Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


Қақтығысты жағдайларды алдын алу және шешу жолдары



бет5/19
Дата22.04.2022
өлшемі152,39 Kb.
#31865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

1.3 Қақтығысты жағдайларды алдын алу және шешу жолдары

Тренинг және білім беруді процесс деп салыстыруға болады.Тренинг бұл механикалық процесс. Ол стантарт инструкциясы қайталау және жаттықтыру шеберлігіне бағытталады.Ал білім бұл табиғи органикалық процесс. Тренинг мақсаты адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім шеберлік және бағытты қамтамасыз ету.Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы сияқты міндетті Рельдік,видло,қарым-қатынас,іскерлі к қарым-қатынас,мәдени бизнес және тағы да басқа тренингтер мен қиындықтарды түзету өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуда бұл халықтың әлеуметтік ортада өзіндік реттеуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдай туғызады. Тренинг принцпіне жататындар:

1.Белсенділік

2.Зерттеу және шығармашылық қатынастағы принцп

3.Мінез-құлық обьектілік принцптері

4.Қарым-қатынас субьектілік приціпі

5.Шындық принцпі.

6.Қазір,осы жерде приціпі.

Тренингте қарым-қатынас дамытуға арналған жаттығуды қолданудың мақсатына міндеттерді шешеді.

-тиімді қарым-қатынас орнату (айналып отыру, орын бояу керек)

-сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныш танқарым-қатынас қиындықтардан арылу.

-үйлесімді қарым-қатынас айналадан адамзатты дамыту тыңдай

білу, жанашырлық, қақтығысты жеңу.

-тренинг қатысуының мәденитін қалыптастыру

-өз коммуникалық ерекшеліктерін сезіну

-өзгелердің қызығуы мен санасу, оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру.

-өзін-өзі құрметтеуді, өзі-өзі бағалауды, өз күшіне сенуді қалыптастыру.

-эиоциялық танысуды арттыру.(эмоцияны ұстай білу)

-тұлғаның өзін-өзі бекітуіне жағымды жағдай туғызу.

Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, тренинг ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі. Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Тренинг және білім беруді процесс деп салыстыруға болады. Тренинг –бұл механикалық процесс. Ол стандарт инструкцияны қайталау және жаттықтыру шеберлігіне бағытталады, ал білім беру – бұл табиғи, органикалық процесс.

Қақтығысты шешу мен реттеуде психодрама териміні қолданылады. Психодрама топтық психотерапияның бір түрі. Психодрама мақсаты – өзіндік танымды тереңдету, адамның келеңсіз жағдайын және эмоция реакциясын диагностикалау және терапия, оны жою. Психодрамада мынадай фазалар ерекшеленеді: серігу, әрекет және интеграция (талқылау). Өзіндік әрекет көздеген мақсатты орындауға, оған жетуге, катарсиске (іштегіні тазарту) максималды нәтиже алуға, тануға және қабылдау.

Психодрама үшін мінез құлықтары кездейсоқ, белсенді, кейіптеуі маңызды. Ол невроз, оның ішінде балалар жағдайында қолданылады. Ішімдік және психосаматикалық аурулар; Өспірімдердің девлаттық қылығы мен психопатиясының өрістеуінде. Сол сияқты жанұяның психодрамаларда болады.

Психодраманың элементтері басқа терапия бағытында да кеңінен қолданылады. Психоталдау, гемтальт-терапия, қылық терапиясы, әлеуметтік-психологиялық тренинг, іскерлік ойында және т.б. Мұндағы кей варианттары бойынша бір адам өзінің басынан кешкен тарихын айтады. Айтушы таңдаған жұмыс формасына байланысты ол қатысушы, немесе көрермен, драматизациялау жолына әсер етуі керек. Маңызды ситуация кезінде адам мәселелерді жаңаша қабылдайды, қарым-қатынас жолдарын реттейді, жаңа мүмкіншіліктерді ашады.

Социодрама – Дж. Морено құрастырған әлеуметтік зерттеу және коррекция әдісі. Ол қарама қайшылықты шешу және жоюға бағытталады, топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас гармониясын, қақтығыс және қысымды реттеу. Социодраманың құрылымы мен ұйымдастырылуы психодрамаға сәйкес. Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың қажеттіліктері мен мотивтері.

Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.

Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немес жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың мақсатын өзгерту де жатады.

Қақтығысты басқару – бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға (минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың қимыл-әрекетін өзгерту.

Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады.

- тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.

- құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері

- тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.

- келіссөздер.

- жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.

Адамдар арасындағы іскерлік қатынастың рационалды әдісіне болып ауызша және телефон арқылы сөйлесу жатады.Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі:әңгіме,дисскусиялар,тал астар.Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат,өтініш,өмірбаян,мінездеме,түсін іктеме,доверреность,протокол т.б.

Іскерлік әңгіменің талаптары. Іскерлік қатынсатың формаларының ішінде іскерлік әңгіме (деловая беседа) кеңінен тараған және қолданысқа ие.

Іскерлік әңгіменің негізгі талаптарына жататындар.

-әңгіменің басы және серіктесіңмен қатынас

-серіктеспен ақпарат алмасу.

-шешім қабылдау

-әңгімені аяқтау.

Біз білетіндей әңгіменің басы ең маңызды болып табылады. Арнайы приемдарды қолдану арқылы серіктесті өзіне бағындыруға, қаратуға болады. Жақсы қатынастық атмосфера жасап содан соң ғана өзінің аргументтерінің дұрыстығына серіктесіңді көндіру.

Әңгімелесу мен қатынас орнату техникасы.

1.Тыңдау. Біздің сәләмәтсіз ба? деп айтқанымыздың өзі алдағы жеңістің бір бөлшегі деп айтуға болады.Э.Берн жазған: саламатсыз ба? дегенді дұрыс айту бұл басқа адамды көру, оның бар екенін сезіну, оны қабылдау және ода қарама-қарсы реацил болатынына дайын болу. Мұндай қабілетті табу, шынайы күлкіге ие адамдар ғана анықтай алады. Сондықтан әңгімелесушімен танысқанда

а) Күлу қажет

б) аты мен тегі алдын ала аты-жөнін біліп алып.

2.Әңгімелесушімен көзбен қатынас жасау.

3. Арақашықтықты қысқарту.

а)мүмкіндігінше столдан тұрып кету, отыруға шақыру (яғни сізоған оны сыйлайтыныңызды және сөзді бастауға дайын екеніңізді түсіндіреміз).

б)әңгімелесуші мен сіздің араңызда кедергі болмайтыдай отырған жан (мысалы:писленого стола)

4.Сіз осы кездесуге дайындалғаныңызды сабеседникке байқату керексіз-әңгімеге керекті құжаттарды дайындағаныңызды көрсету. Бір қызығы көптеген әңгімелер басталмай жатып аяқталады;әсіресе әсер әңгімелесушілер екі әлеуметтік деңгейден болса (жағдайы,білімі).

Қарым-қатынас жасағанда әңгімені шарттары маңызды роль атқарады яғни, болатын орны, уақыты, көптеген кедергілердің болмауы, телефонның дыбыстары, бөлмеде ықтиятты болмауы, және стол үстінде қағаздарды реттемей жатуы т.б). Әңгімелесушімен оң қолы тимей жұмыс жасап жатқан кезінде қатынасқа түспей-ақ қойған жөн.Сонымен қатар іскерлік қатынастағы қатынасқа қарағанда,буфетте түспеген жөн.

Қандай болмасын әңгімеге алдын ала дайындалу керектігін ұмытпаған жөн. Егер әңгіме барысында көп нәрсе білу керек болса,оеда арнайы, қажетті сұрақтарды рет-ретімен жазып алу керек. Алдын ала өзіңді дайындау керек:

Мен әңгімені қалай бастаймын? Қандай аргументтер келтіремін? Қандай қарсылықты күті керек? Мен оларды қалай теріске шығарамын? Қандай соңғы шешумен аргумент қолданамын?

Әңгіме жылу жүзбен орташа ырғақпен сөйлеген дұрыс-ол оның бойында сенімділікті ұялатады.Әңгіме белгіленген уақыт жайында ескертіп отыру қажет. Бірінші сөз ол сізге таныс, таныс емесболсын әңгімелесе беріледі. Осыдан кейін өзіңіздің көз қарасыңызды айта аласыз.

Қарым-қатынас болмауына келесі жағдайда әсер етеді.

1.Сенімсіздік көрсету. Кешірім сұраудан қашу керек яғни бұл сенімсіздікті білдіреді. Кешіріңіз, кедергі жасасам. Мен тағы естісем деп едім Өтініш, егер сізде есені тыңдауға уақыт болса.

Керісінше, әңгімені бастағанда кездесуге не түрлі болғанын айту керек. Серіктесіңізге оның сұрағының барлығына жауап бере алатыныңызды байқатыңыз.

2.Кездесу барысында ыңғайсыздық көрсету яғни сізбен тесірек жағдайды қарастырайық. Мен өтіп бара жатып сізге кіре салдым. Ал менде бұл жөнінде басқа пікір.

Психологтар, жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас – тартысты мәселелердің мән жайына жете көңіл аударып, олады дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.

Мұндай жағдайда жетекші өзінің басшылық ісін мынадай ретпен жүзеге асыруды мақсат етеді:

- қақтығыс туғызған мәселе мен оның жағдайы. Бұл жәйтті анықтауда жетекші қызметкерлер болған оқиғаның себептерін, оның туындауы туралы қажетті мағлұматтарды толық білуі керек:

- сол қақтығыс мәселелердің түйінін шешіп, оны болдырмаудың тиімді амал – тәсілдерін белгілейді:

- сондай-ақ адамдар арасындағы талас-тартысты мәселенің одан әрі шиеленіспеуі үшін оны барынша қысқа мерзім ішінде шешуді қарастыру қажет;

- талас-тартысты топтардың арасында туған кикілжің мен мәселелер өршіп кетпеуін тоқтату үшін жанжалдасушы жақтардың мақсаттарын қанағаттандырарлық тиімді жолдарын бірлесе отырып шешкен жемісті болары күмәнсіз және ол топтардың мақсаттарын да жүзеге асырудың амал-тәсілдерін іздестіру керек.

Қақтығыс мәселелерді шешуде мынадай факторларды үнемі ескеріп отырған пайдалы болмақ:

- талас-тартысты мәселенің туындау себептері мен оған қатысушы адамдар мен топтардың пікірлерін екі жағының да ашық-айқын түрде айтып ортаға салынуы және оны шешудің тиімді жолдарын белгілеу;

- талас-тартысқа қатысушылардың өзара біріне-бірі сенімділік білдіріп, істің мән-жайын анықтауға ықыласты болуы.

Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:

- педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;

- педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез-құлық;

- педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;

- оқушылар ұжымының ерекшелігі.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет