Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021


Казактардың 1917-1920 жылдар аралығындағы



бет9/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ибрагимова А. дипломм


2.2 Казактардың 1917-1920 жылдар аралығындағы
әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Казачество ХҮ-ХҮІ ғасырларда феодалдық крепосниктік Россияда тап күресінің шиеленісуі негізінде пайда болды. Казактар негізінен крепостной шаруалардан шықты. Олардың қатарында алым-салық төлеуден қашқан қала адамдары да болды. Олар қолдарына қару алып орыс мемлекетінің шекарасын сыртқы жаулардан қорғады.
Самодержавие казактарды бағындыруға бар күш жігерін салды. Үстем таптардың мүддесін көздей отырып патша өкіметі казактармен аяусыз күрес жүргізді. Бұл казактар мен шаруаларға қиын тиді, сондықтан олар өздерінің қанаушыларына қарсы күрес жолына түсті. Міне, ХҮIII-ХҮІІI ғасырларда Дон және Приуральенің казак аудандарының көтеріліс ошақтары болуы тегіннен тегін емес. Казактардың көтерілісін Степан Разин, Кондрати Булавин, Емельян Пугачев басқарды[56].
Шаруалардың С.Разин, К.Булавин, Е.Пугачев бастаған көтерілістері жеңіліске ұшырағанымен патша үкіметі казактардың бой көтерулерін, жорықтарын тыйып тастай алмады. Сондықтан патша үкіметі өздерінің тактикаларын өзгертіп, яғни казактарды экономикалык және әлеуметтік-саяси артықшылықтар, жеңілдіктер беру аркылы бірте-бірте ішкі, сырткы саясаттағы қанау құралына ай-налдырды. Сөйтіп, ерікті ерекше сословие тіл алғыш құралға айналды.
Елде жұмысшы шаруа және ұлттык қозғалыстың өсуіне байланысты
патша үкіметінің әскери күші мен тірегі ретіндегі казактардын да рөлі өсе түседі. Россияның кертартпа күштеріне ұзақ уакыт адал кызмет етті.
Осы жерде "казақтардың өздеріне жау, тап жауларына адал қызмет етуінің сыры неде? " – деген сұрақ туады.
Бұған жауапты В.И. Ленин "1905-1907 жылдары І орыс революциясындағы социал демократтардың аграрлық программасы" деген еңбегінде береді. Онда В. И. Ленин әр казак 52 десятина жер, ал шаруалар - 11 десятинадан иемденді. Ленин казак аймактарын патриархалды деп атап көрсетті[57].
Лениннің казактардың әлеуметтік экономикалық жағдайына берген мінездемесі, царизмнiң казактарға "қызметі үшін" жер бөліп беріп, артықшылықтар бере отырып, оларды асқан шеберлікпен полиция күшінің қаруына, монархияның тірегіне айналдырды. 1917 жылға дейін Россияда 11 казак әскері болды. Құрамында 4,5 миллион адамы болды. Оның ішінде Дон әскерінде 1487 мын. Кубанда 1339 мың, Орынбор әскерінде 553 мың, Забайкальеде - 260 мын, Теректе 251 мың, Оралда 235 мын, Сібірде 164 мын, Жетісуда- 59 мын, Амурда - 50 мын, Уссурийде - 44 мың, Астраханда- 37 мың адам болды[58].
1917 жылдың жазында болған Енисей казактарының /Краснояр иркут/ съезі Енисей казак армиясын құру туралы шешім қабылданды. Бірақ Енисей казак армиясы сол күйі құрылмай қалды[59].
1869 жылы 21 сәуірдегі "О поземельном стройстве казачьих войск" деген ережеде казактар арасындағы жер пайдалану туралы айтылды. Казактардын өз еркімен әскери қызметке алынғанын еске ала отырып ережеде әр еркекке 30 десятинадан жер беру көзделген. Октябрь карсаңындағы казактардын аграрлық қатынастарына анализ жасай отырып екі түрлі сұрақты шешіп алуға тура келді, ол: жер иелену және жерді пайдалану[56].
Казактарга тиесілі жер станицалар арасынан берілді. Осы жерлерден 17 жасқа толған әр казакка тиесілі жер бөлінді. Бірақ станица аралығындағы мұндай жерлер /орталар/ барлық жерде жеке адамдарға бөлінбеді. Кей жерлерде оны қоғамдасып бөліп алып отырды. Казактарға бөлініп берілетін жерлердің орташа өлшемі юрталар мен станцияда тұратын қауым санына тікелей байланысты болды. Казактардын санының көбейе түсуіне байланысты оларға бөлінетін жерлер де көлемі де қысқарып отырды. 1917 жылдан бастап 30 десятинадан төмендеп кетті. Орынборда - 20, Теректе - 18.8, Кубанда - 12,5, Донда - 12 десятинаға дейін қысқарды. Ал Сібір, Забайкалье, Амур, Уссурсий сияқты көптеген мөлшерде бос жерлері бар казак аудандарында әр адамға тиесілі жер мөлшері қысқармады[60].
Самодержавиенің казактарға ұстанған саясаты негізінде 1917 жылы Орынбор казак әскери округінде 958 генерал, офицер, чиновниктерде 367198,5 десятина жер болды. Олардың әрқайсысы \еркектерін ғана есептегенде\ орташа есептегенде 381 десятинадан иемденді. Бірінші округта жалпы жер көлемі 17901,42 десятина болатын 331 офицер участогы болды немесе орташа есеппен әр еркек жыныстыға 540 десятинадан келді. Оның үстіне 28 шаруашылық 1000 десятинадан жер иемденді, кейбіреулері 3000 десятинадан жоғары жер иеліктерін алды [61].
Орынбор казактары егістік жер көлеміне келсек, орташа есеппен, әр казак шаруашылығы 8,5 десятина жерге егін екті, ал офицерлер 44 десятина жерге екті. Кейбір жерлерде офицерлердің егістік жерлері көп болды. Орынбор уезінің Сокмар станциясынада 1918 жылы көктемінде 5 мың қатардағы казактардың қолында 53369 десятина жер, ал 14 офицерлер иелігінде 1934 десятина жер болды. Бұл қатардағы казактардың шаруашылығында орта есеппен 12 десятина, ал офицерлерде - 138 десятина егістік жер болды дегенді көрсетед [62].
143 Дон казактарының билеуші топтарының семьяларының қолында 750 мың десятинадан астам жер болды. Мұның ішінде полковник Орлон Дэнисовтің иелігіне оның 29000 десятинасы тиді. Генерал майор Митрофанов, Кутейников, Кульгачевке және полковник Чернодубовқа әрқайсысына 15 мың десятинадан тиді. Осы кезде кедей казактардың қолында орта есеппен 4 - 5 десятинадан ғана жерлері болды[63].
Казактар өздерінің жер үлестері Павлов станицасынан басталып, Елек қорғандарынан аяқталатынын айтқан. Ал Павлов станицасынан төңірегіндегі жерлерді негізінен офицерлер иемденд[64].
Осының нәтижесінде қатардағы казактар офицерлерден, көршілес станциялардан жерді арендаға алуға мәжбүр болды. Бұлда қатардағы казактар үшін тиімсіз болды. Орынбор маңындағы ұсақ жерлерден арендаға алғанда 1 десятинасына 18 сом төледі. Ал кулактар өңдеген ірі жер бөліктерінің бір десятинасына 58 тиыннан 5 сомға дейін жетті[65].
Арендаға жер беру, төңірегінде пара алушылық және алып сатарлық құлаш жайды. Россияда шаруалардың 64 проценті қайыршылық күй кешті. 20 проценті орташалар мен кулактар болды. Дон мен Кубанның казак шаруашылықтарында кедейлер шаруашылығы 25-30 процентте болды, кулактар шаруашылығы 15-20 процентін құрады. Көпшілігін 60 процентке жуығын орташалар шаруашылығы құрады. Теректегі казак әскерлері арасындағы таптық қарым-қатынас дәл осындай сипат алған[66].
Казактардың кедейлері мен орташалары арасындағы таптық жітелу жөнінде кедейлер – 13-25 процент, орташалар – 60-65 процент, кулактар – 10-15 процент[67].
Казактардың жіктелу барысында ең маңызды топ, ол-орташа казактар болған. Бұл туралы өз кезінде берік тұжырым жасалған. “Казактардың көп бөлігі-орташалар. Казактың орташаларының мүддесін көздемей, казактардың түгел көңілін аудару мүмкін емес. Барлық казактарды соңынан ерту үшін, алдымен олардың орташаларының көңіл күйін таба білу керек”[58].
Дон, Кубань,Терек казактарының шаруалары арасында орташалар 53,8 процент, кедейлер -29,9 процент, кулактар – 16,3 процент құрады[67].
Бірінші дүниежүзілік соғыс еңбекші казактардың жағдайын бірден қиындатып жіберіп, олардың арасындағы таптық жіктелуді жеделдетті. Дон әскерлеріне 1915 жылы тамыздың өзінде 125 мың казак мобилизацияланды, ал Кубанға 97 мың казак жіберілді. Басқа тұрғындарға қарағанда казактардың мобилизациялануы өте жоғары деңгейде жүрді. Большевиктердің басшылығымен большевиктік революциялар қабылданған жиналыстар өткізіліп, онда : “Біздің міндетіміз - жұмысшы, шаруа, казақ депутаттарының күшімен күшті үкімент құру, біз еңбекші казактар ... алда болып жатқан тап күресіне жәйбірақат қарай алмаймыз. Біз қандай жағдай да болсын нейтралитет болудан бас тартамыз ”,- делінді[68].
Павлов, Перовск, Орынбор, Александровск және тағы басқа да Орынбор станциялары станциялық кеңестер сайлап жалпы жиналыста РСФСР халық комиссарлар советін мойындау туралы революция қабылдады[69].
Еңбекші казактар жұмысшы шаруаларға бірігіп совет өкіметін нағайта түсті. Кубань казактарының съезді 1918 жылы қыста болған өздерінің үндеулерінде былай деді: “Атамандар мен олардың көмекшілері қазіргі күн талабына сай емес деп табылсын. Казактардың бүкіл документі концеляриясы, әкімшілік басқаруы бүкіл архивімен халық депутаттар кеңесіне өткізіледі”[70].
Казак региондарының большевиктеріне совет өкіметін құру және оны нығайту ісінде Ленин бастаған РКПб Орталық комитеті мен Халық комисарлар советі үлкен көмек көрсетті. Халық комисарлар комитетінің нұсқауымен бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің казак комитеті 1918 жылдың январь-февральінда тек қана Дон мен Кубань үшін 100-ге тарта үгіт-насихатшылар жіберді[39].
Контререволлюциялық күштер туғызған кеңес одағы үшін ауыр кезеңдерде орташа шаруалар мен казақтар арасында толқулар болды. Жермен жақсы қамтамасыз етілген орташа – казак елдегі экономикалық қиыншылықтарға төзе алмай және пролитариат диктатурасының азық-түлік программасына риза болмай, казактардың билеуші топтарын қолдап кетіп отырды[39].
1918 жылы апрельде Орынбор губерниясының әскери революциялық штабы бүкіл казак станицалары мен поселкаларына олардың елде террорлық әрекет жүргізіп жүреген офицерлері мен атамандарына юнкерлеріне ескерту ретінде бұл әрекетіне жауап ретінде қызыл террор ұйымдастыратыны жөнінде ультиматум жариялады[71].
Ультиматумда сонымен қатар казак шенеуніктеріне берілуі және қаруларын тапсыру керектігі туралы да айтылады. Осы шешімнің негізінде казак станицаларында революциялық отрядтар жіберілді. 1918 жылы майда Грозныйда болған Терек казактарының III съезі Сужен отделінің төртінші станциясына қоныстану туралы шешім қабылдады. Ал, бұл шешім еңбекші казактар тарапынан наразылық тудырды. Өкіметтен жергілікті органдарының араласуымен Орал, Астрахань облыстарында жерді тең дәрежеде қайта бөлу жұмыстары басталды[39].
РКПб мен Халық комиссарлар советі советтік құрылыс мәселесімен елдегі казак әскерлеріне қатысты мәселелерді шешу үшін 1918 жылы жетінші майда Бүкілроссиялық еңбекші казак съезін шақыру керек деп тапты. Бірақ казак болыстарының өкілдеріне съезге келуіне кедергілер жасалынып бақты, ақырында ВПИКтің рұқсатымен конференция ғана өткізілді. Конференция мен казак комитетінің атынан доклад түрінде Халық Комиссарлар Кеңесімен ВПИКке ұсыныс жіберілді. Конференцияға қатысушылар казактарға өздерінің жер иелену праволарын заңды түрде түсіндіруді, кедейлер мен орташалардың жағдайы не болатынын заңды түрде түсіндіруді талап етті. 23 майда Халық Комиссарлар Советі конференцияда қабылданған декретті сараптау мақсатында комиссия құрды. 31 майда декретті бекітті. Ол декрет 1918 жылы 1 июньде “Казак облыстарындағы басқару ісін ұйымдастыру туралы Декрет” деген атпен шықты[72].
1918 жылдың жазында әскери мәселе революцияның ең түбірлі мәселесі болды. Әскери қысымның күшеюіне байланысты кеңестік үкіметпен РКПб Орталық атқару Комитеті Қызыл Армияның қатарын бекіту үшін бірқатар маңызды шаралар жүргізді. Соның бірі 1918 жылдың 1 июньде қабылдаған “Казак облыстарындағы басқару ісін ұйымдастру туралы Декрет” қайта жандандырып, казак облыстарына үгіт - насихатшыларды көптеп тартты. Мақсаттары: Қызыл әскер отрядын құру. Бұл жұмыстың табысты өтуіне жергілікті партия ұйымдарына көмек бере отырып РКПб ОК жағдай жасады.
1918 жылы апрельдің соңында Жоғарғы Орал большевиктері В.Константинов пен Ф. Фадосевті В.И.Ленин қабылдады. Ленинді бұл жерлердегі ұйымдастырылып жатқан Қызыл казак жасақтарының жағдайлары мен оларды күресу қабілеттілігі қызықтырды. Лениннің нұсқауымен Жоғарғы Урал үшін 5 миллион сом бөлінді[73].
1918 жылы 7 июньде болған Троицк уезіндегі Советтердің кезектен тыс съезі де қызыл казак бөлімін құру туралы шешім қабылдайд[39]. РКП 1919 жылы февральда казактар арасындағы жұмыстың ауырлығын ескере отырып Орынборға И.А.Акулов, М.К.Поляков , А.А.Сольц, тағы басқа сияқты тәжірибелі большевиктерді жібереді. 1919 жылдың көктемінде Оңтүстік Оралдың большевиктері Дутовтың армиясына мобилизациялауға қарсы күресті.
1919 жылдың февралында Донда жиналған Үлкен әскери круг облыста революцияға дейінгі жер қатынастарын сақтау мәселелерін шешті.”Терек әскери үкіметінің 1919-1920 жылдарға арналған егістік жерлерді есептеу және бөлу туралы” заң жобасы қабылданды. Онда бірінші кезекте жер иелерінің қамтамасыз етілетіндігі айтылады[74].
Лениннің жер туралы Дектерінің идеясы казактар арасында қызу қолдау тапты. Бұл казактарды большевиктердің соңынан еруге объективті түрде итермеледі. Казактар өздерінің тәжірибесінен ақ гвардияшылар тек кулактар мен офицерлердің мүддесін көздейтіндіктерін шетел буржуазиясының мүддесін көздейтіндіктерін және Совет үкіметі жеңіліске ұшыраса Россия ешқашанда еркін болмайтындығын түсінді[39].
1919 жылы марттың 18 -23 аралығында өткен орташа шаруалар мәселесін оларға дұрыс қарау, талқылаған РКПның VIII съезінің маңызы зор болды. Съезде сөйлеген сөзінде Ленин: “Совет қызметкерлерінің тәжірибесіздігінің, мәселенің қиындығының салдарынан партияның кулактарға қарсы саясаты, орташа шаруаға соққы болып тиді. Осы жолдарда жинаған тәжірибеміз бізден жіберген қателігімізді талап етеді”- 75] деді.
Партия жіберген қателіктерін түзеу үшін Донға Петроградтан Москвадан царицынан тәжірибелі партия қызметкерлерін жіберді. Астрахань, Саратов губерниялық атқару комитеттерінің талап ету мен казак станицалары - селоға, ал округтері - болыс болып өзгертілді. Казактарға “Контрреволюциялық элементтер” ретінде станица кеңесін Сайлауға, жиналыстар өткізуге рұқсат етілмед[76].
В.И.Ленин казак облыстарында өтіп жатқан жағдайды жіті бақылай отырып, жергілікті қызметшілердің жіберген қателіктерін түзетуге көмек беріп отырды. Осы мақсатта 1919 жылы 13 июньде Оңтүстік майданның революциялық әскери кеңесіне жолдаған телеграммасы принципті маңызға ие болды[77]. Онда Дон облысының Котелниковский революциялық комитеті қызметшілерінің жіберген қателіктеріне олар “Рассказачинания” саясатын жүргізген мән берілді және Дондағы бұл ревкомның распоряжениесін алып тастауды талап етті. Өйткені олар өздерінің дөрекі қарым-қатынасы арқылы казактарды Совет өкіметіне қарсы қойды[77].
Бірақ Европалық Россияның оңтүстік-шығысына партия және Совет қызметкерлерін жіберу жөніндегі Лениннің нұсқауының орындалуы мүмкін болмай қалды. Өйткені бұл региондағы жағдай осы кезде бірде төмендеп кетті. 1919 жылдың жазында контрреволюциялық күштер Дон облысының, Қырымды, Солтүстік жағалаудағы Украинаның біраз бөлігін жаулап алды. Деникин әскерлері 24 июньде Харкович, ал 30 июньде Царицынды алды. 1919 жылдың 2 жартысында ақ казак бөлімі соғысқа қатысудан бас тарта бастады. Күзде Кубанның Морянская, Елизаветинская, Полтавская, Славянская тағы басқа станицаларынан көптеген казактар партизан отрядына кетт[78].
Еңбекші казактардың бүкілроссиялық бірінші съезді 1920 жылы 29 февраль - 6 март аралығында Москвада өтті. Оған Орынбор облысынан 169 делегат, Доннан-122, Сібір казактарынан 79, Орал облысынан -21, әскери бөлімшелерден-51, басқа қалалықтардан 11 делегат қатысты[79].
Съезде В.И.Ленин мен В.И.Калинин сөз сөйледі. Съезд шешімдері еңбекші казактың еркін білдіре отырып, Совет үкіметінің арнаулы Декретінде бекіді. 1920 жылы 25 мартта В.И.Ленин Халық Комисарлар Советінің “Казак облыстарында совет өкіметін құру туралы Декретке” қол қойды[80].
1920 жылы казак облыстарында шарулардың казак кедейлердің аз халықтар еңбекшілерінің пайдасына жерді қайта бөлу жұмысы жүргізілді. Совет өкіметі жүргізген бұл жер саясаты Орынбор кедейлеріне 1920 жылы 1118 мың десятина жер алуға рұқсат етті. Жетісу облысы бойынша 1920 жылы 17 101 шаруашылық 274 180 десятина ыңғайлы жерлерді алды[81].
Совет үкіметі мен Коммунистік партияның жүргізген аграрлық саясатының нәтижесінде жерсіз және жері аз шаруалар мен казактар Донда 3 920 мың десятина жер, ал Кубанда – 1 682 223 десятина жер алды[82].
Азамат соғысы казактар шаруашылығын өте қатты күйзелтіп кетті. Бұл күйзеліс Дон облысында өте қатты білінді. Азамат соғысының соңына қарай Донда егістік жерлер мен мал басы 4 есеге дейін қысқартылып қалынды[83].
Орал облысында 1917 жылы 447 375 гектар жерге егін ексе, 1920 жылы ол – 179 670 гектар болды. Мал басы 2 783 230 – дан 1 061 481 басқа дейін қысқарып кетті[84].
Басқа да казак облыстарында ауыл шаруашылығы осындай жағдайда болды.
1919 жылы 31мартта Орынбор губерниялық атқару Комитеті «Шаруашылыққа мал сатып алуға, ауылшаруашылық машиналарын жөндеу жұмыстарына және егіске тұқым сатып алу үшін 4 миллионнан аса қаржы бөлу туралы» қаулы қабылдайды. Кубаның ауылшаруашылығының қажеттерін қанағаттандыру үшін мемлекет 1920 жылы 35миллион сом қаржы, ал Донның егістік компериясының қажеттіктері үшін осы жылы 121 миллион сомнан аса қаржы бөлінді[85].
Казактар – Ресей шекарасын ғасырлар бойы сақтаған еркін егіншілер мен тайсалмас жауынгерлер. Төңкерістен соң сұмдық геноцидті бастан кешкен (ғайыптан аман қалғандар). Ондаған жылдарға созылған амалсыз үнсіздіктен кейін казак тобы /жалпы жиыны/ Теректен Тынық мұхитқа дейін шулай бастады. Казактар ұрпақтары өздерінің тарихи тамырларын іздеуде және табуда. Бірақ казачествонның қайта жанданғанына түрткі болып, оны оята алатын қараңғы күштер қазірден бой көтере бастаған.
Оның аты – орыс ұлтшылдығы, ұлы орыс шовинизмі. Кенеттен өте шығар деген үмітпен қалайша және қашанға дейін құлағымызды бітеп, көзімізді жұмамыз. Қазақстандағы казак әскерлерінің басқыншыларының тарихына қысқаша тоқталып өттім. Казактар қазақ халқының тарихына үлкен зобалаңдар мен қиыншылықтар әкелді, сан жүздеген жергілікті тұрғындарды тонауда, қырып – жоюда патша үкіметінің қолшоқпары болды. Оларды қанша ақтағанымен де, олардың жекелеген қолданушылары табылғанымен де, тарихты қайта жазып шығу, ақиқаттан ауытқу мүмкін емес[86].
Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында орналасқан Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу казактары Ресеймен шектесіп жатыр, оның моралдық қолдауына иек артады, әсіресе экстремистік, ұлыдержавалық – шовинистік пиғылдағы орталардан қолдау күтеді. Сан жағынан орыс тілді халық көп облыстарда орналасқандықтан казактар автонализм мен сеператизм «ауруларының»жаңғыруы үшін «Қазақстанның территориялық тұтастығын бұзу» үшін қажетті күшке белгілі бір дәрежеде айналып шыға келуі де әбден мүмкін. Бұрынғы Сібір казактарының «Ащы жолы» бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы «Дағдарыс доғасына» айналуына жол беруге болмайд[48].
Қазақстандағы қазіргі саяси – әлеуметтік тұрақтылық жайында орталық басылымдар жиі тамсануда. Әрине, оқ пен жалынға оранған Кавказ Республикалары мен қайта тұтанған жанартаудай бұрқ – сарқ қайнап жатқан Балтық бойы республикаларына қарағанда, салыстырмалы түрде тыныштық бар екені рас. Ал көңілінде көззі бар адамға мұндағы жағдай айқын көрінуге тиіс. Қаншама жамап – жақсап, бүркемелуге тырысқанымызбен, ақиқаттың аты ақиқат. Соның бір айғағы – республикамыздың батысындағы Жайық казактарының дүмпуі. Қазақ жерін бөлшектеуді көздеп, өз алдына «автономия» құру ауруымен шалдыққан ат тебеліндей атамансымақтар қазірдің өзінде орал облысындағы орыс – казактарды тікелей жарға итермелуде[32].
Орал казактығы патша мен Ресейге 400 жыл қызмет етті. Төрт ғасыр бойы ол осылайша қазақ халқының рухын сындыруға, еркіндікке деген құштарлығын басуға, сөйтіпте патшаның отарлау саясатын орнатуға ұмтылып келді. Бәлкім, казактардың өздері әлгі әрекеттердің бәрін патшаның еркімен жасаған болар. Десе де, олар отарлау саясатының сенімді қолшоқпарындай еді[48].
Бүгінде біреулер казактардың байырғы әдеп – ғұрпын жаңғыртамыз деп бас көтеріп жатыр. Мұның өмірге қаншама қисынсыз екенін мынадан көруге болады. Біріншіден, өмірге казак деген орыс саласын әкелген құлдық дәуір жоқ, екіншіден этнографиялық дәстүрге келсек, тек қана казактар жасаған этнографиялық ерекшелік жоқ. Қай халықтың болсын тарихи бір кезеңде бейне бір топтың ерекшеленіп шығуға уақытша жағдайлар жасалады да, артынан жағдай да, ерекше топта жоғалады.
Меніңше, казак қозғалысының түпкі мақстанында казак дәстүрінің жаңғыруы емес, әлдебіреулердің материалдық, моральдық қолпаштауынан сусындаған әрі жоспарлы түрде бағыт – бағдар алған Сібір аймағындағы үлкен былықтың /тым жақындап қалған/ бастамасы ғана секілді.
Егер тарихи шындықты мойындамай жалаң сезімнің әсеріне берілер болсақ, онда моңғолдар Қиыр шығыстан, Польшаға дейінгі жер біздікі деп иемденуге дәлел табар. Өйткені олар осынау жерді тек қана басып өткен жоқ, үш ғасыр бойы Шыңғысхан әскері таптап жатқаны және рас.
Олай болса, замандасымыз, гуманист Л. С. Лихачевтің: «Орыс мәдениетін құтқаруға шақырған қандай да ұран шовинстік негізде болса, ол ән әуелі нағыз орыстың өзін қорлау болады», – деген сөзін естен шығармағанымыз абзал.
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев /Алматыдағы Республика активінің жиналысында сөйлеген сөзі/: «Казактардың жекелеген бөлімдерінің құрылуы туралы әңгімелердің бізді алаңдататынын жасырмаймын. Олар кімнен қорғанбақшы? Бәлкім, бұрынғы патшалық империяның аз ұлттардың есіне қарусыз көшпенділерді отарлау кезеңін салғысы келетін болар? Сол кезеңдегі алдауды, кемсітуді, қаталдықты халық осы уақытқа дейін ұмытқан жоқ» [26].
Егеменді ел екендігіміз рас болса іріткі салушыларға ашықтан – ашық саяси күрес жүргізілсін, тектен шыққандар қатаң заң жүзінде әшкереленіп, елден аластатылсын. Казак – орыс съезін Орал қаласында өткізуге ел болып қарсылығымызды білдіреміз[27].
Бұрынғы патшалық Ресей кезіндегі казактардың дағдыға айналған жалаң қылыш көрсетіп халықты бағындыру, күш көрсету тәрізді отаршыл әрекеттердің жандануына үзілді – кесілді тиым салынсын. /Қызылорда облыстық атқару комитетінің «Қазақ тілі» ұйымы мүшелері, 21 адам қол қойған/.
Орынбор Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы болғаны белгілі. Осы ретте Орынбор облысының оңтүстік аудандары кезінде Орынбор казактары жаулап алған қазақ жерлері, яғни халқымыздың ата – мекені екендігін ашып айтқанымыз жөн.
Сондықтан бүгін Ресей Қазақстанға емес, қайта Қазақстан Ресей территориялық жағынан наразылық білдіргені абзал болар еді. Әділдігі сол. Мұны бәрі білгені дұрыс. Ол парыз. Мұны кезінде қазақ жеріне басқыншылық жасаған Ресей жұрты да білгені жөн. Осы айтылғандарды саралай отырып, бұрындары «жоғалып» алған жерлеріміздің барлығының есебін жүргізу көршілес мемлекеттермен, әсіресе, Ресеймен территориялық таласты бейбіт шешудің бірден – бір көзі деп ойлаймыз.
Ресей үшін қашан да империялық ойлау тән дер едік. Уақыт өте келе ол ұлы державалық шовинизммен араластырады. Күні кеше ғана Ресейдің Жоғарғы Кеңесі Республиканы Ресей федерациясына айналдырды, екі басты бүркіт бенеленген жаңа елтаңбаларын бекітті. Тарихқа жүгінсек, ол кезінде талай халықты жаулап, қанап келген патшалық Ресейдің елтаңбасы ғой. Екібасты бүркіт бір аяғымен Жайыққа жармасып, екінші аяғымен Ертіске жармасып, Солтүстік Қазақстан жерін өзінің «заңды олжасы» санап, қазақ халқын «жезді тарнақтарымен езіп – шаншып» келеді емес пе?! Мұны алаш ұрпағы әсте естен шығармағаны абзал.
Ал, енді Қазақстандағы бүгінгі казактың пайда болуын қалай түсіндіруге болар еді? Бұған сөз жоқ. РКФСР – дың 1991 жылғы 26 cәуірдегі «Репрессияға ұшыраған халықтарды ақтау туралы» заңы қозғау салды. Өйткені, онда зәбір көруші халықтар арасында казактар да аталған еді. Содан соң – ақ Егеменді Қазақстанға еш қатысы болмаса да, Орал және Сібір казактарының автонизм, сеператизм сияқты көңіл – күйлері жанданып шыға келді. Орал казактарының Ресейге қызмет еткеніне 400 жыл толуын атап өтуге тырысқан әрекеттері көпшілікке әбден мәлім. Петропавл мен Целиноградта да сол дүмпулердің бой көтергені жергілікті халықты қобалжытпай қоймады. Мәселен, 1990 жылдың 7 қарашасында шеруге шыққандардың бір бөлігі Ресейдің үш түсті туын көтеріп жүрді[88].
1991жылы 14 желтоқсанда Петропавлда Сібір казактары жерлестігінің Үлкен Шеңбері жиналды. Оған Қазақстандағы казактар жерлестіктер мен одақтарының өкілдері – Орал, Целиноград, Өскемен, Шортанды, Алматы меймандары шақырылды. Шеңберде казактық тарихты жандандыру, барлық казактықтың басын қосу, онысыз мақтанышты великорусс атының қайта қалыпқа келмейтіндігі айтылды. Атаман болып сайланған Виктор Ачкасовқа атамандық биліктің символы – үлкен түйреуіш сыйланды. Ол казактыққа аянбай еңбек ететіндігін білдірді. Ставрополь аймақтық казактар одағының басқармасы сондай – ақ оған І – ші дәрежелі «Казактықты қайта түлеткені үшін» құрметті Георгиев кресінің белгісін табыс етт[89].
Кубань Родасының /халық жиналысының/ атаманы, тарихшы доцент В. П. Громов орталық басылымдардың бірі арқылы күллі елге таратқан сұхбатында казактарды теперіш көрген бейкүнә халық ретінде сипаттайды. Ол «біздің басты мақсатымыз – казакчествоны саяси, экономикалық, мәдени жағынан ақтауға қол жеткізу. Мемлекет казактарға жерді пайдалану, жер еленудің ежелгі жүйесін – жерді қауымдасып пайдалану құқын қайтарып беру» тиіс» деді. Қазақстан территориясын /жалғыз Қазақстан болса бір сәрі/ Бөлшектеуді ойлайтындардың бүгінгі даңғаза дауы сол “жерге иелік құқын қайтарып беруден”басталып отырған жоқ па?
В.П.Громов:”Казақтың сүйегі қайда қалмаған. Кезінде олар кімдерді құтқармады дейсің!”.Өкініштерінің бәрі өткенге тірелген соң,тарихтың өзін куәға тартайық.
Орыстың революциялық тұңғыш газеті-А.И.Герцен мен Н.П.Огарев шетелге шығарған “Колокол”бұдан бір жарым ғасырдай бұрын шындықты жазбады деп бүгінгі қазақтар мен казактар дауласпаса керек.Тарих төрінен төрелік айтар деректерге назар аударайық.
“...Қайтадан қырғыз даласына оралайық, ол туралы айтар әңгіме әлі жетерлік. Оның талдануының екінші бір себебі - казактарға барып тіреледі. Бұл қарақшы қауым өзін Кавказ линейлік әскер мен Закавказьеден онда ол шаруалардан жасақталған басқа барлық жерлерде көрсетті. Казактың қырғызға қалай қарайтынын білесіз бе? Оның қазақтың барлық меншігі казактың өз меншігі сияқты, иемденгісі келіп тұрады, қырғыздың қойын тартып алуы, оның бұқасын немесе атын олжалап кетуді жігіттік өнер санайды, өйткені офицерлер шені төмендерді сөккені былай тұрсын, ауылдарды олармен қосыла өздері жиі тонайды. Тіпті онысымен аттарын шығарып айбарланған мырзалар да бар[90]. Мысалы, есаул Бутаков, подполковник Аббакумов, тағы басқалары Қырғыздардың арқасында бүкіл Сібір әскері күн көреді деуге болады”[90].
“Казактардың дені, даланы сол баяғы жүйемен, Ермак әдісімен басып алған... . Қырғыздардың олардан үрейленгені соншалықты, егер ауыл көші казак бекеті көзге көрінер жерден далада өте алыстағы көрінеді ғой өтіп бара жатса, сол бекетке ауылдың ауқымына қарай бір немесе екі қой жіберіп отырған. Тонауға машықтанғанын казактар мақтаныш көреді... ”[91].
“Казактар 4 ғасыр бойы осында Жайықтың жоғарғы сағасынан Каспийге дейінгі аралық/ тұрды және Ресей мемлекетіне қызмет қылды. Ал, енді ғой Отанда жүріп, шетелдік болып қалдық.
1919 жылы казактарды жою жөніндегі құпия нұсқауға сәйкес тұтастай станцияларды атып, шауып, отқа салып өртей бастады. 1920 жылы Россия құрамындағы Қырғыз кейін қазақ автономиясын құрды да, оған Орал әскерлерінің жерін қосып жіберді. 1936 жылы Қазақ СССР-і құрылған кезде, халық әділдікті қалпына келтіруді, оларды Россияға қайтаруды сұрап, Москаваға коллективтік өтініш жолдай бастады. Сол-ақ екен ГУЛАГ эшелондарының дөңгелегі тарсылдай жөнелді... Қазір бұрыс декреттерді бұғаудың ақтық мүмкіндігі туып тұр” деді ататегі қазақ, Қазақстандық халық депутаты Виктор Возолавов.”
Егеменді мемлекеттер одағы тұрақтылығының кепілдіктері туралы.
Россия Федерациясы Президенті мен Қазақстан Президентінің Бірлескен мәлімдемесі.
Елімізді бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, халықаралық право нормаларына сійкес азаматтардың праволары мен бостандығын сақтау жолында ССРО-дағы халықтары алдындағы өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, Россия Федерациясы мен Қазақстан бұдан әрі екі жақ деп аталатын екі мемлкеттің Президенттері атынан мынаны мәлімдеу қажет деп санайды:
1.Россия Федерациясы мен Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтау елдің және оны құрап отырған мемлекеттердің апатты ыдырауына жол бермеудің аса маңызды кепілі болып табылады.
2.Екі жақ РСФСР құрамындағы республикамен бірге жаңа негізде құралатын Одақтың құрылтайшысы болып отырған біртұтас күрделі Федерациялық құрылым ретінде Россия Федерациясын сақтау жалпы Одақты сақтаудың қажетті шарты болып табылады деген ортық пікір білдіреді.
3.Екі жақ Одақты құрайтын мемлекеттер ішіндегі қатынастар осы мемлекеттердің конституцияларымен және заңдарымен,ал қажет болған жағдайда- оларға кіретін республикалармен жасалынған шарттарымен және келісімдермен реттеліп отыратынын түсінуді негізге алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет