Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»


Балалардың таным үрдістерін дамытудың



бет10/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
2.2 Балалардың таным үрдістерін дамытудың жолдары

Қалыптастыру эксперименті барысында ересек мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін дамытуға арналған дамыту бағдарламасы құрылды. Бұл жұмыстар балабақша психологының келісімімен жүргізілді. Оған эксперименттік топтан 25 бала қатысты.


Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық үрдістерін дамытуға арналған бағдарламаның негізгі принциптері:

  • Табиғилық принципі: ойын іс-әрекеті белгілі бір тәртіп бойынша құрылады, баланың ішкі жан дүниесіне, өзін-өзі дамытуына, танымдық ойын үрдісіне қатысушы әрбір баланың өз мүмкіндіктерін көрсете алуына жағдай жасауға бағытталады;

  • Жекелей бағыт принципі: ойын іс-әрекеті барысында баланың және педагогтың даралығының айқындалуы үшін жағдай жасалады;

  • Тұлғалық бағыттылық принципі: баланың даралық қабілеттері ескеріліп, оларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады;

  • Гуманизация принципі: бала ойын іс-әрекеті барысында белсенді субъект ретінде қарастырылады:

  • Ашық болу принципі: бала тұлғасын қабылдауға даяр болу, қарым-қатынаста ашық болып, оның тілектерін қабыл алу және құрмет көрсету.

Бағдарламаның негізгі көздеген мақсаты: Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін сюжеттік-рөлдік ойындары арқылы дамыту. Сюжеттік-рөлдік ойын түріндегі тапсырмалар мен жаттығулар аптасына 3 рет жүргізілді. Өткізу уақыты: 15-20 минут.
Мектеп жасында дейінгі балаларжың танымдық үрдістерін дамытуға арналған сюжеттік-рөлдік ойындар түріндегі тапсырмалар.
«Ерекше шимайлар» ойыны
Мақсаты: шығармашылық қиялды, бейнелі ойлауды, ұсақ моторикаларды дамыту.
Барысы: тәрбиеші әрбір бала үшін қалың қағаз парағын, бояулар, қылқалам дайындайды. Содан кейін ерекше шимай дайындаумен айналысуды ұсынады. Педагог шимайды үстін былғап алмай, қалай салуды, сондай-ақ симметриялы шимайлау (парақ ортасына бір тамшы сия тамызып, парақты тура ортасынан бүктеп, содан кейін қайта жазу керек) тәсілін көрсетеді.
Дайындалған жұмыстар аяқталғаннан кейін тәрбиеші айтады: «Қане, барлық шимайларға қарап, олар неге ұқсайтынын айтайық. Әрбір шимайдан заттар бейнесін көбірек көруді тырысайық».
Екінші нұсқа: балаларға шимайды қандай да бір бейнеге аяқтап салуды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет