұл шара да казактарды тыныштандыра алмады. Бейбіт ел мен сауда-саттық кемелеріне жасаған шабуылдардың осыдан кейінгі, аяғы крепосниктің феодалдық мемлекет жағын шайқауға дейін барды.
Россия патшаларының бұлқозғалыстарға да немқұрайлы қарап отырмағаны белгігі. 1000 жылы патша Степан Разин қозғалысын басуға арнайы әскер жіберді. Астрахань воеводтығы кемелерін Каспийге тек казактардың соңына түсіп, олармен шайқасу үшін ғана шығып тұрғанын айтады[32].
1709 жылы Дон казактарының бас қаласы Черкасскіге Петр І патша келе қалады. Оның бұл сапарының сыры Полтава соғысының қарсаңында Россияға шабуыл жасап жүрмес пе екен деген қауіппен Оспан түріктерінің бетін бағдарлау еді. Алайда бұдан хабары жоқ қазақтар зәре - құттары қалмай үрейленеді[34].
Казактар дегеннің туын көтеруші бүгінгі шовинистер «казактар келген Жайық пен Ертіс өңірлері бос жатқан жер болатын» дегенді айтқысы келеді. ҮІІІ-ХІ ғасырларда түркі халықтарының Днепрьден Обьқа дейінгі кесілген даланы алып жатқаны тарихтан белгілі. Тарихта оның батыс жартысын қыпшақтар, шығыс жартысын қалмақтар жайлағаны айтылған [33].
Үлкен совет энциклопедиясы «Қалмақ халқы ХІ ғасырда жоғалып кетті» дейді. Біздіңше халық ғайыпта жоғалып кететін динозавр емес. Бүгінде «қазақ» деп аталынып жүрген алғашқы атауы «қимақ» болмағай. Тарихта «монғол-татар шапқыншылығы халқымыздың қазақ болып құралуына бөгет болды» деген қағида бар. Байқап отырсақ, қимақтың «жоғалып кетуі» мен аталмыш шапқыншылық бірдей уақытта келеді. Бұл- бір. Екіншіден, шапқыншылық дала халқының есін шығарып мидай араластырып жіберген. Осыдан кейін қимақпен бірге қазақ халқы та халық атауы ретінде пайдалануын доғара жаздады. Тек Жошы ұлысы, Бату ұлысы, «Алтын Орда» деген әкімшілік атаулармен ғана тарихта қалған. Әсіресе, Батудың әуелі Ресейді, содан кейін Европа елдерін алуда түмендерін түркі халықтарынан жасақтап алса да шет халықтарға моңғол, татар деген атаулармен ғана әйгілі болған. Алайда басқыншылар бұл халықтарды қайда апарып, кіммен соғыстыра берсін, мейлі, негізгі Отанына қайтып оралып келе берген. Орыс зерттеушісі Левшин «Қазақ» атауын орыс казағымен шатастырмау үшін «киргиз» деп өзгерткендігін айтады. Казак-орыс Сібірге алғаш келгенде Енисей теңізінде түрі де, тұрмысы да, шаруашылығы да қазаққа ұқсас қырғыз халқы тұрған ғой. Бертін келе қазақ пен қырғыздың екі халық екенін танығаннан, тағы да сол орыс құжаттарынан «Қырғыз-қайсақ» деген атау орын ала бастаған. Осы атаудың соңғы тіркесі бір жерде бірер әрпі қате жазылып қалған «Қимақ» атауы болуы да мүмкін. Бұл әрине болашақтың еншісінд[32].
Бір текті халық, әдетте, тыныштығын сақтау үшін бір қалыпты бейбіт өмір сүреді. Бұл өмірдің сырттан келген басқа біреулердің араласуымен, озбырлығымен бұзылатыны белгілі. Келуші «аламын» дейді, жергілікті «бермеймін!» дейді. Мұндай уақытты халық жаугершілік заман дейді. Казактардың келуіне байланысты Жайық жағаларын үнемі мекендеп келген халық өмірі бұдан былай үнемі «жаугершілікпен өткеніне сірә да ешкім дауласа қоймас. Қалай деген де казактардың келуіне байланысты дала үш-төрт ғасыр бойы тыныштықтан айрылды. Шаруашылығы да күйзеліп, берекесі кетті, саны азайды. Бертін келе казактар патшаның саптағы күші ретінде Исатай мен Махамбет, Көтібар мен Есет бастаған қазақ шаруаларының отаршылық пен феодалдық әділетсіздікке қарсы көтерілістерін қанға бояуға қатысты[34]. Ал Азамат соғысы жылдарында атаман-генералдар Дутов, Толстов, Аннеков бастаған казак қолдары орысты да, қазақты да аямады.
1581 жылы Сібірді жаулап алушы Ермактың 1585 жылдың тамызының 5 пен 6 күндерінде Ертіске суға кетіп өлгенін айтады. Бұл оқиғадан казактардың қалғаны «солтүстік жақтағы жолдармен» Ресейге қайтып кетеді. Бірақ бұл Сібір халықтарының басқыншылардан арылуы емес еді. 1586 жылы Сібірге арнайы жіберген орыс отряды келеді. Ермак Көшім жаулап алғанын патшаға дер кезінде хабарлап үлгерген болатын. Жылдан жылға күшейе түскен Ресей феодализмі мен помещиктік қанауға шыдамаған крестьяндар енді Сібірге қарай ағылады да, мұндағы шұрайлы жерлерге қала салу басталады. Бұлар баяғы Донға қарай қашқан крестьяндардай казак деп емес, «гулящие люди» «шұбырындар» деп аталады.Үкіметте сотталғандарды Оралдан ары қарай жібере бастайды. Сібірді отарлау осылай басталады. Ермак өлгеннен кейінгі бір ғасыр ішінде Батыс Сібірдегі қоныстанған орыстар саны 20 мыңға жетіп қалған[35 ].
1891 жылы Н.Г.Путинцев құрастырған «Хронологический перечень событий из истории Сибирского казачьего войска» деген кітапта Ресейдің 1761 жылдан бастап Сібірді отарлауының екі ғасырлық тарихының жылдары атап отырылып көрсетілмеген екен. Өйткені жоңғарлықтардың даламызға шабуылы мен халқымыздың «ақтабан шұбырындыға» ұшыруы осы жылы басталған. Жоңғар хандығының қалың қолыТорғай,Ұлытауға дейін жеткен.Уақыттың ең дүрбелеңді оқиғасы бес томдық Сібір тарихына да тіркелмепті. Жалпы жоңғарлардың қазақ даласына басып алуын айту жөнінде Ресей құжаттары жұмған аузын ашпайды. Қазақ халқы жағдайын соғыста ата жауын жеңіп ата мекеніне қайтып оралған. Ресей құжаттарынан да бұл оқиғаны да кездестіре бермейміз. XYII ғасырдың 40 жылдарында Ертіс бойында жалпы саны 12-ге жеткен күзет орындары (оның бесеуі: Омбы, Ямыш, Семей, Өскемен, Бии қамалдары) болды. 64 зеңбірек қойылған бұл күзет орындарында 1500 адам тиісті міндеттерін атқарды.
Сібір әскерлерінің тарихын жазушылардың бірі Усов «920 шақырымға созылған,15-20 шақырым сайын күзет орны болған Ертіс шебі өте қаһарлы» екенін айтады.Неге екені белгісіз осы қаһарлы шептен аталмыш уақытта ондаған мың жоңғар қолы батысқа қарай өтіп , далаға тағы қырған сала бастаған. Жоңғар әскерінің зеңбірекпен қаруланғаны да белгілі. Орыс құжаттарында жоңғарлықтарға Ресей қолына түскен Ренат деген швед шеберінің зеңбірек құюды үйреткені айтылған. Әрине Ренат Ресей тұтқынан қашып кетті деуге болады. Соның өзінде де жоңғар даласынан пана тапқан жалғыз шведтің зеңбірек құю ісінің шебері болып шыға келуіне таңданбасқа болмайды. Бұған Тәуке ханның Петр 1 ге әскери одақ құру жөнінде кісі салып, жауап ала алмағаны мен оған керісінше орыс патшасының 1722 жылы Жоңғарларға елші жібергенін келесі жылы Қалдан Церен бастаған қалың қолын қазақ даласына лап қойғанын қоссаныз, осының бәрі Ресей үкіметінің қазақ даласы жөніндегі сол кездегі саясатынан біраз хабар беретіндей болып көрінеді[36].
Ресей шығыс шептерін ( Жайық, Орынбор, Ертіс, Есіл, Бий) күшейту үшін 1745 жылы Сібірге бас полкпен генерал Киндерманды аттандырады. Киндерман Ертіс, Бий шептеріндегі күзет орындарын бұрынғыдан да жиілетіп (енді олардың арасы 10-15 шақырым) қамалдар мен форпостарды әскер қару жарақпен бұрынғыдан да күшейе түседі[19].
Бұрынғы Есіл шебі Омбы арқылы күн батысқа қарай созылып жататын. Киндерман сенатқа осы шептің кей тұстарында 50, кей тұстарында 200 шақырымға дейін оңтүстікке қарай жылжыта түсу арқылы Орынбор мен Ертіс шептерінен жалғамтыру ұсынылды. Сенат ұсынысын қабылдайды. Сортаң көлдер тізбегін бойлап өтетін болған соң бертін келе «Ашылы өзек» (Горькая линия) деп аталған жаңа Есіл шебі осылайша пайда болды. Осы деректі жазып отырған Путинцев ол кезде бұл жерде қазақтардың болмағанын айтады. « Олар жаңа шепке тек 1788 жылығана жақындай бастаған» дейді. Бұл әрине, Путинцевтің орыс-казак қатынасы басталған кезеңнен-ақ шовинистік көзқараста болған ба деген ой туғызады[20].
Орыс жағынан жасалған құжаттардың қай қайсысында болсын шептерді көшпелі халықтан қорғану үшін салынды деп көрсетіледі. Мысалы, Киндерман Есіл шебін оңтүстікке қарай 50-200 шақырым жылжытуды ұсынғанда да, «Көшпенділерден қорғану үшін деген сылтау айтқан» [19].
Ал Путинцев жазуына қарасақ орыс жағы үрейленген қырғыз- қайсақ жаңа Есіл шебінде 35 жылдан кейін ғана көріне бастаған[37].
Путинцевке сенсек оның орыс жағынан шеп құрғанда көшпенділерден қауіптенгені бекер.Ал губернатор Ф.И.Соймоновтың Путинцев бейбаламынан ширек ғасыр бұрын қырғыз- қайсақ халқымен түсінісу үшін Тобыл татарша мектеп ашқанымен XIX ғасырдың бас кезінде Сібір әскерлерінің қолбасшысы генерал Глазенаптың шептерінен алға қарай шақырым жылжыта түсуіне ұсыағаны еске алсақ шептерінің алғы мақсатының әлде кімнің қорғану үшін емес, әлдекімнің басып алу үшін жасалғанына көзіміз жетеді[37].
XYIII ғасырдың ортасына Сібірдегі әскерлерінің қолбасшысы болып келген генерал Шпрингер бұл жақтың казактары жөнінде 1763 жылы санатқа «тұз шығару, отын тасу, почта жүргізу, жүк тиеу, отын тасу, қол диірмен тарт,у қамалдарын құрылысын жүргізу және оны жөндеу сияқты барлық жұмыстарын атқаратындығын айта келіп,олардың жағдайын жақсарту туралы өз ойын айтады[37].
Бұдан біз көрсетілген уақытқа дейін саптан орын алып келген айбынды казачествоны көмейміз.Казактардың жағдайын айта келіп Шпрингер 5 мың казактан әскер құрып шептердегі күзет орындарына сырттан бір бір жылға жеткізіліп тұрылатын драгундар (орыс мұжықтарынан жасақталған әскер) мен башқұрттар жігіттерін қайтып мазаламауын ұсынады. Яғни Сібір казактарының атқа мініп, сапқа тұруы үкіметтің Шпрингер өтінішін іске асыруға рұхсат берген 1770 жылдан басталады. Алайда нағыз әскер жасақтауға Сібірде өзін өзі «казакпыз» деп кеуде ұратындар жетіспеуші еді. Сондықтан да оның қатарын крестяндардан толтыру да қолға алынады. Бұлар да «выписные казаки», яғни, қолдан жасалған казактар деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет