Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы діни шығармаларды оқытудың тиімділігі ш ымкент, 2023 жыл
ДұрысталдыДиплом жұмыc ARMAN соны — копия(1)
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әдебиет тарихындағы ерекше зерттеуді қажет еткен ХХ ғасыр басындағы қалыс қалып бара жатқан қазақ рухани мұрасына үлкен үлес қосқан – діни-ағартушы ақындардың шығармашылығы болды. Бұл ақындардың басында сөзсіз, Ыбырай мен Абай Шәкәрім ақындар тұрғаны мәлім. Әйтсе де қазақ діни-ағартушы ақындары бұл тұлғалармен шектеліп қалмайтыны белгілі. Қазақ әдебиет тарихының ХІХ-ғасыры мен ХХ ғасыр басындағы кезеңде бұл салаға көптеген бұрын ғылымға белгісіз тұлғалардың үлес қосқанын көруімізге болады. Майлы ақын, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Шәді Жәңгірұлы сынды ақындар осының дәлелі. Бұл ақындар шығармашылығын оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын арттырудағы маңыздылығын зерттеп зерделеу дипломдық жұмысының өзектілігі болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ әдебиет тарихының ХІХ-ғасыры мен ХХ ғасыр басындағы өмір сүрген қазақтың діни-ағартушылық ой-санасының өсуіне ерекше ықпал еткен Майлы ақын, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Шәді Жәңгірұлы сынды ақындардың бірнеше еңбектеріне талдау жасау. Зерттеу жұмысының міндеттері: Діни-ағартушы ақындар өмірбаяны жайлы деректерді жас ұрпаққа жеткізу; Ақындар шығармашылығындағы дәстүр жалғастығын ашып көрсету; Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмы сты жазу бары сы нда жүйелеу, жинақтау, талдау,зерттеу, әдістері пайдаланылды. Экспериментті к база. Шымкент қаласы ндағы № 14 жалпы орта білім беретін мектеп базасы нда өткі зі лді. Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Ақындар шығармашылығын оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын арттырудағы маңыздылығын зерттеп зерделеу жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. жүктеу/скачать 139,38 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |