Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


ІІІ. Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру



бет10/19
Дата22.04.2022
өлшемі152,39 Kb.
#31865
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

ІІІ. Ұстаз бен шәкірт тілдесім мәдениетін қалыптастыру
3.1. Педагогикалық дискурс – білім беру функциясының тілдік

компоненті

Адам – коммуникацияның басты субъектісі. Өмір сүру үшін адамға басқаадамдармен сөйлеу, байланысу керек. Адамдардың қоғамда бір-бірімен араласуы

– бұл, біріншіден, әлеуметтік коммуникация, бірнеше коммуникативтікактілердің қосылуын қажет ететін, жеке тұлғаның әлеуметтік-бағдарлықызметінде өз бейнесін табады.

К.М. Абишеваның ойынша әлеуметтік коммуникация – бұл жеке тұлғаныңәлеуметтік коммуникациялық әрекеті байланысу кезінде өз ішінен жүргізілетінарақатынас, белгілі бір әрекеттерімен алмасады. Олардың тіл құралы ретіндедіни-ақпараттық өмірге қажетті әр түрлі әлеуметтік-психологиялық процесқұрайды.

Адамдардың тіл арқылы байланыс жасап, сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасқа түсуі, сонымен қатар қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысып,түсінісуі еліміздің халықаралық байланыстары мен мәдени қарым-қатынастарының артуына байланысты мәдениетаралық қатысымның кеңінен дамуынажол ашып отыр.

Дискурс мәселесімен айналысып, зерттеген адамдардың пайымдауынша,дискурсивтік компетентия дегеніміз – дискурстің әр түрін ажырата алу,оларды құру жолдарын білу, сөйлеу жағдаятына байланысты дискурстың түрлерінқолдану түсіну біліктігі болып табылады. Ал дискурстың өзі көп мағыналыұғым, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің уақыт талабына сай үнеміөзгеріп отыруына байланысты дискурс ұғымы да жаңа мәндерге ие болып, оныңрөлі мен қызметі де өзгерістерге ұшырады.

Алғашқы кезеңде дискурс сөйлемдердің байланысқан тізбегі ретінде мәтінұғымымен бірге қарастырылған. Ал қазіргі уақытта дискурс дегеніміз Т.А.ВанДейктің анықтамасы бойынша күрделі коммуникативтік құбылыс, оның құрамынамәтінмен қатар экстралингвистикалық факторлар (өмір, әлем туралы білім,пікірлер, көзқарастар, адресаттың мақсаты тәрізді мәтінді түсінуге қажеттіфакторлар) кіреді. Экстралингвистикалық параметрлерге Ю.А.Синицакоммуникацияға қатысушылар, олардың коммуникативтік мақсаттары,прагматикалық установкалар, әлеуметтік рөлдер, қатысым жағдаяты туралыфондық білімі сияқты факторларды жатқызады.

Жоғарыда айтылған ой, пікірлерді былайша қорытуға болады: тілүйренушінің мәтіндерді берілген тақырыпты ашудың жолы ретінде жаттап алуқажет емес, сөйлеу жағдаятына және коммуникативтік мақсатқа байланыстытақырып бойынша дискурс құрып, оны түсініп, қабылдауы қажет. Осығанбайланысты, сабақта өзара тілдесім барысында шәкірт ең алдымен өзініңкоммуникативтік мақсатын анықтап алуы тиіс, яғни не үшін сөйлейді немесежазады, соны негізге ала отырып, дискурстың тақырыбы мен түрін таңдайды.

Мұнан соң қандай жағдайда (ресми немесе бейресми) және кімментілдесетініне байланысты мәтіннің мазмұны мен тілдік нысанын анықтайды. Алоның ұстазы өзімен тілдесіп отырған коммуниканттың қандай коммуникативтікмақсатты көздеп отырғанын және жалпы ситуацияны түсініп, бағалап,тілдесімге бейім болуы керек. Осындай шарттар орындалған жағдайда ғанаайтылып жатқан ой түсінікті болып, соған сәйкес жауап беріліп, реакцияжасалынады.

Оқыту процесінде қолданылатын дискурстар сол оқу орнындағы оқытумақсаттарына сәйкес болғаны дұрыс. Бұл орайда оқу орнын бітіргеннен кейінкоммуникант қандай ортада, кімдермен, қандай салада тілдесетін жағдайдыескерген абзал. Бұл оқытудың кәсіби бағдарлы болуына және жеке тұлғағабағытталуына мүмкіндік туғызады.

Күнделікті жұмыс тәжірибемізде нақты бір дискурспен таныстырукоммуникативтік ситуацияны көрсететін бейне немесе аудиотаспалар арқылыжүзеге асырылады. Оқытудың бастапқы кезеңінде жұмыс негізінен бейресмитілдесім құрылған тұрмыстық, мәдени және білімдік сипаттағы дискурстарбойынша ұйымдастырылады. Мысалы: тұрмыс, мәдениет, білім тақырыбындағыхабарламалар бойынша өтініш жасау; әрекет, құбылыс, фактіге түсініктемеберу; заттар, оқиғалар, құбылыстарды суреттеу; әңгімелеу; оқиға,құбылыстарды талдау, бағалау; құптау немесе жоққа шығару; жауап беруденжалтару; көзін жеткізу; кеңес беру. Ал оқытудың келесі кезеңінде ресмитілдесім және кәсіби қызметке байланысты дискурс түрлеріне машықтандыружұмысы жүргізіледі. Ауызша сөйлеу бойынша дискурсты мына түрлерде өткізугеболады: іскерлік әңгіме, іскери және кәсіби мәселелерді талқылау, қайталапсұрау, пікірталас, полемика, баяндама, хабарлама, ауызша пікір беру, шолу,есеп. Бір түрлі аутентивті дискурсты талдау арқылы оның коммуникативтікмақсаты, логикалық-мазмұндық және синтаксистік құрылымы, сонымен қатармәтін ішіндегі байланыс құралдары да анықталады.

Осылайша дискурстың түрлеріне байланысты ситуациялар, проблемаларанықталғаннан кейін коммуниканттардың статусы және олардың коммуникативтікмақсаттары белгіленіп, көрсетіледі. Енді әлеуметтік лингвистика саласыбойынша институционалдық дискурсқа қатысушы-агент пен клиеттің қатынасымынадай түрде болуы мүмкін: ата-аналар мен балалар; ұстаз бен шәкірт;дәрігер мен ауру адам; сатушы мен сатып алушы; полиция қызметкері ментұрғын; делегация мүшелері мен қабылдаушы; жүргізуші мен жолаушы;конференцияға қатысушы мен мекеме қызметкер.

Аталған ситуацияларға тән мынадай коммуникативтік мақсат қойылумүмкін:

- қажетті ақпаратты сұрау, алу хабарлау;

- шешім қабылдау үшін бір мәселені талқылау;

- өз пікірінің, ұстанымының дұрыстығына әріптесінің көзін жеткізу;

- белгілі бір оқиға, фактіні талдап, оған баға беру;

- өз пікірін, көзқарасын білдіру;

- әріптесінің пікірін құптау немесе құптамау, жоққа шығару;

- келісу немесе келіспеу;

- өз ұсыныстарын негіздеу;

- мәселені шешудің жолын көрсету;

- фактіні, деректі көлденеңнен тарту;

- қорытындылау, талдау, сараптау, баға беру;

- идеяны қолдау немесе қарсы болу;

- сенім сенімсіздік білдіру;

- талқыланып жатқан мәселеге сын айту;

- белгілі бір оқиғаны, құбылысты, объектіні, адамды сипаттау.

Мәдениетаралық тілдесімді жүзеге асыруда дискурсты ұйымдастыру,ситуацияларды, проблемаларды анықтап, коммуникативтік мақсатқа жетудіңқұралдарын белгілеп, қатысымға байланысты компоненттердің әрқайсысыныңстатусы яғни мәртебесі.

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңіненқолданыла бастады. Тұңғыш болып дискурс ұғымын Ю. Хабермас өзініңКоммуникативтік компетенция теориясына дайындық атты еңбегінде қолданғанболатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр.

Хабермас дискурске мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады —қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдықөмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынантұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілержүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дискурс — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегенімізуақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас,дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы,құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.

Ф. Де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгіклассикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсініктіконстантты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Ол түсініктің пайдаболуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бірнақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайдыдеген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшінтілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғыайтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдейқызмет етеді.

Шындығында, тіл — бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Бірақ күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңілбөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз — әрбір сөз өзініңнақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермеліидеологиялық мағынаға да ие екенАдамның бірде-бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принциптітүрде тамамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлеміндеөзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілдібұлжымас, қозғалмас жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршағантілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көпдауыстылықтан, көп мағыналылықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсенібілдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік иісі, тіпті өзіндік дәмі де бар.

Адамдар қарым-қатынасының әмбебап құралы ретінде белгі түгелдей дерлікқоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдарсұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілік шығармашылық жәнеол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынас, сұхбат негізінде ғанажүзеге асуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет