2 ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДІНИ-АҒАРТУШЫ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Абай қара сөздерінің оқушылардың рухани тәрбиесіндегі орны мен маңызы
Негізінен әдебиет пәні алуан түрлі педегогикалық, психологиялық иәндегі шығармалардың аса реркшелігіне лайықталып берілімен дараланады. Әдебиетті оқытудың педагогикалық, психологиялық аспектілерін нақтылайтүсу үшін енді сабақ түрлерін нақты мысал арқылы көрсетсек. Әдеби шығармалардың ішінде психологизмге бай, тәрбиелік мәні зор, ғибратқа толы – А.Құнанбаевтың қара сөздері. Оқушыға бұл сөздердің мән мағынасын түсіндіру мұғалім үшін де, қоғам үшін де маңызды болмақ. Қара сөздердің жанрлық ерекшелігі философиялық трактаттарға үндес келеді. Абайдың өзі тапқан прозаның жаңа түрін мораль, адамгершілік туралы өсиет, толғау, афористік ойлар жиынтығы деп танимыз. Мысалы, 38 сөзде «Ғақлия-тасдиқат» яғни мораль мәселесінің сөз болуы, 37 сөзде ерекше афоризмдер жинағы, 46 сөзде тарихи очерктерге жақын келуі, 43 сөзде педагогикалық, психологиялық терең, жүйрік ой, оның даналығының нақты көрінісін айқындайды. Абай қара сөздерін оқытуда сынақ сабақ тиімді. Мәселен, сабақтың түрі сынақ сабақ.
«Сынақ сабақ» – оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында шығармадан не түйді, соны қорыту бағытында жүреді. Сынақ сабақ оқушылардың әдебиеттен алған білімдерін практикада пайдалану жүйесі.
Мәселен, 6 сыныпта Абайдың 31 қара сөзі берілген. Қара сөзде айтайын деген ойы, тұжырымының шынайылығы ақын кеңесі мен өсиетін күнделікті тәжірибемен салыстыру арқылы таныту қажет.«Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» деп басталатын қара сөзде осы төрт себепті талдай отырып, адам өміріне, тіпті әлемнің тіршілігін жалғастырушы деп ұғындырады да, бұл үшін қасиеттерден аулақ, қашық болу керектігін айтады. Оларды «ой кеселдері» деп атайды. Осы ғибрат пен ой кеселдері бір - бірімен арпалысып жататындығын тағы да көрсетеді. Тек ой кеселдерін жеңіп шыққан адам ғана күллі ақыл мен ғылымның күзі екенін түсіндіреді. Міне, осындай керемет философиялыөқ ой - тұжырымдамаларға ие сөздерден Абай психологизмінің көрінісі ашылып тұрады.
Сайып келгенде бұл қара сөздерді оқытуда, психологиялық, педагогикалық маңызды сұраулардың туындауы шарт. Абайдың ұлағаттысөздері адамның адам болып қалыптасуына негіз болатыны туралы жан - жақты түсіндіруді талап етеді.
Ендігі сабақтың түрі етіп, сот сабағын алуға болады. Жоғарыда атап өткендей заман, қоғам қайшылығына сай бірнеше ақындарымыз қарсылықты поэзия тобына енді. Біз олардың өмірбаяны мен дәуірі туралы жоғарыда өттік. Сондықтан қарсылықты поэзия өкілдерін оқытуда, бұл сабақтың маңызы зор екендігін айтамыз. Осы орайда, Абай қарасөздерінің әралуандығы да ескеруге тиіс мәселенің бірі. Яғни, Абай қарасөздерін әртүрлі тақырыпта жазған. Абайдың қара-сөздеріндегі пікірлері Исламға қарсы келмейді, қайта үндесіп, сабақтасып тұрады. Абай қарасөздерінде қозғап отырған мәселесінде мақсатына жету үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.)-дың хадистерінен дәлелдер келтіреді. Абайдың осы қырық бес қарасөзінің он бірі толық дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері бір ғана діни мәселелерден сөз қозғайды. Мысалы, он үшінші қарасөзінде иман мен ғибадат, жиырма жетінші қарасөзінде құлшылық, хикмет, ақыл жайында, жиырма сегізінші қарасөзінде тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, отыз төртінші қарасөзінде ақырет, иман, дүниелік өмір, қырық үшінші қарасөзінде жан мен тән, ақыл, талап, қуат, қырық бесінші қарасөзінде Аллаһ Тағаланың барлығына дәлел, әділет, махаббат туралы баяндайды.
Абай қарасөздерінің ішіндегі ең көлемдісі отыз сегінші қарасөзі болып табылады. Бұл қарасөзінде көптеген діни тақырыптарына тоқталады.
Киім кию әдебі жайында жазылған он сегізінші қарасөзі толығымен Мұхаммед (с.а.с.)-ның сүннетімен үйдлеседі. Осы қарасөз былай деп басталады: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ кербездің ісі…».
«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қарапайым, кірсіз киінетін еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) киімнің денеге пайдалысын және жеңіл келетінін таңдайтын. Киімдерді мақтаныш, көкіректікке себепші болмау керектігін айтатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа үлкен мән берген.Бір күні үсті-басы кір адамды көргенде, оған «Үсті-басыңды жумайсың ба?» деген.
Мақтаншақтық туралы айтылған жиырма екініші қарасөзінде былай дейді: «…біреу жаққа мақтанарлық мақтан іздейді, ол – надан, ләкин надан болса да – адам. Екінші өз елінің ішінде мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айпаса, яғни ауылына ғана келіп айпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол наданның наданы, ләкин адам емес…».
Ислам діні ғылым-білімге өте көп мән берген. Бәрімізге мәлім болғандай Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең бірінші үйреткен әмірі «оқы». Сондықтан да Ислам діні ілім мен ғылымдарға үлкен құрмет көрсеткен. Ислам мұсылман ер кісі мен әйел кісілердің бәріне ілім алуды парыз еткен. Сондай-ақ, қайда болмасын, қай жерде жүрмесін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алып, ізденулерін бұйырды.
Біз жалпы Абай қарасөздеріндегі қозғалған мәселелердің Ислам дінмен сабақтастығына қысқаша тоқталып өттік. Енді ақынның қарасөздеріндегі дін тақырыбында жазылған басты діни тақырыптарға тоқталайық.
Ақын бұл қарасөздерінде иман, ықылас, ғибадат, тағдыр, Аллаһ Тағаланың сипаттары, ғашық-мағшұқ, Аллаһ Тағаланың хикметпен жарату және т.б. мәселелер жайында баяндайды. Біз бұлардың барлығына жеке-жеке тоқтала алмаймыз. Өйткені бұлардың әрқайсысына өз алдына жеке үлкен тақырыптар. Олдардың барлығын бұл еңбекте қамту мүмкін емес. Осыған байланысты осы тақырыптардың ішіне Ислам дінінде ең басты мәселе болып саналатын иман тақырыбына талдау жасауды ұйғардық.
Абай туралы ең көп зерттеу жұмыстарын жүргізген М.Әуезов өзі сол кезең жағдайларына байланысты Абайдың Исламиятқа қатысын арнайы зерттеулер арқылы ашпайды, осы саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт берер тезистік ой – пікірлер желісін ұсынумен шектеледі. М.Әуезов сол заманағы мына сай Абайды материалист немесе рационалист ретінде танытқан оған ешкім тыйым салмас еді. Қайта сол кездегі саяси идеологияға сай болғаны үшін бұл пікірі қолдау табар еді. Бірақ М.Әуезов бұлай етпеді. Өйткені бұл іске оның ар – ожданы жібермеді деп ойлаймын. М.Әуезовтың өзіне дінге қатысы белгісіз нәрсе. Бұл тақырыпты ашу үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. М.Әуезов Абайдың дінге қатысына байланысты екі тезис ұсынған.Олар:
А) Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні.
Ә)Абай діні – адамгершілік діні.
Абайдың дінге қатысы туралы замандас ғалымдар толық, терең қозғап ештеңе айта алмағаны түсінікті жай. Жалғыз ғана Мекемтас Мырзахметұлы «Абай діні – сыншыл, ақылдың шартты діні» - деген М.Әуезовтың бірінші тезисін былайша таратып баяндайды: «Лай суға май бітпес, қой өткенге» деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып, өзінің құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түпиенің өзі нақыл сынына салып барып нануға бағыталады. Осы әрекеті арқылы-ақ ақын Исламият шеңберінен шығандап кетеді.
Абай қай мәселені болсын шектен тыс көп зерттеудің дұрыс еместігін де білдіріп өткен. Мысалы; отыз екінші қара сөзінде былай дейді: «Ғылымды үйренгенде, ақиқатмақсат пен білмек үшін үйренбек керек.». Бахсқа бола үйренбе, азырақ бахсадамда түземектүгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахсшыладам хақтышығар мақ үшін және бахсқылмайды, жеңбек үшін бахсқылады.
Көңілімешек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламайқояалмаймын.
Абай бұл сөздерімен Аллаһ Тағалаға сендім, көңілімде еш шүбә, күмән жоқ, бірақ Аллаһтың құдіретін, ұлылығын ойламай тұра алмаймын деп отыр. Түптеп келгенде Абай М.Мырзахметұлы айтқан Исламның шегінен шығып, Аллаһтың болмысы жайында ойламаған. Абай Аллаһтың сипаттары мен іс-әрекеттері туралы ойлаған.
Енді М.Әуезовтың «Абайдың діні – адамгершілік діні» деген тезисінде талдау жасап көрейік. Осы тезисті М.Мырзахыметұлы былай түсіндіреді:
«Осы аталған шығармаларында («Аллаһтыңөзі де рас, сөзі де рас» өлеңі мен жиырма сегізінші, отыз сегінші қарасөздерін айтып отыр) Абай үстірт қараған кісіге діншіл ақын сияқты әсерде қалдырады. Бірақ үңіле зерттей қараса, Абай Исламияттың кейбір түрлі ұғымдарын сыншыл ақын сынғасалып, оны өзіндік таным тұрғысынан адамгершілік дініне айналдырады. Өзіндік гуманистік ойларын діни ұғымдар мен жанастыраотырыптаратады. Абайда айтылатын гуманисттік танымдар мен пікірлерде теологиялық ұғымдар мен шығыстық термин мол болуы, әрине, оны оршаған орта мен тыңдаушылар құрамына байланысты, Исламияттық ұғым, діни сөздер молырақ қолданылған шығармаларының өзінде де Абай адамшылық жайлы асыл мұратты ойларына тыңдаушы назарын үнемі бұрып отырады».
Жазушы ағамыздың бұл пікірлеріне қарайтын болсақ, Абайды Исламиятқа, асыл мұраттарға жүгінгенде тек қана өзін қоршаған ортасы мен тыңдаушыларын сөзін ұғыды болсын деп барды дегенді қисындайды. Бұлайша бетінен қалқу ақын үшін қиянат. Абай Аллаһқа жүрегімен ұйып, сеніп, Исламиятқа жүгіне отып, жыр төкті, өз жүрегінің лүпілін хақ жолының ғалымдық үніне қоса бірге ұмтылып бақты. Бұл жерде ақынды маңайындағы әлеуметтік ортасына, тыңдаушысына бола, солар сөзімді, адамгершілік сырымды түсіне білсін деп хақ жолына жүгінді десек қате ойлағанымыз. Бұлайша Абай сенімінет опырақ шашқандай боламыз. М.Мырзахыметұлының бұл пікірі Абайдың өлеңдеріндегі ой тұжырымдарына теріс түседі. Абай бір нәрсе туралы айтқысы келсе, тура ашық айтады. Астарлап, тұспалдап сөйлеу Абайға жат нәрсе. Абайдың әр сөзі өз алдына жеке бір ой қортындысы. Екі түрлі пікір мен бір нәрсені меңземейді. Осыған байланысты Абай ешбірсөзін жайдан-жай жазбайды деп айта аламыз. Мысалы ақын бірөлеңінде былай дейді:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды, ертегіні термек үшін.
Абайдың өмір сүрген заманы оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Жер жырту, жаңаша оқу, сауда-саттық бой көтеріп келе жатқан. Осындай бір қиын кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты, ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқанындай ел іші «алтыбақан ала ауыз» болатын. Сол жағдайды дөп басып көрсеткен академик С. Зимановтың еңбегіне көз жүгіртсек, ол : «…Казахское общество начало ХХ в. находилось на такой стадий, когда оно, с одной стороны не было подготовлено к восприятию относительно быстро меняющехся хозяйственных, политических, семейно-бытовых условий, с другой не могло жить по старому. Все старое разрушалось как в силу действия объективных законов обшественнего развития, так и в большей степени насилственно. Трудящиеся массы Казахстана оказались в критической ситуации - на перепутье истори» [24, 100].
Сібірдің ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша үкіметі қазақтарды да шоқындыруды мақсат еткен мемлекеттік ресми миссионерлік саясат жүргізген. Діні бар ел бірлік табуы, отаршылдыққа қарсы күреске шығуы, өздерінің салт-санасын сақтау үшін қажырлы әрекеттерге баруы мүмкін екені әккі билеушілер жақсы білген. Ресей қаралымдағы бағынышты елдердің көбі Ислам дініндегілер еді. Міне осы топтағы тілі, дәстүрі жақын жұрттардың басын қоспау үшін патшалық үкімдарларының істемеген айласы жоқ. Олар дін адамдарының ішіне алауыздық тудыру, жеке жарым жүргендерді шоқындыру, Исламды құбыжық етіп көрсету саясатын ұстанды. Өзі тәуелділік қамытын киген елдердің дінін де мүлде таптап тастау үшін, панисламизм деген жалған қисынды да ойлап тапты. Патша үкіметінің бұл саясаты Абай заманында да жалғасын тапты. Олардың бұл іс-шаралары халыққа елеулі әсер еткенімен толық іске аспады. Қазақ халқы өздерінің ата-бабалары ұстанған, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сіңіп кеткен Ислам дінінен қол үзбеді.
Абай өмір сүрген дәуірде ауқатты адамдар құдай жолында мешіт-медреселер салдырып, ауылда молда ұстап бала оқытатын еді. Қарапайым халық Ислам дінінің ережелерін тыңғылықты оқымағандықтан бұрынғы діндердің сарқыншақтары араласқан әдет-ғұрыптарды да ұстанатын. Бірақ бұл әдет-ғұрыптар күн өткен сайын әлсіреп жоғалуда еді. Бұған дәлел ретінде Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы.» деген тарихи мақаласынан үзінді келтірейік: «Сол заманда араптан бұл Орта Азияға дін Исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Қутайба Ибн Муслим атты кісі Қашғарға шейін келіп халықты Исламға көндіргенде, бұлар да «мұсылман болдық», - депті. Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-бал-герлерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен Исламды тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-құла хат таныған кісісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол «абыз» демек - әуелде шаман дініндегілердің өз моладсына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе сол нәрсені құдай қылып тұр деп дін тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын бізде кей жерде көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, Май ана жарылқа!» - деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуелі бұлт күркірегенде қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «Сүт көп, көмір аз», - деген секілді. Бұған ұқсаған ырымдар көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды» [25, 78].
Енді Абай қай діннің мүшесі еді? Ол белгілі дінді ұстанған ба? Ол шын мәнінде кейбір жазушылар жазып жүргендей материалист, рационалист немесе дуалист болған ба? Бұл сұраққа толық жауапты әрбір ізенуші Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен таба алады. Абайдың шығармалары оның Аллаһ Тағаланың құлы, пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) үмметі, Ислам шариғатымен өмір сүрген мұсылман, иман негіздеріне сенген мүмин екенін көрсетіп тұр. Негізінде Абай діні мәселесінде ешқандай талас жоқ. Оның мұсылман болғаны айдан анық. Бұл мәселеде проблемаларды шығарушылар Абайдың мұсылманшылығын жоққа шығаруды көздеген, мұны өздеріне мақсат етіп алған адамдар. Бұлар Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі омоним сөздерге қолданған мағынасын емес, басқа мағыналарын бере отырып, сөздерінң мәнін өзгертуде. Осылайша бұрмалап өздері қалаған мағынаны шығаруда. Бұл істі жасап жатқандар «дінтану» ғылымымен еш қатысы жоқ басқа сала мамандары. Осылай бола тұра, осы бұрыс көзқарас-тарына қисынсыз дәлелдер келтіруде.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі.
Мал құмар көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі.
Бұл зерттеушілер Абайдың осы өлең шумағын ала отырып, Абай дінді сынаған дейді. Көріп отырғанымыздай ақын бұл жерде дінді емес, дінді дұрыс ұстанбаған дін өкілдерін және пайда көзіне айналдырған дүмше молдаларды сынаған.
Осы жерде «Абай намаз оқыған ба?» деген, әлі нақты жауабы табылмаған сұраққа тоқталып өтсек. Абайдың намаз оқыған оқымағаны жайында нақты тарихи деректер жоқ. Бар болса да жарияланбаған. Егер бұл деректер болған жағдайда да Кеңес үкіметі кезінде дінді ескілік деп алып, Абайды оған қарсы тұрушы етіп жазып жүрген жазушылар үшін бұл қуанышты хабар бола қоймас еді. Сондықтан оларға Абайдың намаз оқығаны жайлы деректер кездессе де, көз жұмып мән бермеулері мүмкін.
Исламиятта «жан» және «тән» субстанциясы қатар аталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай бұл категориялар туралы былай дейді:
Ақыл мен жан «мен» өзім, «тән» менікі
«Мені» мен «менікінің» жөні екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан
«Менікі» өлсе өлсін оған бекі
Абайдың «мен» деп отырғаны ақыл мен жан, «менікі» деп отырғаны тән. Ақыл мен жан мәңгілік, ал тән өткінші. Абай исламияттағы жанға ақылды қосады.
Абайдың исламиятқа қатысты күрделі ойлары «иманигүл» «үш сүю», «жәуанмәртлік», «толық адам» сияқты категорияларды бағамдағанда байқалады.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады Иманигүл,
Иманның асылы үш деп сен тақиқ біл,
Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.
Мұндағы «үш сүю», яғни бірінші «сүю» «махаббатпен жаратқан адамзатты», «сен де сүй ол Алланы жанан тәтті» деп бірінші «сүю», «алланы сүюді» атайды, ал екінші «сүю», «адамзатты сүю», үшінші сүю, хақ жолы «әділет» немесе «хаділет» деп аталады. Мұндай ойлар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Алла деген сөз жеңіл» және 38,27-інші қара сөздерінде кездеседі. Мұсылмандық шығыс поэзиясында ақыл және жүрек культі (имани гүл) сарындарын мадақтау кеңінен өріс алған.
Достарыңызбен бөлісу: |