Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы діни шығармаларды оқытудың тиімділігі ш ымкент, 2023 жыл


Жоғары сынып оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын оқытудың тиімді жолдары



бет8/11
Дата03.07.2023
өлшемі139,38 Kb.
#104007
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДұрысталдыДиплом жұмыc ARMAN соны — копия(1)

2.2 Жоғары сынып оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын оқытудың тиімді жолдары
Мектеп бағдарламасында, оның ішінде жоғары сынып оқушыларына әдеби шығармаларды психологиялық, педагогикалық тұрғыдан оқытудың әдістемелік жолдары да білім берудің кұрамдас бөлігі болып табылады.Сабақтың басында сөйлеуге бағдарлау, ондағы мағынасы бірдей сөйлемдерді талдау арқылы өзара байланыстыра білуге үйрету оқушының оқу материалын меңгеруге қызығушылығын оятады және оның өзіне түсінікті болуын қарастыруға деген ниетінің оянуына әкеледі. Психологтар егер оқушы өзін - өзі бағалай білсе, іс - әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып ынталы болады дейді. Оқушы практикада білімін көре алады. Кейбір жағдайда егер оқушы сол білімін өзіне жеткіліксіз аз деп қараса, оның өзіне намыс көруі мүмкін және әрі қарай жұмыс істеуге ынтасы жоғалуы мүмкін. Бұндай оқушылардың деңгейін, ойын сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетін дағдыландыру іс-әрекеті мұғалім арқылы оның ұйымдастыруымен іске асады. Оқушының кез келген деңгейдегі білімін бағалау, оны елеу, оған кұрметпен қарау, баланың өзін білімді сезінуіне, қиялының өсуіне, ойы мен тілінің дамуына әкелуі сөзсіз. Даму үрдісі үздіксіз, біртіндеп өседі.Қазақ әдебиеті классиктерінің еңбегін оқытуда мұғалімшеберлікпен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру керек.
Мысалы, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлыөмір бойы, адам игілігі, адам болмысын айқындау, адам болып қалыптасу қағидаларының кілтін іздеумен ой кешкен. Оларға адам сүйгіштік, Құдай сүйгіштік тән дүние. Олар осы данышпандық тұлғаларымен Тәңірге барар жолдарын айқындап танып білген. Жаратқанның пендесіне жазған ақылды, білімді, махаббатты болу идеяларының тоғысуы әрқашан адамзат болмысын рухани биіктіктен көрсетері сөзсіз. Данышпандарымыз бұл мәселені өз дәуірлерінде насихаттап, ақыл дүниесіне руханилық негізін қалап кеткен. Ендеше біз қазіргі кезеңде осы мәселелерге «көңіл - көзімізді» ашып, «жүрекпен» қабылдауымыз қажет деп білеміз. Себебі, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан мазмұнды ой мұраларымыздың дүниелерінің деніне бойлап қажетімізге жаратуымыздың өзі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Өйткені, Кеңестік жүйенің ақыл - ойымызға өз мұрамызды танытпауы, тілімізді, мәдениетімізді жадымызда жат санауымызға мәжбүр еткізгені, қазіргі кезеңде зардабын тигізгенін жоққа шығара алмаймыз. Санамыз алдағы ұрпақтың қалдырып кеткен ой дүниені бар мәнінде қабылдай алмадық. Тіптен, өзіңді-өзің тани алмауға әкеп соқтырды. Міне, қоғамдағы Кеңестік саясиландырудың адамға еткен салдарының бірі осыған жеткізді. Ал бұдан түйер қорытындыға келсек, әрбір кезеңде, мерзімде адамзат баласы сыртқы күштің әсерінен ішкі рухани дүниесінен айрылса, оның зардабы талай заманға кетеріне көз жеткіземіз. Келер ұрпақтың руханият дүниесіне зардабын тигізеді деген ой, адамның өзінің рухани жетілуі деген мәселе кезек күттірмейтін ең бір өзекті екендігін әр заман ойшылдарының еңбектерінен байқап келеміз. «Өлмейтұғын арттарына сөз қалдырған» алдыңғы өткен ғасырлардағы даналарымыздың мұраларына жете көңіл бөліп, санамызға қабылдар болсақ, бізге және бізден кейінгі толқынға берер тағылымдары маңызды да мазмұнды болары анық.
Данышпан Шәкәрім ақынның шығармашылық мұраларына назар аударатын болсақ, оның шығыс шайырларымен, әсіресе Исламдық Шығыс ғұламаларының еңбектерімен сабақтастығын байқаймыз. Шәкәрім мұраларының алуан түрі, әрі ауқымдысы осы мәнде, осы мазмұнда болып келеді. Бұл әрине, алдымен Құнанбай қажы мен ақын ағасы Абайдың ықпалы деп ұғынуымыз қажет. Ақынның Ислам тақырыбындағы бірқатар өлеңдеріне адам өмірінің пәни мен бақидан құралғандығы, дүниенің өзгермелі болмысы, ұрпақтар ауысуының табиғи заңдылығы т.б. Исламның қағидалары аясындағы аса өзекті мәселелер болып келеді. Мысалы, «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым», «Өлген көңіл, ындынсыз өмір», «Жан менен һәм көңіл», «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние», «Жас алпыстан асқан соң», «Бейіс, тозақ молда айтқан сияқты емес», «Ұждандыны мақтайды тамам адам», «Тура жолда қайғы тұрмас», «Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді», «Иманым», «Тәңірі іздеп бір мұңғыл», «Бейісте бар бір сұлу жар», «Тәңірі мен жан» т.б. Ақынның Ислам жайлы өлеңдерінде Жаратушы, Алла, Тәңірі ұғымдары адам ойының ең таза, биік көрсеткіштері тұғырында түсіндірілген. Ақынның діни – исламдық дүниетанымының шынайылығын саралаудағы ойлары көбінесе сыншылдық сипатпен өрнектелген. Исламдағы басты қағидалардың аясында жырлайды. Мысалы «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінде ақын былай дейді:
Өлімнің хақ екенін көрсеңде,
Өлместей омыраулап шабасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,


Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдық адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың [26, 69].
Көріп отырғанымыздай, ақын шыгармаларының дені Алла мен Жаратушы, адам мен адамгершілік мәселелеріне тікелей қатысты әрі маңызды аспектілерді алға тартып, қоғамның дамуында руханилықтың алатын орнын айқындап өткен.
Шығармалары өмір шындығына терең бойлаумен әсерленген Шәкәрім ақынның үнінде қытымыр, қатал шындықтың бар екенін аңғарамыз. Ол шындық - «Жаратушы», «болмыс» және «адам» мәселелері. Олар бір-бірімен ұдайы тығыз байланыста, қарым-қатынаста. Ақын осы жолдарда өткенімен үндесе отырып, осы күрделі тақырыпқа өзінше түрлендіріп мазмұн берген. Яғни, Шәкәрім поэзиясынан X-XII ғасырлардағы түркі поэзиясының майталмандары – Жүсіп Баласағұн, Яссауи әсерлерін анық байқауға болады. Адамзат болмысын рухани биіктіктен керсететін – ақыл, білім, парасат, адамгершілік мәселелерін әр дәуірде насихаттап, ұрпақтың ой дүниесіне руханилық негізін қалап кеткен ұлт ұстаздары мұрасының ақын шығармашылығы үшін рухани азық, жан дүниесін байытар күш екені даусыз. Осы орайда жеке адамның қалыптасуында адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын, оның қоғамға даму әсерін келелі мәселелер арқылы көрсетккен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»атты еңбегі деп танимыз. Мұнда қоғам дамуындағы адам ролінің ерешеліктерін, адами құндылықтардың маңыздылығына көңіл бөлінген. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттері мен тұрпайы мінездің ара салмағын ашып, жіктеп, саралап береді.
Адам болмысының рухани дені қандай болу керек дегенде, адамда ізгілік, ұят, сабыр, ар, мейірімділік, білімділіктің болуы, сонымен қатар, Аллаға деген ықылас пен таза сезімнің болуын қастерлейді Жүсіп Баласағұнның бұл еңбегінде кісіліктің, парасаттылықтың. адам болмысын жақсартатын күш екені, бүкіл бір қоғам адамның осы бір ішкі әлемінің сұлулығынан туындайтын, содан жалғасатын тірек екендігіайқын көрінеді.
Адам бойындағы жаратылыстан бар адами қасиеттер мен ізгілікті ашу, оны дамыту идеясынан құрылған бұл шығармада адами қалыпты сақтау, әдеп, білім дүниелерімен қарулану маңызды. Адами қалыпты сақтаудың жолы, ұят пен әділет, оларға қарама-қарсы адамды кісіліктен ажырататын арсыздық, мақтану, жамандау, сараңдық, еріншектік міне осыларды нақты мысалдармен жүйелейді. Адами сананы жойып жіберетін ең бір қауіпті дүние – зұлымдық. Сондықтан адами сананы күшейтудің бірден - бір жолы осылардан бойыңды алыстатып ада болу, өзіңді-өзің тазарту.
Адамзат баласының өркендеуіне ішкі адами мінездерді күшейтіп, қалыпты жағдайда өзін-өзі сақтау, өзін-өзі меңгеру, сонымен қоса, кіршіксіз тазалыққа да адами болмыстың жетіле алатындығы жайындағы екінші бір еңбекті Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» атты еңбегінен табамыз. Әрине, бұл еңбек сөзсіз сопылық танымының ең бір өзекті дүниесі: Аллатану мен адамтану мәселесі. Себебі, адам баласына өзін-өзі жетілдіру, өзін Жаратушымен үйлесімділікке ұмтылу оңай жолемес.
Яссауи дәріптеген адами қалыпты, имандылықты тізгіндеп ұстайтын нәрсе – ақыл, сабыр, мейірімділік, қайырымдылық, рақымшылық қасиеттер. Адам осы ізгілікті қасиеттерді қалыпты жағдайда ұстап, Алласын тануға ұмтылса, Түп иесінің мейірім, шапағатына бөленері хақ. Сонымен қоса, Яссауи шығармашылығының кейіпкері – адам. Адамның Алламен байланысы. Рухани жетілуі, тазару, махаббат, қоғам, заман, ғылым,білім, жаманшылықтан сақтандыру, нәпсіні тию адам үшін өзекті мәселе. Яссауи шығармашылығынан адамның рухани жетілуі мен Аллаға деген пендесінің махаббат үлгісін, өнегесін көреміз. Сопылық таным һәм поэзия Яссауи хикметтерінде әдемі өлең өрнегімен нақыштарға толы. Онда да Алла мен адам арасындағы махаббат пен терең таным бірлігі жатыр Сопылықты өзіндік сөз қолданыстары, шарттары мен сопылық символдар арқылы тамаша поэзиясын көре аламыз. Мұнда адам және оның ішкі әлемінің бірыңғай қалыпты жағдайда ұстаудың өнегесі бар.
Ал X - XII ғасырдағы Баласағұн мен Қожа Ахмет Яссауидің рухани дүниетанымынан нәр алған Шәкәрім ол тақырыптарды жырлауға келгенде, соншалық әдебиеттің қыр-сырын терең білетіндігін көрсетеді. Өйткені мұның да поэзиясындағы негізгі бірлік, жоғарыдакерсеткен ғұламалардың танымымен сәйкес. Яғни, поэзиясында Жаратушы, қоғам, адам, өмір ұғымдары өзара диалектикалық байланыста. Кейбір өлеңдерінде бұл ұғымдар тіптен бір - бірінен ажырамастай болып нақышталады. Ақын өлеңдерінің осы қасиеті мен оның басқа қазақ ақындарына ұқсамайтын көзқарастың ерекшелігін байқаймыз. Шәкәрім адамның ішкі жан - дүниесіне үңілген, оның күрделі құпиясын зерттеуге ден қояды. Адамның жан тазалығы оның болмыс кейпінің тартымдылығына әкелетіндігін дәлелдейді.
Өйткені психология мен тіл қатар жүретін үрдіс. Тіл арқылы қарым - қатынаста боламыз, қарым - қатынас психикамен тығыз байланысты. Егер психиканы тежейтін, кері әсер ететін жағдайлар болса, тіл арқылы ойымыздың шықпауы мүмкін және оның екінші адамға жетуі психологиялық негізге байланысты. Сондықтан оқушыға орта, қарым -қатынас, араласу, бірлесу, жұмыс істеу, өзін көрсету сияқты іс -әрекеттерге жағдай туғызуымыз керек.Баланың әдеби мәтін арқылы белгілі бір біліміді қабылдауы, мәтін мазмұнының мағынасына зейін қоя тыңдауына байланысты. Ал мәтін бергенде оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігі меңгерілетін мәтінге сәйкес және баланың сол жастағы қасиеттерін суреттейтін болса, онда шапшаң ойлап, шешім таба алатын деңгейін байқаймыз. Әдеби мәтіндерді оқығанда ренжу, жылау, қуану, ойлау, өмірде әр түрлі жағдайларды елестету, еске түсіру және оны түсініп, өз бойынан өткізуі сияқты психикалық күй кешу үшін оқушы қазақша ойын жеткізе білетін, сөйлей алатын жағдайда болуы керек. Сонда :
1) Оқығанын есте сақтау;
2) Оқығанын түсіну;
3) Алған білімін басқа ақпаратпен салыстыру
Егер оқушы осы жұмыстарды орындағанда немесе меңгергенде, жетекшінің тапсырмасын өз еркімен орындаса оқушының ойлау үрдісі белгілі бір нәтижеге әкеледі. Ол жаңа білімін есте сақтау, айтып дағдылану арқылы ойды өзінше сыртқа шығарады. Білім алуға бейімділік және қабылдау әрекетінен ойлау еріксіз іске асады. Ойлау қабілеті, тіл үйренуге бейімділік, әдеби мәтінді түсіну еріксіз болатын психологиялық жағдай. Қызығушылықты оятуға себеп керек. Сонда ғана пікір таластырады, ішкі сезімін сыртқа шығарады, зерттейді, өз білімімен бөліседі, салыстырады, мәтінді ұғынуға жол ашылады. Ойлау үрдісін іске қосуға мүмкіндік жасай отырып, мәтінді немесе әдеби шығарманы есіне түсіреді, есіне сақтайды, пікір пайда болады, көзқарасы қалыптасады, ой түйеді.
Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін мысалға келтіретін болсақ, баланың ойлау, пікір айту, есте сақтау, көзқарасы бөлісу, ішкі сезімін айту сияқты әрекеттерді жасататын тапсырмалар бере аламыз. Мәтінмен танысқан соң оқушы өзін кейіпкердің рөлінде сезінеді. Ол үшін балаға:
1. Әр кейіпкердің орнында болсаңыз не сезінер едіңіз?
2. Қай кейіпкердің ойымен келісемін немесе келіспеймін деп ойлайсыз ? Неге ?
3. Өз пікіріңіз туралы не айтасыз? деген сұрақтарды оқушылар бір - бірімен бөлісе ортаға сала отырып, талқылайды. Мәтіндегі тастың су ағар жеріндегі жазу баланы ойлантады. Сонымен дидактикалық материал ретінда бірнеше тапсырма беруге болады. Мысалы: сөздікті пайдаланып, мазмұнын түсіндіру, әңгімені оқыту, негізгі идеяны анықтату. Жазушы әңгімені кімге арнайды. Шағын шығарма жазу үшін материалдар жинау және журнал жүргізу, әңгімені оқи отырып, анықтағыш сөздерді теріп жазу, жазған шығармаға ат қою, жұмыс түрлерін жүргізеді. Таңдаған тақырыпқа байланысты барлық ақпаратын, білімін, материалын, фактілерін жинақтау және жазу.Ол үшін оқушылардың психологиясын білу, олар туралы күнделікті бақылаулар жүргізіп отыру оның негізгі критерийлерін бірлесе ойлап шығару біріншіден қызығушылығын арттырады. Екіншіден, оқушы жетекшінің бақылауын білуге тырысады.Жас ұрпаққа осы заманғы білім беріп, көркемдік талғамын арттыруда өмірге көзқарасын қалыптастырып, халықтық тәрбие беруде ізгі мінез - құлық, биік адамгершілік, ұлтық ерекшеліктерді қалыптастыруда әдебиет пәнін оқытудың орны ерекше. Бұл ерекшелікті оқушы бойына қалыптастыру үшін, әдебиет пәнін оқытудапедагогикалық, психологиялық негізге сүйене отырып, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне сай, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істетіп, біліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамыту әдебиетті оқытуға зор үлесін қосады.
Инновациялық білім – іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан - жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт- бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін - өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді, кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады. Сын тұрғысынан ойлау деген не? Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселесе байланысты өз пікірін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге » деп аталады. Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады :
1. Қызығушылықты ояту, оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады.
2. Мағынаны тани білу, оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
3. Ой-толғаныс оқушылар өз ойларымен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой-кестесін үйренеді. Онда түрлі стратегиялар қолдануға болады. Ой түйіндеу стартегиясы, тумалы бейне стратегиясы, сөздер сөйлейді стартегиясы, түйінді сөздер стратегиясы, интервью стратегиясы және еркін ой стратегиясы т.б.
Оқушының теориялық білімін жетілдіруге жәрдемдесетін оқыту процесі үздіксіз, терең ойлау қабілетін дамыту үшін жасаған әрбір қадамын мазмұнға, сыни ойлауға топтық жұмыс бойынша қойылған мақсат пен міндеттерге негізделеді. Дамыта оқыту идеясын оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты, рефлекцияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарның бірі болып отыр. Сондықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады.Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың өысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлекциясы = даму » түрінде ұсынады. Г.С.Суховская мен Ю.В.Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімніңкәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады:
1. Мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдары түсіну бағытындағы әрекеттесуінде;
2. Оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере оты рып, оқыту үрдісінң мақсаттарын анықтау мен жобалауда;
3. Оның өз әрекетін, сол әрекеттің субъектісі ретіндегі өзін талдауда тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.Қазіргі әдістемеде қолданылып жүрген бірнеше әдістерге тоқталсақ.
1)Педагогикалық бақылау әдісін 6 сыныпта оқушыларға үй тапсырмасын орындату арқылы шығармашылық жұмысты құруға болады. Тақырыпты мысал ретінде С. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» деген термесіне сүйене отырып шығарма жаздыруға болады. Оқушы жақсы мен жаман қасиеттерді ажыратады, сол негізде ойы дамиды. Бұл әдіс негізінен оқушыны қалыптастыру мен қатар ізгілікке жетелейді, дұрыс жолға бағыт береді. Әдебиет пәнін меңгерудегі танымын арттырып, жақсы мен жаман қасиеттерді туралы ой қорытады. Ал түйіні - әдебиетті оқу арқылы, психологиялық тұрғыдан ойының дамуына аса мән береді.
2) Проблемалық оқыту әдісі негізінен проблемалық сұрақтарды оқушылардың шешуі арқылы жүзеге асады. Проблемалық оқыту оқушының танымдық көзқарасын кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады. Проблемалық оқыту оқушының білімді игеруі мен проблемалық жағдайларды талдау жолдары арқылы жүзеге асырылады. Проблемалық оқыту білім игеру қарқынын тездетеді, сапасын жақсартады, оқуға деген ынтасын оятады. Проблемалық оқытукезінде мына нәрселер айқын көрінеді: Проблеманың тууы және оны сезіну, шешімін табу үшін іздену, оның дұрыстығын тексекру. Проблеманы сезіну оқушыны қиын жағдайлардан шығу жолдарын табуға жетелейді. Бұл оқушыны өз бетінше ойлануға мәжбүр етеді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін психологиялық мәнді сұрақтар қою (проблемалық ситуация тудыру) шығармадағы оқиғаның шиеленісу тұсын таңдап алып, тығырықтан шығу жолын қарастырылуы туралы алуан түрлі ситуациялар беріледі. Мәселен 6 сынып оқулығында Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен үзінді берілген. Бұл тақырып проблемалық оқыту әдісіне сай. Осы тақырыпта алуан түрлі әрі қызықты проблемалық сұрақтар қою оқыту үшін маңызды. Ондай сұрақтарға Қожаның ағаттығы, іс - әректі, уәдесі, әсіресе «түбінде адам болатын бала» деген сөзді естігендегі Қожаның бейнесі т.б. сұрақтар төңірегінде болмақ. Оқушыларды одан әрі қызықтыру үшін сен Қожаның орнында болғанда, не істер едің? деген ситуация тудырып, тапсырма беріп, оқушылардың ой - өрісін, талғамын қалыптастырып, сонымен қатар әдебиеттің психологилық, педагогикалық негіздерінің ашылуына негіздерінің ашылуына көмегін тигізеді.«Жауыздықтың қолында бір ойыншық» немесе «Қорғансызыдң күні» деп аталатын шығармада өмір шындығы мен кейіпкерлердің психологизмі берілуі арқылы жетімдік, жесірлік, ішкі күйініш эмоцияларының берілуі шығармадағы әлеуметтік астармен, әлеуметтік теңсіздікпен, саяси әділетсіздік пен ел билеу дәстүрін бұзудағы психологиялық шешімнің көрінуімен де ерекшеленеді. Мақсат: қоғамдық биліктің өзгеруі, сыртқы империялық, отарлық биліктің танылуы осыдан туындаған әділетсіз шешімдердің қазақи қалыпты бұзуын соның әдебиеттегі көріністерін талдау арқылы қоғам шындығын табу болмақ. Көптеген талдауларда оқушылардың сыни ой тұрғысынан кешілікке ұрынуы-ой толғауының әлі де іздену керектігін талап етеді.10 сыныптағы қазақ әдебиетінде XX ғасырдың әдебиет өкілдерінің алғашқы романдар берілген. Романдардың негізгі басты тақырыбы әйелдер теңсіздігі. Ал осы романдардың психологизмі, кейіпкерлер бейнесінің иірімі терең деп айтуға болады. Мәселен, шығармаға арқау болған, XX ғасыр басындағы қыздардың қалың малға сатылуы, қыздардың сүймеген адамға ұзатылуы, өз теңдігі үшін күресуі туралы мәселелер. Автор қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын ашады, адам тағдыры арқылы тартысты суреттейді.Кейіпкерлердің ішкі жан күйзелісі, өз тағдыры үшін күресуі трагедиялық жағдайлар міне осының бәрі де, психологиялық күйзелістердің авторлық көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет