ҚОРЫТЫНДЫ
Жаһандану үрдісі қазіргі кезде бір жағынан өзекті мәселелердің біріне айналып отыр сондықтан әдебиетті оқытуда көркем шығарманың құндылығын бала санасына сіңдіруіміздің мәні зор екенін көреміз. Көркем шығармадағы оқиға мен құбылыстарды оқушының өзі байқауы және талдауы негізінде таным процесі жоғары өрлеу түрінде түзіледі. Осындай процестерді оқыту көркем шығармада кездесетін педагогикалық, психологиялық аспектілердің қырларын танытудың мәні зор екендігін көреміз. Оқушы санасына көркем шығармадағы психолгиялық құбылыстардың тәрбиелік мәнімен қатар қоғамдағы орнын саралай отырып, сабақ барысында осындай психологизмге толы тұстарын қорытып түсіндіруде педагогикалық әдістерге сүйенеміз. Педагогика және психология ғылымдарының бірлігінде көркем шығарманы түсіндіру барысында келелі ой саалтын тың мәселелердің көрінісін айқындаймыз. Кез келген шығармадағы осындай тұспалдарды әр ақын - жазушының өзіндік стилдік шеберлігінің негізінде тақырыптық топтарға жіктей отырып, өмір сүрген дәуірін есепке алып, педагогикалық әдістермен дамыта оқыту білім жүйесін тереңдете түспек.
Көптеген талдауларда оқушылардың сыни ой тұрғысынан кешілікке ұрынуы-ой толғауының әлі де іздену керектігін талап етеді.10 сыныптағы қазақ әдебиетінде XX ғасырдың әдебиет өкілдерінің алғашқы романдар берілген. Романдардың негізгі басты тақырыбы әйелдер теңсіздігі. Ал осы романдардың психологизмі, кейіпкерлер бейнесінің иірімі терең деп айтуға болады. Мәселен, шығармаға арқау болған, XX ғасыр басындағы қыздардың қалың малға сатылуы, қыздардың сүймеген адамға ұзатылуы, өз теңдігі үшін күресуі туралы мәселелер. Автор қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын ашады, адам тағдыры арқылы тартысты суреттейді.Кейіпкерлердің ішкі жан күйзелісі, өз тағдыры үшін күресуі трагедиялық жағдайлар міне осының бәрі де, психологиялық күйзелістердің авторлық көрінісі.
Бүгінгі жас жеткіншек, ертеңгі елдің белді тұлғасы сондықтан да мектепте оқытудың тиімді тетіктерін қарастырғанымыз жөн.«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деп Әл-Фараби атамыз айтқандай ең әуелгі шарт баланың бойына адамгершілік пен моральдық этикалық құндылықтарды сіңіре білу болып табылады. Діни әдеби шығармалар рухани кемелдену мен толысуға, қажетті сұрақтарға жауап алуға қажетті бағыт болғандықтан, оқытудың тиімділігі өте жоғары болмақ, әрі новациялық әдістерді қолдана отырып сабаққа ерекше бояу енгізе алсақ, міндетті түрде бұл тәсіл өзінің жемісін берері хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |