Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


Қақтығыстық жағдайлардың туындау себептері және оны шешу жолдары



бет8/19
Дата22.04.2022
өлшемі152,39 Kb.
#31865
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

2.1.Қақтығыстық жағдайлардың туындау себептері және оны шешу жолдары

Қақтығыстар қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі маңызды құбылыстардың бірі. Қақтығыстық процесстерді көпшілік қолдай бермейді, бірақ оған қатысушылар жасы мен жынысы жағынан ерекшеленбейді. Қақтығысушы тараптар үшін шығындары минимальды болатын пайда болған қақтығыстарды шешу үшін, күнделікті білімдерді пайдалану жеткіліксіз. Бұл қақтығыстың кумулятивті сипатымен түсіндіріледі, яғни әрбір агрессивті іс-әрекет жауапты әрекетке немесе кекшілдікке жетелейді.

Қақтығыстану – қақтығыстың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу немесе жою әдістері туралы ғылым. Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.

Гераклиттің (530-470 ж.б.з.д.) ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі. Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы – деп санады. Ал Эпикур (341-270ж.б.д.) Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.

Осы дәйектерге қандай қатынаста болмасақ та, өркениеттің бүкіл тарихы, кейде шешілуі күш қолдану әдістері мен тәсілдерін қолданусыз мүмкін болмайтын әлеуметтік қақтығыстардан тұрады, бұл жағдай шартсыз түрде халықтар өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларына қалыпқа келтірілмейтін зиян келтіреді.

Тағы бір ерекшелейтін жайт, көбінесе ең күрделі байқалмайтын, анайы болып көрінетін жағдайлар, түрткілерден, себептерден туындайды, сондықтан да қақтығыстың маңыздылығы, оның құрамдас бөліктері, олардың шешу жолдарын қарастыру әлеуметтік психология ғылымының ең маңызды пәні болып табылады.

Барлық қақтығыстар адамның ішкі өмірі ерекшелігіне, сонымен қатар оның әлеуметтік қатынастарына негізделген психологиялық құрылымдардан тұратыны белгілі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстерді қақтығыстардың маңызды әлеуметтік мәселе болып табылатынын зерттеулерде көрсетті. Бұл бірқатар себептермен шарттасқан: қақтығыс феноменінің күрделілігі, сонымен қатар оның пайда болуын бірнеше мәнде түсіндірген.

Қақтығыс қоғамдық қатынастардың басым көзі болды. Ол айқын және латентті формаларда көрінеді. Ол тұлғааралық қарым-қатынастарға ене отырып, күнделікті өмір және мемлекеттің дамуына негізделген қақтығыстарда көрініс табады. Осындай жағдайдың басты себебі ретінде Аристотельдің (384-322ж..д.) ойы бойынша бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп ойлады. Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады. Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамның тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды деп санады.

Бірлестік және келісім болған жерлерде де қақтығыс болады. Басты мәселе қақтығыссыз күйге оралу емес, қақтығыспен өмір сүре отырып, оның белгілі бір шеңберде даму жағдайларында өзіңе ынталандырушы ықпалы туралы есеп беру және осы шеңберден шығып кеткен жағдайда оның бұзылыстық сипатын сезіну.

Әлеуметтік және психологиялық қақтығыстар адам мінез-құлқын негізінен екі теориялық тұжырымға негізделе отырып сипаттайды. Зерттеудің бірінші бағытында, қақтығыс-дамудың нормативті заңдарына ие және әлеуметтік жағдайдың жеке түрлері болып табылады.

Осы бағытта К.Левин еңбектері негізге алынды. Оның пайымдауынша, мінез-құлық өздігінше қарапайым құралды факторлармен емес, субъективті бейнелі және санадағы аффективті зарядталған мазасызданулар мен қарым - қатынастармен анықталады. Зерттеудің екінші бағыты бойынша жеке тұлғаның мінез-құлқындағы ерекшелігін қақтығыстардың жетекші себептері ретінде қарастыруға негізделген.

Қақтығыстық жағдайда мінез-құлықты сипаттаудың осы екі тәсілі бір-біріне қарама-қайшы емес, өзара толықтырушы болып табылатыны айқын, өйткені қақтығыстардың дамуы және ортақ механизмдерінің қалыптасуы психологиялық қорғаныс және мотивациялы - қажеттілік жүйелерінің иерархиясының ұйымдасқан түрі болып табылады. Бір жағынан, олар онтогенетикалық әлеуметтік даму нәтижесінде қалыптасады, екінші жағынан, адамның әлеуметтік қақтығыстық жағдайда субъективті қарым-қатынасын анықтайды.
Қақтығыс және одан қорғану осы заманның ең өзекті мәселесі болып табылады және оны шешу тек белгілі бір білімдерді ғана емес, сонымен қатар адамдардың да мәселені қақтығыссыз шешу ниеттерінің болуын талап етеді. Т.Парсонстың тұжырымдамасы:

Парсонс дау-дамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі - әлеуметтік жағдай болып табылады, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты қақтығыста, қарама-қайшылық та өседі.

Қоғамға психологиялық қысым көрсету өте қауіпті, ол өсу жүйесін талқандайды. Қоғамның өсуі қалыпты жүйелі түрде қалыптасу керек:

Қоғамның қажеттілігін және оның мүшесінің мүддесін өнер жолымен;

Әрбір қоғам мүшесін белгілі бір бақылау арқылы белгілі жүйеде тәрбиелеу;

Жеке қажеттілік пен қоғам қажеттілігін біріктіру, ұштастыру арқылы осы жұмыста біз қақтығыс түсінігін, оның пайда болу құрылымын, сонымен қатар оның конструктивті шешілуінің мәндерін белгілейміз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет