Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»



бет17/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Работа диплом

ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайды жақсарту басты міндет болып табылады.


Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік еркешелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтылығына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсатта өзара тығыз байланыста болған да ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамудың маңызы ерекше.
Даму барысы:

  1. Зердесін дамыту.

  2. Эмоциясы мен сезімін дамыту.

  3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.

  4. Өзіне-өзінің сенімділігі, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.

  5. Танымдық үрдісін дамыту.

  6. Өзін-өзі алып жүре алуы, дербестігін дамыту.

  7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

Айтар болсақ, баланың бүкіл өмірі бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастаға балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіріктегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жастағы балалар ойыны 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттерімен қарым-қатынастарымен бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көре ұзақтығы 2 есе артады, мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда 6 жасар балалар суретті жақсы түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызық ты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да тбұлжытпай талап ету керек. Бұл жұмысты орындағанда бір жаған басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы 3 жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстайды. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрайды. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибелердің жағ дайларын еске түсірді. Әйтседе, есте сақтау бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Бұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түрін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.
Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көре, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып серуендегенде, әр түрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстарын айтуға болады.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бір деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқан сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психлологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Өз жұмысымызда біз «таным», «таным үрдістері» ұғымдарын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан кең талдадық. Ойынды мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктерін қалыптастыруда басты құрал ретінде қолдана отыра дамыту бағдарлама құрып, тәжірибелік жұмыста нәтижелілігін тексердік.
Біз құрастырған бағдарлама жалпы сюжеттік-рөлдік ойын түріндегі тапсырмалар мен жаттығулар аптасына 3 рет жүргізіліп тұрды, олардың мазмұнында тек ойындар қолданылды. Жүйелі түрде мектепке дейінгі ересек балалармен ойынды қолдану нәтижесінде олардың танымдық үрдістерінің дамығанын байқадық, атап айтсақ, қиылының даму деңгейі, көру арқылы есте сақтау қабілеті, зейіннің шоғырлануының дамуын айқындайтын әдістер өткіздік. Тәжірибелік топтың салыстырмалы нәтижесінен байқағанымыздай, тәжірибелік топ ішіндегі таным үрдістерінің даму деңгейі жоғарылады
Демек, бағдарлы, жүйелі, мақсатты түрде мектепке дейінгі жастағы ересек балаларымен сюжеттік-рөлдік ойындар өткізілсе, ол танымдық үрдістерінің даму ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен, эксперименттік зерттеудің нәтижелері біздің зерттеу жұмысымыздың тиімділігін, сондай-ақ, ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет