Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021


Патшалық Ресейдің отарлау саясатындағы казактардың алатын орны



бет7/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2 Патшалық Ресейдің отарлау саясатындағы казактардың алатын орны
Қазақстанды Россияның түкпір түкпірінен шаруаларды қаптатып көшіру арқылы отарлау саясаты қазақ халқының бүкіл қалыптасқан тұрмысын шаруашылық жүйесін быт-шыт етіп бұзды. Бұл отарлау өзінің ауқымы және мерзімінің ұзақтығы жағынан айрықшы алапатты болды, тіпті адам тарихында бұған тетестірілетін оқиға болған да емес.
Шаруаларды қоныстандыру арқылы отарлаудың кезендері оның сипаты туралы әр автор әр түрлі қорытынды жасап келеді. Дегенмен тарих зерттеушісі Р.Айтиевтің көзқарасы шындыққа жақын. Ол Қазақстанды отарлау тарихын үш кезеңге бөледі: 1.XIY ғасырларда еркін адамдар немесе қашқындар мен босқындар жүргізген отарлау; 2.XYII ғасырда басталған сауда өнеркәсіп мүддесі үшін жүргізілген әскери әкімшілік отарлау; 3.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында басталған қоныс аударушылар арқылы отарлау[5].
Автор өлкені отарлауды осылай әр кезеңге бөліп, оның өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттарын айқындаған. Еркін отарлау баю мақсатында жаңа жерлерді тартып алу жолымен жүргізіледі. Кейбір авторлар алғашқы басып алушылар жергілікті тұрғындарға жақсылық жасау үшін келеді дегенді дәлелдегісі келеді. Бұл жорамалдардың қисынсыз екендігін мына бір пікірмен жоққа шығаруға болды: «Алғашқы басып алу тек баю жолында жүргізілді және алғашқы басқыншылар атымен мәдени рөл атқаруға дайын емес еді. Олар дөрекі, әдепсіз, алғашқы қауымнын тобы кетпеген. Өйткені күдікті адамдар еді... Олар тіпті табиғаттың дархан байлығын ұқыпты пайдалануға немесе өз еңбектерімен өздерін асырауға ниеттенген де, күш жігер жұмсаған да жоқ. Қайта олар дәулет жинаудың басқа тәсілін- бағындырған халықты тонау, табиғат байлығын бүлдіру әдісін таңдады» [38]. Міне, алғашқы басқыншылардың бейнесі, мақсаты, іс-қимылының сипаты осындай болды.
Отарлаудың екінші кезеңінде, яғни әскери - әкімшіл отарлау кезеңінде тірек пунктері есебінде әскери қоныстардың іргесі көтерілді. Бұл қоныстардың шекаралық аумақтары (линиялар) өрбіді. Біртіндеп әскери қоныстар Қазақстанның ішкі аймақтарына жайылды. Бастапқы кезде бұл мекендер Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстардың үдере жүргізілгендігін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен бекініс есебінде, 1716 жылы Омбы, 1718 жылы Семей қаласы, 1720 жылы Өскемен қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. ХҮІІІ ғасырдыңта тұсына қарай, Омбыдан Орынборға қарай казак бекіністерінің ұзын дәлізі қалыптасты. Одан кейін өлкенің ішкі аудандарында тұрақты бекініс құрылыстары жасалды.
Әскери - әкімшілік отарлау XIX ғасырдың 2 жартысына дейін жалғасты. 1831 жылы Аягөз өзенінің жағасынан айрықша приказ ашылып, 1847 жылы Қапал бекінісінің іргетасы қаланды. 1855 жылы Лепсі, Үржар станциялары құрылды. 1847 – 1867 жылдарға дейін казактар тұратын 14 станица салынды[38].
Әскери - әкімшілік отарлау империясының отарлауын әкімшілігінің өкіметінен нығайту көмектесті және қоныстанущы шаруалардың ағылуына жол ашты.
Шаруалар арқылы отарлау алғашқыда басып алынған мол территорияға берік табан тіреу мақсатын көздеді. Бірақ бұл міндетті тек казактар қоныстарын жасау арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы 1875 жылғы есебінде былай деп жазды: « ... қырғыздар орыс халқынан алыста, өз беттерімен шөл даланың кең жазығында оңаша көшіп жүре берсе, олардың бізге бағыныштылығы жай сөз болып қалады. Орыс болып тек халық санағында жазылады» [38]. Ол жаңа өлкеге шаруларды көшіру туралы мәселе қойды. Бұл мәселені Жетісудің бірінші әскери губернаторы колпаковский де көтерді. Олар жасаған шаруаларды қоныстардыру туралы уақытша 1869 жылы Түркістан генерал губернаторы бекітті. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлінді (ейіннен 10 десятина). Қоныстанушылар алым-салықтан босатылды. Дәулет құруларына қарыз беру белгіленді.
Әсіресе астық шықпаған жылдары қоныс аударушылар қаптап кетті. Сондай ақ 1861 жылы шаруалардың басыбайлылықтан босатылуы да шаруашылар қозғалысының өрістей түсуіне әсер етт[38].
Империализм дәуірінде шаруалар арқылы отарлау орыс деревнясындағы өткір аграрлық мәселенің күрделі жағдайын жұмсарту үшін жүргізілді. Әсіресе елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Деректерге көз жүгіртсек: 1896 жылы Ақмола облысына 99399 жаңа қоныстанушылар тұратын 132 село болды,ал 1860 жылы селолардың саны 200-ге көшіп келушілердің саны 160090 жетті. Ақмола облысы 1860 жылы қоныстанушылар саны 150 адам болса, ал 1879 жылы 1800 адамға, 1890-1891 жылдары 11870 адамға, 1895 жылы 22104 адамға, 1900 жылы 25666 адамға көбейді. Мұның өзі XIX ғасырдың аяғында қоныс аударушылар қозғалысының қауырт өскенін көрсетеді. Қазақ даласы олардың барлығын ұлан-ғайыр кеңдігімен, ірі жер учаскесін кедергісіз алу мүмкіндігімен, байтақ жердің егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына жарамдығымен қызықтырды[39].
Қоныс аударушылар империяның европалық бөлігінен ғана еме,с басқа облыстардан да келді. Мысалы, халық санағы бойынша 1900 жылы тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетісу) ғана 3463596 адам болса, оның ішінде европалық россиядан келгендер 247247 адам, .Сібірден - 42119, Орта Азиядан- 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан -72, басқа жерлерден 3557, басқа мемлкеттерден келген 441177 адам болды. Сөйтіп 1900 жылы бес облыс бойынша, сырттан келішілер өлкенін барлық халқының 10,5 проценттері болды. Өзге мемлекеттерден келушілердің санына қарасақ, Қазақстанның барлық келімсектерге есігі ашық болғандығына көз жетед[39].
Патшалық россияның ішкі губернаторы шығыстағы шет аймақтарға оның ішінде Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы, әсіресе столыпиндік реакция кезінде ерекше қарқын алды. 1906-1912 жылдары Қазақстанның төрт облысына (Ақмола, Семей, Орал, Торғай) 438 мыңнан аса шаруа қоныс аударды.
Зерттеу жұмысымызда ары қарай, патшалық отарлау саясатының қандай тәсілмен, кімдердің пайдасы үшін жүзеге асырылғандығы және оның зардаптары қандай болды? деген сұрақтар төңірегінде өрбітетін боламыз.
Қазақ жерін басып алу әрекеті үш жүз жыл бойы дерлік жүргізілді. Бұл қиянат қай кезеңде болмасын қазақтардың жерін жаппай талан-таражға салумен ұштастырылды[40].
Патшалық ресейдің екпінді күші – казактар Қазақстанның ішкі аймақтарына тереңдеп енген сайын империяның да шекарасы ұлғая түсті, тартып алынған жерлерде бекіністер қаптады. Мұның өзі қазақтардың тамырын жайған ата-мекендерін тастап құнарсыз аймақтарға босуына итермеледі. Қазақтар қыстауларынан, өріс-жайылымдарынан айырылды. Сөйтіп олардың талай ғасырлар бойы жасаған шаруашылық жүргізудегі процестері жойылды.
Орал казак әскері Оралдың сол жағындағы бүкіл құйқалы аймақты суармалы мал шабындықты жайлап алды. Орынбор, Сібір, Жетісу казак әскери жасақтары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының ең шұрайлы егістік, шабындық, жайылымдық алқаптарын бауырына басты.
Казактардан соң шарулар арқылы отарлау басталды. Әлбетте басқыншылардың айлалы әрекеті осылай жалғасады: жаңа тәртіпті орнатушылардың, күш көрсетушілердің соңынан шаруалар, саудагерлер, кәсіпқойлар, тіпті таңғажайып оқиға іздеушілер мен қылмыскерлерде ағылады.
Патша үкіметі 1907-1912 жылдардағы столиндік реакция кезінде, қазақ халқының жерін жаппай басып алып отырды. Мысалы, 1893 жылдан 1895 жылға дейін, яғни екі жыл ішінде 4 млн. Десятина жер кесіп алынса, 1906 жылдан 1912 жылға дейін 7 жыл ішінде 17 миллион десятина жер жаулап алынды[40].
1910 жылы отарлаған аймақтарды патшаның таянышын бекіту мақсатымен Сібір мен Қазақстанда жеке меншікке иелену үшін қоныс аудару учаскелерін кесіп беру жөнінде шешім қабылданды. Тек 1911 жылдың өзінде жеке меншік жүздеген учаскелер мен хутор учаскелері бой көтереді. Сөйтіп, Қазақстанда кулак шаруашылықтарының өркендеуіне және помещиктік жерлердің пайда болуына жағдай жасалды. Патша офицерлері, помещиктер, көпестер, ірі жер учаскерлеріне ие болды, олардың ішінен рынокпен байланысты қалтасы қалын жылқы, қой шаруашылықтары ірге жайды. Капиталистер - кен кәсіпшілері, аренда деген желеумен қазақтарды ата қоныстарынан алыстатты.
Қазақ халқының жер байлығы АҚШ, Англия капиталистерінің де сілекейін шұбыртты. 1991 жылы американ финансисі Джон Гаммонд жер шаруашылығы министірлігінен Қазақстанда суармалы танаптарды анықтау үшін жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды. І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында американ «зерттеушілері» Қазақстанға табан тіреп те үргерді. Бірақ, олардың жұмысы соғыс басталған соң тоқталды. Бұл фактілер Қазан революциясы алдында шетел капиталистерінің өнеркәсіп енуімен бірге, шетел капиталының Қазақстан ауыл шаруашылығына да бас сұғу қаупі туғандығын көрсетеді. Қазақстанда тартып алынған және тікелей талан-таражға салынған жердің көлемі өте зор еді. Тартып алынған жерлерден жасалған қоныс аударушылар қоры 1914 жылы 41 миллион десятинаға жетті[40].
Мәйекті жерлердің жергілікті халықтың тіршілігіне, тілегіне қарама-қайшы, олардың мұң- мұқтажы белден басылып тартып алынғаны белгілі. Патша үкіметінің қоныстану саясаты қатал да имансыз саясат еді. Тіпті қазақтардың Ресей империясының боданы есебіндегі мүддесі де көзге ілінбеді. Бұл қазақ еңбеккерлерінің негізгі өндіріс құралы - жерін экспропорциялау саясаты еді.
Қиянатты саясатының ауыр зардаптары, қисапсыз қызметі жергілікті тұрғындардың сансыз арыздарында бейнеленген . Осындай арыздарды қарау үшін дала генерал-губернаторы 1907 жылы мамырдың 20-сында арнайы кеңес шақырады. Кеңесте жергілікті жерден келген өкілдер қазақтардың жер тапқыншылығы тауқыметін көріп отырғандығы, өйткені шаруаларға жер кесіп берілгеннен кейін оларға қалдырылған учаскелердін жетімсіз екендігін баяндаған. Жетпейтін жерді алаштың ата қонысында отырған шаруалардан , казактардан жалға алуға тура келіп отыр. Мәселен: Өскемен уезіндегі Шыңғыстау болысында жерді сондағы басқарушы кабинетке, сегіз шаруа және екі казак поселкесінің пайдасына кесіп берген. Содан жерсіз қалған қазақтар сол шаруалар мен казактардан жерді жалға алған. Бұған қазақтар 10 мың сом жал ақысын төлеп отырған[41].
«Дала өлкесі қырғыздарының мұң-мұқтажыдары мәселелері жөнінде дала губернаторы 1907 жылы 20 мамрға шақырған жеке кеңестің еңбектері» атты еңбегінде Көкшетау уезінде 9 болыстың сегізі шаруалардан жерді жалға алған. Павлодар уезіндегі Тереңкөл облысы қазақтардың 85 проценті жалгерлер жағдайында болған . Олардың жері шекпенділердің учаскелері мен саяжайларын жасауға тартып алынған. Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бірге рухани-адамгершілік мүддесін де қысымға түсірді. Жоғардағы еңбекте келімсектердің селоларын салған кезде қазақтардың мекендері, кес-кестей бөлініп тасталғандығы, олардың 10-15 киізүйлерге шоғырланып қана қалғандағы, мұның өзі қазақтардың бір-бірімен қатынасына кедергі келтіретіндігі, ауылдастардың экономикалық мүддесін адамгершілік және рулық қатынастарын бұзатындығы атап көрсетілген. Қай жерлерде қазақтардың көшетін жолдары шаруа поселкілерініңүстінде жатқандықтан қоныстанушылар олардың малын өткізгені үшін алым төлеттірген. Мысалы: Зайсан уезіндегі Қараертіс , Кендірлік, Қалжыр болыстарының қазақтары шаруалардың жерінен мал айдап өткені үшін әр жылқыға 20 тиын алтын ақша, оның үстіне әр түтін басы үшін тағыда 20 тиын төлеп отырған[41]. Жаз айларында қазақтар жайлауда жүргенде шарулар олардың шабындықтарын тауып алып, малдарын қамап қойып, айып талап еткен оқиғалары да болды. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардың судан тапшылық көріп отырғандығы ашық айтылған. Өйткені қазылған құдықтар ешқандай ақысы төлаөенбей шаруалар иелігіне көшкен. Жергілікті тұрғындардың арыздарында былай деп көрсетілген: «әдетте қоныстанушыларға жер көлдердің жағасынан беріледі. Соның арқасында шаруалардың қармағында ондаған көл бар, ал қырғыздар сусыз қалып отыр.
Қырғыздардағы малдың тоғыздан бірі ғана шаруаларда болса, ал шаруалар суаттың оннан тоғызын иеленіп отыр. Қырғыздар малды бұрынғыдай үш рет емес, су жоқтықтан бір-ақ рет суарады. Судың жетіспеушілігінен қырғыздар қайыршылыққа ұшырай бастады.
Кеңесте жерде талан-тааржға салу фактілері де келтіріледі. Мәселен, диеметірі 9 шақырым Тереңкөл маңайында Көкшетау және Петропавл уездерінің шекарасын да 6 поселке орналасқан. Қазақтар көлдің суына қолдары жетпей жұтай бастаған соң, басқа жаққа көшіп кеткен. Ал екі жылдан кейін келімсектер көл маңайын шөлге айналдырып, елдері келесі шұрайлы жерге қоныс аударған.
Генерал-губернатор кеңесінде қаралған бұл мәселелер нақты шешімін тапқан жоқ. Кеңесте былай деп атап көрсетілді. «... қырғыздардың, сондай-ақ шаруалардың да заң да жағынан шаруашылық мүдделерін қорғау мүдделі екі жаққа да қатысты болуға тиісті». Алайда, жағдай тіпті басқаша еді. Қоныс аударушылар жағында патша үкіметі, отаршыл әкімшілікті органдары тұрды. Жергілікті халық қорғансыз еді. Жоғарыда келтірілген жағдаяттар қазақтардың праволық қорғаны болмағандығынан, олардың тағдыр тәлкегіне тасталғандығын дәлелдейді[41].
Осындай қанаушылық күшейген, өмір сүру ортасы тарылған жағдай қазақтардың бұрыннан басталған отырықшылыққа көшуін, егін шаруашылығымен айналысу процесс жеделдете түсті. Дегенмен, бұл процесс сөз сипаты жағынан прогресті бола тұрса да қазақтар үшін өте ауыр процесс болды. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұяларын бұзып, жергілікті тұрғындарды шөл және шөлейт аудандарға күштепен көшіріп жатты. Айталық, қоныс аудару басқармасының әкімдері «бір ғана Жетісуда 3000-нан астам адам бар 5100-ден астам отырықшылық ошағын талқандаған[42].
Өлкенің далалық облыстарында мұндай зорлық зомбылық көп орын алды. Егін шаруашылығына отырықшылық арқылы көшу қарама-қайшы процесс есебінде жүрді, өйткені ол қазақтаржәне шауалар арқылы отарлау кезінде қазақ ауылшаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бұзу жолымен жүргізілді. ХІХ ғасырдың орта тұсында казактар арқылы отарлау: «өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп реттерде жеке еңбекпен-егін шаруашылығымен айналасудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. Шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бүлдіруге жол ашты. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікір дәйексөз болып табылады[38].
Революцияға дейінгі Қазақстанда шаруашылықтың бір ғана түрі, қазақтардың күн көрісінің бір ғана түрі, қазақтардың күн көрісінің бір ғана арқауы-мал шаруашылығы болды деп желең тұжырым жасаушылардың пікірі де жалған екендігін айтумыз керек. Қазақстанның бірсыпыра аудандары егін шаруашылығымен орта заманнан ақ айналысқан. Оңтүстік Шу өзенінің бойында ежелден егін салынған, мал шаурашылығына екінші дәрежеде мән берген. 1898 жылы мұнда 1500 десятинаға дейін егін еккен. 600 шаруашылық болған, ал әр шаруашылықта 8 бастан ғана мал, көшпенділерде 20-10 бастап мал болған[38]. Семей облыстарында да қазақтар шаруалар арқылы отарлағанға дейін егін шаруашылығымен жақсы таныс болған. Жер ауған поляк офицері А.Янушкевичтің жазбаларын оқысаңыз, оған көптеген дәлелдер табасыз.
Ірі шаруашылықтарда жалдамалы жұмысшылар пайдаланылған. Нақ қазақ щаруашылықтары жұмысты қауымды тәсілмен бірігіп өңдеп, бірігіп егін жинаған. ХІХ ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 90 прценті қазақтардың иелігінде еді. Жетісу облысында ХХ ғасырдың басында тұрғындардың 45,5 проценті егін шаруашылығымен, 46,8 проценті мал шаруашылығымен айналысқан[43].
Орал уезінің қазақ диқандары 1918 жылы 5,4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық рыноктарында сатқан. [44] Егін шаруашылығының өркендеуі арқасында жергілікті халықтың бұл саладан алатын табысы да үнемі молая түсті. Мысалы, 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатумен түскен кірісінен жарты еседей артық болған. Бұл деректер Қазақстанның көптеген аудандарында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан кейін маңызды салаға айналғанын көрсетеді. Алайда, қазақ жерінде егін шаруашылығының дамуына жерін тартып алу, патша өкіметіның отарлау саясатының басқа да көріністері кері әсер еткені белгілі.
Темір жолдың алыстығына, астық тұтынатын аудандардың шалғайдағы және астық өндірушілер арасындағы бәсеке Қазақстан астығының бағасын төмендетті. Патша өкіметі өлкемізден Россияның ішкі аудандарына астық тасытуға түрлі бағыттар жасады.
Патша өкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помешик нанның бағасын кемітеді деп хауіптеніп, тиісті нарық саясатын жүргізді.
Патша өкіметіның отарлау саясатының салдарынан Қазақстанның ауылшарушылығы үлкен дағдарысқа ұшырады.
Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық далаларға ысыру қазақтың егін шарауашылығының өркендеуіне қолайсыз жағдай туғызды. Тағы да деректерге жүгінейік. Қазақстанның далалы обылыстарында (Жетісуды қоспағанда) қой-ешкі 1880 жылдан 1905 жылға дейін 24,9 процентке кеміді.1880 жылдан 1913 жылға дейін яғни 34 жылда 8 процентке ғана көбейді. Ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға дейін 4,1 процентке кеміді[5].
Отаршылдық қанаудың қыспағы жергілікті халықтың экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқты. Әскери жылқы шаруашылығы санағының деректеріне қарағанда 1912 жылы Ақмола ауылында кедейлер шаруашылықтың жалпы санына шаққанда 74 процент, Семей облысында -78, Торғай обылысында – 82, Орал обылысында 98 процент болған.
Көңіл құлазытатын осы бір айғақты деректердің астарына үңілсек, царизмнің отарлау саясатының прогресті сипаты болды деген желеудің желге ұшатыны анық. Сонымен, экономикалық, тарихи әдебиеттерде шаруалар арқылы отарлаудың ықпалымен қазақтардың егін шаруашылығы өркендеді, пішен дайындау қолға алынды, отырықшылық пайда болды, өндіргіш күштердің дамуы тездеді деп 70 жыл бойы құлаққа сіңірілген көзқарастың тайтығы да тайға таңба басқандай айқын көрінді . В.И. Ленин де кезінде патша үкіметінің қоныс аудару саясаты помешиктердің жалпы билеуші таптардың мүддесін көздейтіндігін атап өткен[40].
Большевиктік партия царизмнің Қазақстандағы қатал отарлау саясатына қарсы күрес ашты. Большевиктік депутаттар Мемлекеттік Думаның мінбері арқылы патша үкіметінің саясатын сынады, қоныс аудару саясатының отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті. В.И. Ленин царизмнің жер саясаты « жергілікті халықтардың жер жөніндегі праволарын өрескел бұзу жолымен» жасалатындығын және «шет аймақтарды орыстандыру» сияқты ұлтшылдық принцип мүддесі үшін жүргізілетіндігі атап көрсетті[45].
Жер зор көлемде тартып алу, жер мәселесін шешудегі заңсыздық, белден басушылық, отарлық қанаушылық, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым- салық, осының бәрі қоғамдық процеске бөгет жасалды, өндіргіш күштердің өркендеуіне кедергі келтірді. Мұның бәрі қазақ халқының тарапынан қарсылық тудырды, тіршілік ету жолындағы күрес күшейе түсті.
1905 жылы революцияның әсері үлкен болды. ХХ ғасырдың басында көптеген аудандарға қазақтар үкіметтік протоколдарға қол қоюдан, заңсыз жер бөлу жұмысына қатысудан бас тартты. Қоныс аударушылармен қақтығыс жиіледі. 1907 жылдың қаңтарында Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында еселенген әскери күзет қойылды. Губернатордың солдат жібереміз деген қоқан лоққысына қазақтар былай деп жауап берді : «Егер малымыз жер жетіспеушіліктен қырылып қалса, өзіміз де бәрібір өлеміз. Сондықтан бізді қырып салыңдар: өз жерімізді қорғай отырып ажал табамыз» [5].
Қазақ халқының ұлттық азаттық қозғалысының ширыққан сәті 1916 жылғы көтеріліс болды. Бұл көтерілістің себебін тек қазақтарды тыл жұмысына мобелизациялау жөніндегі патша указымен ғана байланыстырудың жөні жоқ. Указ тек қоламтаны үрлеп, қалың қазақты қамтыған жалынды таратты. Көтеріліс тек солтүстікті ғана емес, Қазақстаннның бүкіл аудандарын шарпыды. Ондағы мың адамдар өз қанаушыларына қарсы көтерілді.
Патша үкіметі көтерілісті басу үшін көз көріп, құлақ естімеген аса қатал шаралар қолданды. Көтерісшілерге ірі әскери күш жіберілді. Қоныс аударушылардың дәулетті топтары арасында қаруланған отрядтары да атқа қонды[40].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет