Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»



бет13/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
«Сүйікті ертегі кейіпкері» ойыны
Мақсаты: шығармашылық белсенділікті, ым, мимика көмегімен ертегі кейіпкердің бейнесін сомдау іскерлігін дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаларға әртіс болып ойнауды ұсынады. Балалар шеңбер болып тұрады да, өздеріне ұнайтын ертегі кейіпкерлерін сомдайды.
Екінші нұсқа: тәрбиеші айтқан ертегі кейіпкерлерін көрсетуді ұсынады. Оларға көңілді Алдар Көсе, зұлым Мыстан кемпір және т.б. сияқты кейіпкерлерді келтірулерін сұрайды.
«Әдемі фигуралар» ойыны
Мақсаты: баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендендіру, фантазиясын, геометриялық фигуралардан әртүрлі бейнелер құрау іскерлігін дамыту.
Барысы: ойын үшін алдын ала әртүрлі формадағы қағаздан жасалған түрлі түсті геометриялық фигуралар жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық фигуралардан әртүрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды, мысалы, геометриялық фигурадан жануар бейнесін жасайды.
Екінші нұсқа: геометриялық фигураларды қолдану кезінде шектеу қойып, тапсырманы күрделендіруге болады, мысалы, тек шеңбер немесе төртбұрышты ғана қолданып бейне жасау.
«Бұл шын ба, әлде жоқ па?» ойыны
Мақсаты: фантазия, қиялды дамыту, сөйлеу әрекетін белсендендіру.
Барысы: тәрбиеші балаларға кезекпен шынайы және жалған жағдайларда көркемделген бейнелерді көрсетеді, ал балалар оны болады немесе болмайды деп жауап береді. Мысық велосипедте кетіп бара жатқаны, адамның атта шауып бара жатқаны, аю коньки теуіп жүргені, машина аспанда ұшып жүргені, қыз бала кітап оқып отырғаны, түлкі ағаш басында отырғаны туралы және т.б. суреттерді көрсетуге болады.
Содан кейін тәрбиеші балаларға осы суреттер бойынша оқиға құрастыруларын сұрайды.
«Қиялдаушылар» ойыны
Мақсаты:қиялды, шығармашылық қиялды, тұтас мәтінді мағыналы есте сақтап және қайта жаңғыртуды дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаларды топтарға бөледі және оларға әртүрлі заттар бейнесі бар суреттер (3-5 шт) жинағын ұсынады. Бұл заттар әртүрлі тақырыптарда болуы мүмкін: жануарлар, өсімдіктер, үй тұрмысына қажет заттар, көлік түрлері, техникалық құралдар және т.б. Балалар осы сурерттерді қолданып ертегі немесе әңгіме құрастырады, ал сосын әрбір топ өз оқиғаларын айтып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет