Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы діни шығармаларды оқытудың тиімділігі ш ымкент, 2023 жыл


ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК, ДІНИ-МӘДЕНИ ЖАҒДАЙ



бет5/11
Дата03.07.2023
өлшемі139,38 Kb.
#104007
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК, ДІНИ-МӘДЕНИ ЖАҒДАЙ
1.1 Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, діни-мәдени өміріндегі ерекше өзгерістер (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы)
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік, діни-мәдени жағдай аса ұқыптылық пен зерттелуге тиісті кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде Ресей 47 түркі тілді халықтарды түгел жаулап алған соң, ол халықтарда қалыптасқан дәстүрлі ел билеу жүйесін түгелдей жойып, отаршыл Ресейдің ел билеу жүйесіне түсіру мақсатында мейілінше кертартпа бағыттағы реформаларды аспай-саспай біртіндеп жүзеге асыру арқылы ол халықтардың тұрмыстық салт-дәстүріне, рухани әлеміне қатты қысым сала бастағаны тарихтан белгілі. Бұл саяси әрекет әсіресе ұлан ғайыр алып даланы жайлаған қазақ пен ноғайға айырықша қатыгез көзқараспен тиісті. Бұл жөнінде ғалым М.Мырзахметұлы мынадай деректі келтіреді: «Қазақ, ноғай халқын жер бетінен жою мақсаты жайында орыстың саяси элитасы 1876 жылы саналы түрде бір пікірге келді» – деп 1916 жылы Сырдария генерал-губернаторы Куропаткин өз күнделігінде мәлімдейді.
1865 жылы «Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-1894 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін 1895 жылы арнайы қоғам құрылып, Семейде – 5, Ақмолада – 3 бөлімшелері ашылды.
Түркі халықтарын христиандандыру жолында құлай қызмет жасаған миссионерлердің бірі В.А.Яковлев «Из истории церковной жизни Туркестана» атты еңбегінде: «...здесь каждый христианин обязан быть и миссионером... Мы русские, призваны насаждать среди всего этого населения начала истинной религиозной жизни» [1, 98]– деп жазды.
Декабристердің көрнекті өкілі П.И.Пестель Ресейге тәуелді түркі елдерінің бәрін орыстандыру керек деген идеяны қолдаған. Ол: «..барша халықтардан бір халық түзіп, Ресейді мекендегендердің барлығы орыс болуы тиіс» [ 2, 3]– деп жазды.
Ғалым М.Мырзахметұлының қаншама архивтерді ақтарып, аталған кезеңнің ауыр зардаптарын барынша айшықтап, қарапайым халық біле бермейтін тұстарын ашып берген «Қазақ қалай орыстандырылды» атты зерттеу еңбегі 2015 жылы толықтырылып, орыс тілінде «Совершенно секретно: Тайны русификация казахов» атауымен қайта баспа бетін көрді. Осы еңбекте ғалым қазақтың зиялы қауым өкілдері бұл үдерісті ерте түсініп, оған қам-қарекеттерін жасағандығын жеткізеді:«Гибельные для казахского народа последствия такой политики глубоко осознала первая группа казахской интеллигенции, то есть поэты и писатели, чьи имена и творчествона долгие годы были преданы забвению. Они не только понимали пагубность такой зловредной политики, но активно противились ей. Жусипбек Аймауытов, собственнымиглазами видевший комплексные меры, предпринимаемыецарским правительством по русификации и крещению казахов, писал: «…Начали делить казахскую землю и раздаватьее пришлым мужикам. В аульные школы устроили миссионеров, чтобы портить язык, портить веру, учредили новыезаконы, мирового судью, крестьянских начальников, чтобыисковеркать традиции и обычаи, самосознание и подчинитьрусским. Чтобы обескровить казахов изнутри, внедриличуждые выборы и штаты, натравили казахов друг на друга»[3, 98].
Осы тұста Орыс империясының отарлаушылық саясатты жүзеге асыруда бірнеше әдістерді қолданғанын көруге болады. Оның бірі, бодан елдердің ел билеу саясатына өзгерістер енгізіп, «бөліп ал да, билей бер» әдісін ұстанғандығы. Зерттеуіміз түркі халықтарының қара шаңырағы болған – Ұлы дала елі және ондағы қазақ әдебиеті тарихында ерекше көрінген кітаби ақындар шығармалары тұрғысынан өрбитін болғандықтан бұл үдерісті қазақ даласына қатысты деректермен айшықтауға кірістік.
Ең алдымен дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан үш жүзге бөліну жүйесін негізге алып, біраз уақыт бойы қазақ даласында жүздердің қалыптасу тарихын зерттеу қолға алынды. Мұнда Империя тарапынан арнайы жіберілген В.В.Бартольд, М.П.Вяткин сынды ғалымдардың зерттеулері негізге алынып елдің арасын алшақтатудың түрлі тәсілдерін ойластырғаны тарихи деректерден белгілі. Мұның бір мысалын тағы да профессор М.Мырзахметұлының зерттеуінен таптық:«Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында отарланған қазақ елін тұрмыс жағдайы мен рухани әлеміне ел билеу жүйесіне өзгерту ендіру мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұзақ жылдар бойы жүргізу арқылы ел билеуші атқамінерлерді ішке тартып, үркітпей сендіре беру саясатын тікелей қолға алу әрекетіне кірісті. Қазақтар үшін ел билеудің «Ұзын арқау, кең тұсау» деп аталатын үлгісін орнықтырды. Бұл билік түрі 1822 жылдан 1867 жылға дейін, яғни 45 жыл мерзімге созылды. Батыс Қазақстанда билік тұтқасын сұлтан правительдер, яғни ең сенімді төрелер ұстады. Ал орта жүзде аға сұлтандар әуелгі кезде төрелерден қойылып, Кенесары көтерілісінен кейін билікке қарапайым қазақтар келе бастады. Мысалы, Құнанбай қажы т.б. Ал ұлы жүз қазақтары Қоқан хандығына бағынуы себепті ел билеу тізгінін ірі ру басы, датқалар ұстады, яғни рулық жүйе негізге алынды. Біртұтас қазақ жері үшке бөлініп, ара-қатынасқа тұсау түскендіктен қазақ әдебиетінің өзі де үш бағытқа ыдырай бастады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз ақындары поэзиясында сұлтан правитель образдары сомдала бастады (Мысалы, Махамбет бастаған ақындар тобы), орта жүз ақындары поэзиясында аға сұлтан образын Дулат ақын бастаған ақындар тобы әдебиетке әкелді. Ал Ұлы жүз ақындары (Сүйінбай бастаған саңлақ ақындар) поэзиясы датқалар образын жасауы – қазақ әдебиеті тарихында үш түрлі әдебиет ағымы пайда болғанын айғақтап тұр [4, 98].
Отарлаудың келесі әдісі – бодан халықтардың түрлі таптағы өкілдерін бір-бірлеріне айдап салу немесе «Жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру» жүйе-әдісі еді. «Бұл амал айланың бастамасы Екатерина ІІ нің Орынбор генерал-губернаторына «...организуйте и проследуйте кто стоит во главе киргиз-кайсаков и их родовой знати, никогда не было мира. Их все время наталкивайте против друг-другу и чтобы они постоянно грызлись, что очень выгодно будет нам» деп жазған қызмет хатында жатыр»[5, 49].
Бұл зұлымдық әдісті өңірлерде генерал-губернаторлардың артығымен орындағаны, сөйтіп қазақтарды қала берді барлық бодан болған түркі халықтарын қойдай қырудың амал-әрекеттері жүзеге асырылғаны генерал губернаторлардың бір-бірлеріне жасаған мәлімдемелері мен ұсыныс хаттарында анық жазылған. Бұған батыс генерал-губернаторы Сперанскийдің жасаған ұсыныс хатын дәлел ретінде келтірген профессор М.Мырзахметұлы жылдар бойы жабулы жатқан қазанның бетін ашып, шындықты жариялады. «Осы зұлымдық идеяны Сперанский одан ары жалғастырып: «Қазақ жерінде сексеуіл деген ағаш өседі екен. Оған шеге қақсаң кірмейді, балтамен ұрсаң жарылмайды, ал сексеуілді өзіне өзін ұрсаң тас-талқаны шығып быт-шыты шығады екен. Осы тәсілді қазақтарға қолданайық», – деп ұсыныс береді. Осы сексеуіл әдісін Ресей патшасы қолдап, жүзеге асыра бастады» [5, 49].
Ендігі бір әдіс – бодан елдердің әліпбиін екі рет ауыстыру арқылы ұрпақтар жалғастығының арасын үзіп тастау еді. Коммунистік партияның саясатын жүргізу үшін Қазақстанға жіберілген Ф.И.Голощекин 1925 жылы 1 желтоқсандағы Бүкілқазақстандық 5-конференцияда партия саясатының мәнін былайша ұғындырды: «Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған жоқ. Ол үшін «кіші Қазан төңкерісін» жүзеге асыруымыз қажет»[6, 3], – деп арнайы теорияны бекіткен және оның жоспарының алғашқы кезеңінде: «Зиялы қауым өкілдерін бір-біріне жауығатын екі кереғар топқа бөліп, анағұрлым танымал, халық алдында беделді зиялыларды ұлтшылдықпен айыптап, оларды қарсы топтың көмегімен жойып жіберу. Сондай-ақ «ұлтшылдардың» дұшпандық идеяларын іске асырмау үшін қазақ әліппесін ауыстыру қажет...». Сондай-ақ бесінші кезеңде: «Қалған барлық қазақ зиялыларының көзін жойып, қазақ әліппесін тағы да ауыстырып, осындай әдіспен жеткіншек ұрпақты өз халқының тарихын бастапқы тума көздерден оқып білу мүмкіндігінен айыру» деп қорытқан. Голощекиннің бұл жоспары «Сталин жолдасқа бес сауал» деген қызметтік жазбасында баяндалған. Оған жауап қайтарған жеделхатында Сталин былай дейді: «Голощекин жолдас! Менің ойымша қызметтік жазбада атап көрсетілген саясат, негізінен бірден бір дұрыс саясат болып табылады» [6, 3].
Ғалым Бейсембай Кенжебаев ХІХ ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайын ұлтының дана перзенті Абай Құнанбайұлы өмірімен байланыстыра зерттей отырып: «Абайдың заманында қазақ даласында екі түрлі қоғамдық қарым-қатынас бар еді: ол бектік феодалдық, капиталистік қалып болатын. Қазақ бұқарасында осы екеуінен туған екі түрлі ауыр азап, екі түрлі қанау, қысым бар еді. Оның бірі отаршылық қанау еді де, екіншісі бектік феодалдық қанау еді» [7, 169] – деп, империя тарапынан ашық жүргізіле бастаған отарлаумен қоса ішкі бектік феодалдық яғни бай, шонжарлардың елдегі әлсіз, кедей, шаруаларды қанаушылық әрекеттері де сыртқы жаулауға «өлгеннің үстіне тепкендей» әрекет екендігін айтады.
Жалпы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында Орыс империализміне қарсы идеялардың көріністерін қазақ даласында ертеден қалыптасқан білім көзі, тегі бір түркі халықтарын бір жазу-сызу арқылы тұтас танымдық жүйеге бағындырған «усули қадим», қадым оқуымен, сондай-ақ татар халқының дана перзенттері Исмайыл Гаспыралы, Қаюм Насыри, Маржани сынды ағартушылар арқылы қазақ жеріне тереңдеп ене бастаған усули жәдид – «жәдидшілдік» бағытымен айқындауға болады. Осы кезеңді «Ояну дәуірі» деп атаған ғалым Б.Кенжебаев: «ХІХ ғасырдың соңғы және ХХ ғасырдың бастапқы кезінде ғана өлкенің шаруашылығы капиталистік бағытқа ұласып, ілгері дамуға, 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революцияның әсерінен халықтың сана-сезімінің оянуына мүмкіндік туды. Рухани өмірге өзгеріс енді. Қазақ даласындағы мектеп, медреселердің көпшілігі жаңа оқу усули жәдидті үйренуге көшті, яғни мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар ана тілі, дүниетану ғылымы, есеп, география, тарих оқылды, кейбір медреселерде орыс тілі де үйретілді. Балалар аз уақыт ішінде хат танып, біркелкі дәрежеде бастауыш білім алып шығатын болды»... Жалпы алғанда мектеп, медресе қазақ арасынан сауатты, оқыған адамдардың шығуына, қазақтың жаңаша оқыған зиялыларының көбеюіне халықтың оянуына біраз себеп болды[8, 50] – деп ой топшылайды.
Ғалым «Ояну дәуірі» деп атаған бұлкезең, шын мәнінде лайықты бағаланған еді. Өйткені дәл осы кезеңде әлемдік өркениетте барлық салаларында алға жылжудың болғандығын байқауға болады. Қазақ даласында да бұл үдеріс жоғарыда аталғандай көріністермен пісіп-жетіліп отырды. Сондай-ақ екі топтың да түпкі идеялары – отарлауға қарсы азаттық күрестен туындаған болуы заңды деп білеміз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ арасында ағартушы ақындар Ыбырай Алтынсариннен бастап, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы сынды көзі ашық, жан-жақты сауатты ғалымдар, ХХ ғасыр басында өз өмірін түркілік идеямен тікелей байланыста ұстаған Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай бастаған саналы азаматтар мен ел тағдырын ойлаған зиялы қауым қазақтың ғылымын, оқу-білім жүйесін, қоғамдық ой-санасын, баспасөзін, саяси бағытын қалыптастыра бастады. Осы шоғырдың бел ортасында жүрген М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Сейфуллин сынды қаламгерлер бір жағынан қазақ жазба әдебиетінің толық қалыптасуына үлес қосса, екінші жағынан орыс империализміне ішкі қарсылықтарын елін сауаттандыру арқылы білдіріп отырғандығын көруге болады.
Мысалы, Ыбырай «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабының кіріспесінде:“…Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрыстал-маса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды…”Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, - деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады. Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелгісі иман болса керек» [9, 10]. Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені емес пе? Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған «имандылықтың» арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, адалдық, кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды. Тіпті, қауымдаса да алмайды. Осылайша «иман» деген ұғымды түсіндір-ген. Имандылықты әбден түсіндіріп болғаннан кейін Ыбырай бабамыз өз еңбегінде көңілді Исламның парыздарына бөледі. Олар: намаз, ораза, зекет, қажылық, не адал, не харамдегенжәйттер. Осы айтылған әр парыздың астарында да тәрбиелікмәні бар небір керемет ойлар жатыр. келтіріп, Қағбаны салмаққа бұйырмақ. Себебі, Қағбаға соңғы уақыттарда жүзін бұрып, тауаф (Қағбаны айналып жүру), һәм бес намаз оқыған адамның, сол бес таудың ауыртпалығындай күнәсы болса да, күнәсын кешіремін дегенге ишара түшінеді», – деп айтылады[10, 41-42]. Яғни, бес рет намаз оқу, құдайға жалбарынып, бес рет кешірім сұрау, сол арқылы өзінің күнәсін жуу, деп түсінген. Осылардың барлығының басын қосып келгенде – діннің негізгі мақсаты мен міндеті адамды тәрбиелеу, оған дұрыс жол – құдайдың жолын көрсету, оған сенім мен күш беру – деп білеміз. Кешегі бейіштен Жерге қуылғаннан бері қарай дін адамды тәрбиеледі, оның көзін ашты, жамандық пен жақсылықтың, ақ пен қараның аражігін ашып берді. Адамның табиғатпен тіл табысып, күн көруіне, одан көп дүниені үйренуіне, әсіресе, табиғаттың заңдылықтарын, құбылмалылығын, небір жағдайларды дұрыс қабылдап, оған төзе білуге, кездескен қиыншылықтарды бірлесе жеңе білуге үйретті. Ойын қалыптас-тыруға, барынша кеңейтуге, жадын нығайтуға, нені болса да ойлап істеуге үйретті. Адамның мінезін бір жүйеге келтірді. Оған дүниедегі өзінің орнын көрсетті. Дін адамдардың ойларын биледі, адам сияқты өмір сүруге үйретті, оның рухын оятты. Дін – адамдарды имандылық пен ар-ождан тазалығына және ізгілікке үндей алатын құдіретті күш. Рухани кемелдік пен тереңдікке дәстүрлі дінді дұрыс ұстана білу арқылы да жетуге болатыны ешқандай талас туғызбайды [11,68]. Ыбырай атамыз ұстаздықты өз үйінен бастап,қазақтың әулет мектебінде қалыптасқан «Ата-ана-бас ұстаз» қағидатын сыныптық мектепке алып барған жаңашыл ұстаз Себебі орыс-қазақ халық мектебі ашылғанға дейін шәкірттерін өз үйінде оқытып,қазақтың әулет мектебін халық мектебіне ұластырып, енді «Ұстаз-шәкірттердің екінші ата-анасы болуға тиіс екенін»- өз үлгісімен көрсете білді. Жалпы қазақ халқы ұстазды ерекше қадір тұтып, барынша сыйлап,ата-анасындай көретін дәстүрі бар жұрт. Қазір жер басып жүрген әр қазақтың жүрегінде алғашқы ұстазы анасымен бірге сақтаулы.Ыбырай атамызға ұстаз тіптен де, ерекше қадірлі де,қажет болған. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген. Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеу де басты күш – ұстазтұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олар менеше бір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды», «мұғалім-мектептің жүрегі» Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып, оны ізгілікке, қайырымдылыққа жұмылдыру болды Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті, қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті дейді. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіл әлемдік тәлім тәрбиенің алтын дінгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында, ол: «Егер балалар бірде мені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықылас пен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді… Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді. Ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: “Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. … мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» -десе, « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесің деп әкебаласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста. Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт дегеннің бәрі де ата-бабаңның өмір сүрген және жерленген жерінде, туған ошағыңның басында жақсырақ, алқайғы дегеніңнің қандайыда, тіпті, ажалдың өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты»-дейді ақын. Бұған қарағанда Ұлық Ұстаз педагогикалық іс-әрекетінде, үдерісінде имани педагогиканың имандылыққа, ізгілікке, кісілікке баулу қағидаларын үнемі басшылыққа алғандығы айқын аңғарылады. Сондықтан да Ыбырай бабамыз имани педагогиканың ғылыми негізін қалыптастыру-шылардың бірі,әрі бірегейі болғандықтан оның жарық жұлдызы атанған.Жұлдызда жұлдыз болған бабабыз сыңғырлаған қоңыраулы жұлдыз. Ұлы Даланың көк аспанында мәңгі жарқырай береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет