Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «pisa бағдарламасының соңғы 6 жылдағы математикалық сауаттылық тапсырмаларына шолу»



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата01.03.2022
өлшемі1,95 Mb.
#26714
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Болат Құралай диплом

 

13-сурет 



 

 

Шешімі. Бұл есеп келесі заңдылық бойынша орындалады:   



(7 –  4)(6  +  5) = 33   

(− 3)(3) =  48   

(− 1)(2) =  20 

Жауабы :20 

2 – топ.  

Тапсырма. Наурыз айында ZARA дүкені қыстық пальтоларға жеңілдік 

жариялады. Ботагөз 26250 теңгеге 35000 теңге тұратын пальтоны сатып алды.

 

Жеңілдік қанша пайызды құрады?  Есептің жауабы сізге келесі тапсырманың 



қай кәбинетте орналасқанын анықтауға көмектеседі. 

Жауабы: 25% 

3 – топ. 

Тапсырма. Тіктөртбұрыш пішіндегі екі арпа алқабының ауданы 300000 



м

2

тең. Бірінші арпа алқабының ұзындығы 625 м, ал ені ұзындығынан 225 м-ге 

аз.  Екінші  алқаптың  ұзындығы  400  м-ге  тең  болса,  онда  оның  ені  қанша? 

Есептің жауабы сізге келесі тапсырманың қай кәбинетте орналасқанын табуға 

көмектеседі. 

Шешімі: Бұл есепті шешу үшін тіктөртбұрыштың ауданының 

формуласын қолданамыз: 𝑆 = 𝑎𝑏.  

𝑆

1



− бірінші арпа алқабының ауданы  

𝑎

1



 – бірінші арпа алқабының ұзындығы 

𝑏

1



 – бірінші арпа алқабының ені 

𝑆

2



 – екінші арпа алқабының ауданы 

𝑎

2



 – екінші арпа алқабының ұзындығы 

𝑏

2



 – екінші арпа алқабының ені 


53 

 

 



 𝑏

1

= 625 − 225 = 400 м  



 𝑆 

1

= 400 м ∙ 625 м = 250000 м



2

 

𝑆



2

= 300000 м

2

− 250000 м



2

= 50000 м

2

 

 



𝑏

2

=  



𝑆

2

𝑎



2

=

50000 м



2

400 м


= 125м 

 

Жауабы: 125 м 

Екінші  кезең.  Бірге  табайық.  Оқушылар  кәбинеттерден  тапсырманы 

іздейді.  Бұл  кезеңде  тапсырма  бірнеше  бөліктерге  бөлінген  сурет  түрінде 

беріледі.  Оқушылар  суретті  толықтай  құрастырып  жинайды.  Бұл  суретті 

үшінші тапсырманың қайда екені жасырылған. 

Үшінші  кезең.  Кім  жүйрік?  Оқушыларға  өмірмен  байланысты 

тапсырмалар беріледі. 

 

1 – топ.  



 Тапсырма. Пифагордың шәкірттері 

 

14-сурет 



Мысыр елінің перғауыны Пифагорға мынадай сұрақ қояды : 

- Айтыңызшы, әйгілі Пифагор, сіздің мектебіңізде қанша оқушы дәріс 

тындауға барады? 

- Менің мектебімдегі оқушылардың 50%-ы математиканы , 25% -ы 

жаратылыстануды, қалған жеті бөлігі музыканы оқиды, сонымен қатар тағы 3 

әйел бар.

 

Пифагордың қанша оқушысы бар? 



Шешімі: х адам дәрістерге қатыссын; х адамның 50% - ы (

1

2



𝑥) 

математиканы оқиды; 𝑥 адамның 25% - ы (

1

4

𝑥) жаратылыстануды зерттейді



1

7

𝑥 адам музыкаға барады. 



 

1

2



𝑥 + 

1

4



𝑥  + 

 1

 7



𝑥 +3= x 

14х  +  7х  +  4х + 84 = 28х 

𝑥 = 28 

 



54 

 

Жауабы: 28 адам. 



 

2 – топ.  

 

Тапсырма.Дамир  мен  Асылжан  «Dodo  Pizzaға»  келді.



 

Пиццерияда 

бірдей  қалыңдықтағы  және  әртүрлі  мөлшердегі  екі  дөңгелек  пицца 

дайындалды.  800  теңге  тұратын  кіші  пиццаның  диаметрі  30  см  тең.  Ал  950 

теңге тұратын үлкен пиццаның диаметрі 40 см тең. Қай пиццаны сатып алған 

тиімдірек? 

 

 

15-сурет 



 

Шешімі: Бірінші пиццаның ауданы: 𝑠

1

=

1



4

𝜋𝑑

2



=

1

4



  ∙ (30 см)

2

∙ 𝜋 = 



= 225𝜋 см

2

.1 теңге үшін пиццаның ауданы 0,89

 см

2

 тең. 



Екінші  пиццаның  ауданы:  𝑠

2

=  



1

4

∙ (40 см



2

) ∙ 𝜋 = 400𝜋 см

2

.1  теңге  үшін 

пиццаның ауданы 1,3 см

2

 тең. Демек, үлкен пиццаны сатып алған тиімдірек. 



 

     


         3 – топ.  

 

         Тапсырма.  Шерхан  жануарларды  қорғау  орталығында  фотограф  болып 



жұмыс  істейді.  Ол  Антарктикаға  экспедицияға  барып,  пингвиндер  мен 

олардың  балапандарын  көптеген  суреттерге  түсіреді.  Ол  осы  экспедицияда 

пингвиндер жайлы қызықты мәліметтермен танысты.  

 

 



16-сурет 

 



55 

 

          Жыл  сайын  екі  пингвин  жұбы  екі  жұмыртқа  шығарады. Әдетте,  үлкен 



жұмыртқаның балапаны ғана аман қалады. Бірінші жұмыртқаның салмағы  – 

78  г,  ал  екінші  жұмыртқаның  салмағы  –  110  г  құрайды.  Екінші  жұмыртқа 

біріншіге қарағанда қанша пайыз ауыр? 

Шешімі: Екінші жұмыртқа біріншіге қарағанда 32 г ауыр.  

𝑥 =

32 г  ∙ 100%



78

= 41%    

          Ойында  екінші  топ  жеңіске  жетті.  Оқушылар  бұл  ойыннан  ерекше 

әсерде  қалды.  Функционалдық  сауаттылық  форматындағы  тапсырмалар 

ұсынылды.  Математика  сауаттылық  апталығында  тек  олимпиадаларды 

ұйымдастырып қана қоймай, осындай қызықты ойындарды өткізуге болады. 

Математикалық  квест  ойыны  оқушыларға  жаңа  мүмкіндіктер  береді.  Олар 

алған білімдерін ойын барысында қолдана алады.  

 

2.4 Финляндия елінің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері 



 

PISA халықаралық ұйымының зерттеулеріне сәйкес, финдік білім жүйесі 

әлемнің  ең  үздігі  танылған.  Финляндия  балалары  дүниежүзінің  «оқымысты 

балалары»  атанып  қана  қоймай,  жаратылыстану  пәндерінен  2-орын, 

математика бойынша 5-орынды иеленген. Алайда педагогтар қауымдастығын 

таңқалдырған  бұл жайт  емес,  осындай  үздік  нәтижелерге ие  бола  тұра,  фин 

балаларының  білім  алуға  мейлінше  аз  уақыт  бөлетіндігі  және  әлдеқайда  аз 

қаржы жұмсайтыны.  

Мұнда мектептер 2 сатыдан тұрады: төменгі 1-6 сыныптар және жоғарғы 

7-9  сыныптар.  Қосымша  ретінде  10  сынып  бар,  онда  оқушылар  өз  білімін 

жетілдіруге мүмкіндік алады. Одан кейін балалар кәсіби колледжге не оқуды 

жалғастырғысы келгендері лицейге  түсіп, 11-12 сыныпты тәмәмдайды. 

Фин мектептерін өзгелерден ерекшеленген 7 принципі бар: 

 



Теңдік 

Тегін 



Даралық 


Тиімділік 

Сенімділік 



Еріктілік 

Дербестік 



 

1. Теңдік. Мұнда элиталық немесе «әлсіз» мектеп деген атау мүлде жоқ. 

Барлық  оқу  орындағы  құрал-жабдықтар  және  қаржылдандыруы  бойынша 



56 

 

бірдей  мүмкіндікке  ие.  Бір  пән  өзге  пәннің  есебінен  тереңдетіліп 



оқытылмайды. Математика пәні еңбек сабағынан немесе ағылшын тілі, дене 

шынықтыру  сабағынан  артық  болып  саналмайды.  Оқытушыларға  баланың 

ата-анасының  жұмыс  орны  жөнінде  сұрақ  қоюға  тыйым  салынған.  Ұстаз 

оқушыларды  мүмкіндіктеріне,  қабілетіне  қарай  сыныптарға  топтастыруға 

құқы  жоқ.  Себебі  «жаман»  не  «жақсы»  оқушы  деген  түсінік  жоқ.  Дарынды 

балалар да, ақыл есі төмен немесе мүгедек балалар да бір сыныпта білім ала 

береді. Ұстаз үшін «ерекше» бала жоқ. Барлық оқушыны қоғамға бірдей қосуы 

тиіс. 


2.  Тегін. Білім  беруден  бөлек  оқушылар  үшін:  түскі  ас,  экскурсия, 

мұражайға  бару,  мектеп  автокөлігі,  барлық  кітаптар,  оқу  құралдары,  қағаз- 

қалам, калькулятор, ноутбук-планшеттердің барлығы оқушыға тегін беріледі. 

Қандай да бір мақсатта ата-анадан ақша жинауға тыйым салынған. 

3.  Даралық. Яғни  әр  балаға  жеке  дара  азамат  ретінде  қарау.  Бір 

сыныптағы  балалар  бір  мезетте  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындап 

отырады.  Ұстаз  оқушының  жеке  қабілетіне  орай  тапсырмаларды 

ұйымдастырады.  Егер  тапсырманы  «үздік»  орындаса,  жоғары  деңгейдегі 

жұмыс  береді.  Ал  орындай  алмай  қиналса,  қайтадан  бұрынғы  деңгейдегі 

тапсырмалар  легі  беріледі.  Ол  үшін  баланы  ешкім  жазғырмайды.  Егер  оқу 

үлгерімі  мүлде  нашар  болса,  ата-ана  баласын  түрлі  курстарға  сүйреп,  жеке 

репетитор жалдамайды. Ол ұстаздың міндеті. Сабақ арасында, сабақтан тыс 

кезде  оқытушы  сол  балаға  жеке  көңіл  бөліп,  тапсырмаларды  барынша 

түсіндіруге 

тырысады. 

Біздегідей 

оқымаған 

баланың 


күнделігіне 

тарсылдатып, «2»-ні қоя бермейді. 

4.  Тиімділік. Мектепте  оқушының  өміріне  қажет  дүниелер  ғана 

оқытылады.  Логорифм  немесе  домен  пешінің  құрылымы  балаға  қажет  деп 

саналмаса,  оқытылмайды.  Оның  орнына  балалар  кішкентайынан  бастап 

портфолионың, келісім-шарттың, банк картасының не екенін біліп өседі. Бала 

күнінен  мұраға  қалған  дүние  мен  болашақта  табатын  табысынан  салықтық 

пайызын  есептей  біледі.  Интернеттегі  визитка-сайтты  жасауды  үйреніп, 

бірнеше рет арзандатылып қойылған тауардың соңғы құнын шығара алады. 

5. 


Сенімділік. Ұстаздарды, 

мектеп 


қызметкерлерін 

тексеру, 

жұмыстарын  қадағалау  деген  мүлде  жоқ.  Елде  білім  беру  бағдарламасы 

бірыңғай жүйеге түскен. Алайда ол ұсыныс күйінде беріледі. Қандай әдіспен 

оқытуды ұстаз өзі таңдайды. 

6.  Еріктілік. Кім  оқығысы  келсе,  сол  оқиды.  Мұғалімдер  баланың 

назарын  аулауға,  сабаққа  қызықтыруға  тырысады.  Егер  баланың 

қызығушылығы  мүлде  болмаса,  онда  ыңғайына  қарай  аса  қиын  емес 

мамандыққа  бейімдейді.  Төмен  бағаларды  үздіксіз  қойып,  баланың  сағын 

сындырмайды.  Бәрінің  бірдей  ұшақ  құрастыруы  міндет  емес,  бізге  автобус 

жүргізушілері де қажет деп есептейді. Алайда бұл «мектеп біліміне қол сілтеп 

қарау»  дегенді  білдірмейді.  Бала  қатыспаған,  келмеген  сабақтарын  міндетті 

түрде сабақ арасында өзге сыныптарда өтеді. Бірақ тапсырманы орындамаған 



57 

 

балаға  жекіп-ұрсып,  ата-анасын  шақырып,  кемсітпейді.  Тек  келесі  сыныпқа 



өткізбейді. 

7.  Дербестік. Яғни  тұлға  ретінде  өз  -  өзін  ерте  қалыптастыруы. 

Финдердің  пайымдауынша,  мектепте  бала  ең  басты  нәрсені  үйренуі  керек: 

өзінің  жарқын  болашағын  қалыптастыра  алуды.  Дербес  ойлануға,  өзіне, 

өміріне қажет білімді өз еңбегімен жинауға үйретеді. Тағы бір ескеретіні: 1-3 

сыныптарда  баланың  сабақ  үлгеріміне  ешқандай  баға  қойылмайды.  Мейлі 

жақсы  оқысын,  мейлі  жаман  оқысын.  Сабақ  кезінде  оқушылар  партада 

отыруға міндетті емес. Жерде (Фин мектептерінде жерге кілемдер төселген), 

диванда,  креслода  немесе  өзі  қалаған  орында  отыруға  құқы  бар.  Бірыңғай 

мектеп  формасы  жоқ.  Әркім  қалаған  киімін  киеді.  Тек  мектептің  ішінде 

сыртқы  аяқ  киімін  ауыстыруы  тиіс.  Төменгі  сыныптың  оқушылары  көбіне 

жалаң аяқ жүгіріп жүреді. Ауа - райы жылы кезде барлық сабақтар таза ауада, 

табиғат аясында өтеді. Ал сабақ сыныпта өткізілгенде, күн салқын болса да, 

ұстаздар  үзіліс  кезінде  балаларды  сыртқа  шығаруға  міндетті.  Оқушыға  үй 

тапсырмасы берілмейді. Финдердің түсінігінше, балалар демалуы тиіс. Үйде 

сабақ  қарағаннан  гөрі,  баланың  әке-шешісімен  бірге  мұражайға,  бассейнге 

немесе бірге табиғат аясында серуендеуі  – әлдеқайда пайдалы деп санайды. 

Балалар  сабақ  айту  үшін  «тақтаға»  шығарылмайды.  Ұстаз  балаларға  ортақ 

тапсырма  беріп,  оның  орындалуына  көмектесіп,  сыныпты  аралап,  қарап 

жүреді.  Ұстаздың  көмекшісі  де  сөйтеді  (Фин  мектептерінде  сыныпта  екі 

мұғалім өткізеді, бірі көмекшісі ретінде). 

 

PISA 2009 



 

 

PISA 2012 




58 

 

 



PISA 2015 

 

 



 

 

 



 

PISA 2018 

 

 

 



2009-2018 жылдардағы математика бойынша PISA тестінің нәтижелері  

17-сурет 

 

Бұл  бөлімде  Қазақстанды  Финлияндия  елінің  көрсеткіштерімен 



салыстырдық.  Қазақстанның  PISA  халықаралық  тесттен  төмен  көрсеткіш 

көрсеткені  схемалардан  көрініп  тұр.  Финляндия  елінің  білім  беру 

бағдарламасында мектептерді бөлмейді. Барлақ оқушыға бірдей білім береді. 



59 

 

Олар  функционалдық  сауаттылыққа  ерекше  көңіл  бөледі.  Әр  тақырыпты 



қоршаған  ортамен  байланыстырып  өтеді.    Дамыған,  білімі  жетік  елдердің 

тәжірибесін біздің елде қолданса, PISA және одан басқа халықаралық білімді 

бағалау жүйесінде жоғарғы көрсеткішке жетеді деген сенімдемін. 

 



59 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



       

Дипломдық  жұмыста  2015,  2018  жылдардағы  PISA  Халықаралық 

бағдарламасының  8  тапсырмасын  қарастырдым.  Оның  ішінде  6  есеп  дұрыс 

аударылмаған. Мысалы, кейбір тапсырманың мәтіндері оқыған кезде мүлдем 

түсініксіз. Қазақ тіліндегі тапсырманы ағылшын, орыс тіліндегі нұсқасымен 

салыстырдым.  Қазақ  тіліндегі  нұсқасында  кейбір  есептердің    маңызды  

мәліметтері  қалып  кеткен.  Есептің  шартында  бір  сөз  екі  түрлі  жолмен 

берілген.  Мұндай  өрескел  қателер  оқушылардың  тапсырманың  берілгенін 

түсінуге  кедергі  жасайды.  Менің  болжамым  бойынша,  өзге  тілден  келген  

тапсырманы  аудару  үшін  ағылшын  мен  математика  саласының  білікті 

мамандары тағайындалуы керек. Зерттеу барысында төмендегідей жұмыстар  

жасалды: 

1. Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика оқулығы талданды; 

2. PISA бағдарламасы бойынша мақалалар, әдебиеттер қарастырылды; 

3. №  73  физика  –  техникалық  лицейінде  сабақтан  тыс  уақытта 

функционалдық 

сауаттылық 

тапсырмаларын 

негізге 

ала 


отырып 

«Математикалық квест ойыны» ұйымдастырылды; 

4. PISA  бағдарламасына  мұғалімдерді  дайындайтын  «Педагогикалық 

шеберлік»  орталығының  математика  бойынша  педагогика  ғылымдарының 

магистрі  Алиаскаров  Даулет  Алтынбаевичтен  онлаин  форматта  тәжірибе 

алмасу мақсатында ақпарат жинақталды. 

Функционалдық  сауаттылық  тапсырмалары  практика  барысында 

келесідей оң нәтиже көрсетті: 

1. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты; 

2. Сабақ үлгерімі төмендеу оқушылардың математикаға қызығушылығы 

артты; 

3. Оқушылардың креативті ойлауы дамыды; 

4. Математиканың өмірдегі орнын анықтауға көмектеседі. 

Кез  келген  халықаралық  зерттеулерден,  оның  ішінде  математикалық 

сауаттылық тапсырмаларын табысты орындау үшін пән мұғалімі қарапайым 

екі  қағиданы  ұстанса  жеткілікті:  біріншісі  мектеп  қабырғасында  өтілетін 

тақырыпты  оқушылардың  өмірімен  байланыстыру  болса,  екіншісі  пәндер 

арасында байланыс болу керек. Трансмиссиялық оқыту және нақты деректерді 

жаттанды  түрде  есте  сақтау  кез  келген  нәрсені  нақты  өмірден  алшақ  етіп 

көрсетеді.  Менің  айтпағым,  оқытудың  өзекті  болмауы  оқушылардың  оқу 

уәжін төмендігіне, осыған орай оқу сапасының төмендеуіне себепші болады. 

Бұл балалардың математикадан алған білімін стандарттан тыс тапсырмаларды 

шешуде қиындық туғызады.   

PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алғашқы үштікте 

жүретін  Финляндия  елінің  білім  беру  жүйесі  зерттелді.  Финляндиядағы 

мектептердің  өзге  елдерден  ерекшелігінің  бірнеше  принциптері  бар,  теңдік, 

тиімділік,  даралық,  еріктілік,  дербестік,  сенімділік.  Соның  ішінде  тиімділік 



60 

 

принципінің ерекшелігі мектепте оқушылардың өміріне қажет дүниелер ғана 



оқытылады.  

Менің  болжамым,  барлық  тақырыптың  нақты  өмірмен  байланысын 

оқушыға  жеткізе  білу  және  математиканың  басқа  ғылымдармен  тығыз 

байланысын  ұштастыру.  Яғни,  оқушыларды  жеке,  қоғамдық  және  кәсіби 

өмірдің  барлық  салаларында  математиканы  қолдануға  дайындау.  Соның 

ішінде  әртүрлі  жағдайларда  кездесетін  практикалық  проблемаларды  шешу 

және математикалық пайымдау дағдыларына басты назар аудару керек.  

Оқу  бағдарламасындағы  тақырыптарды  қарастыру  барысында 

қоғаммен,  күнделікті  тіршілікпен  байланысына  тоқталсақ,  тапсырмалар 

әзірлеп  сол  тақырыптың  маңызды  екеніне  оқушы  көзін  жеткізсек  пәнге 

қызықтырып  қана  қоймай,  тақырыпты  игертуге  де  мол  мүмкіндік  бар. 

Мәселен,  логирифмді    қарапайым  мысалмен  түсіндіруге  болады.  Бес  ұрпақ 

таратып,  содан  кейін  өзі  жойылатын  бактериялардың  көбею  жылдамдығын 

есептеу  керек,  келесі  күні  бұл  бес  бактерия  тағы  бес  ұрпақ  таратып,  өздері 

жойылады т.с.с. Сізге бір бактерияның саны неше күнде 625 дейін көбейетінін 

есептеу қажет. Бұл жерде сіз анықтауыңыз керек күндер саны логарифм болып 

табылады. Мұндай заңдылықтар шынайы өмірде кездесетін заңдылықтардың 

көрінісі  болып  табылады.  Осы  секілді  қазіргі  таңда  математикалық 

сауаттылыққа  берілген  тапсырмалар  өте  жиі  кездеседі.  Осы  сипаттағы 

тапсырмаларды  топтастырып,  қажет  болса  ұқсас  тапсырмалар  әзірлеп 

тақырыпқа  сай  қолдануды  жолға  қоюуымыз  керек.  Менің  түсінгенім 

оқушылар стандартты тапсырмаларды орындауға қарағанда, функционалдық 

сауаттылыққа  берілген  тапсырмларды  орындауға  құмар.  Себебі,  бұл 

тапсырмалар шынайы өмірден алынған мысалдар. Өкінішке орай, біз мектеп 

бағдарламасында  стандартты  тапсырмалармен  шектеліп,  математикалық 

сауаттылық тапсырмаларын сирек, тіпті  мүлдем шығармаймыз. Қазақстанда 

20  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  және  Destination  ағылшын  орталығы 

функционалдық  сауаттылыққа  ерекше  көңіл  бөледі.  Destination  ағылшын 

орталығын  зерттеу  барсында,  мұғалімдердің  әр  жаңа  сөзге  өмірге  қатысты 

мәселелерді  дайындап  әкелетінін  байқадым.    Мәселелер  арқылы  оқушылар 

жаңа сөзді қандай жағдайларда қолдана алатынын біледі және мұндай әдіспен 

оқытылған материал баланың есінде жақсы сақталады.  

Әр  тақырыпты  шынайы  өмірмен  байланыстыру  және  соған  сай 

тапсырмалар әзірлеу пән мұғаліміне салмақ салатыны ақиқат. Тақырыпқа сай 

түрлі  деңгейдегі  математикалық  сауаттылық  тапсырмаларын  іріктеу  немесе 

әзірлеу  барысында  оқушылар  басқа  пәндермен  де  байланыс  орнатуға 

мүмкіндік  алады.  Мектеп  бағдарламасында  5  сыныптан  бастап  11  сыныпқа 

дейінге өтілетін негізгі тақырыптарға есептер шығару барысында тек мектеп 

оқулығындағы стандартты тапсырмамен шектелмей, әр тақырыпқа сай келетін 

PISA Халықаралық зерттеуінде кездескен есептерді тақырыпқа сай әр сабақта 

қолдану  керек  деген  ұсыныс  айтар  едім.  Оқушы  тек  оқулықтағы  есептерді 

шешуге 


дағдыланған, 

ал 


математикалық 

сауаттылыққа 

берілген 

тапсырмаларды  орындауға  дағдыланбаған.  Сондықтан  ерте  жастан  балаға 




61 

 

математиканы оқыту барысында оны өмірде қалай қолдануға болатынын да 



қатар үйрету маңызды. Біздің қазақстандық білім беру жүйесінің кемшілігі де 

осы тұста деп сеніммен айтқан болар едім.  

Сонымен  қатар  математиканы  қызықтырудың  тағы  бір  жолы  басқа 

пәндермен  ортақ  тақырыптарды  тауып,  өзара  байланысын  ашып  көрсету. 

Мысалы,  әр  пән  мұғалімдерімен  бірлесіп,  функционалдық  сауаттылық 

тапсырмаларын негізге ала отырып, сабақтан тыс уақытта қызықты ойындар 

ұйымдастыруға  болады.  Ортақ  тақырыптар  –  оқу  пәндерін  өзара 

байланыстыру  әдістерінің  бірі.  Әртүрлі  пәндерде  ұқсас  тақырыптар 

оқытылады,  бірақ  әр  пәннің  ақпараттық  мазмұны  әртүрлі  болып  келеді. 

Сондықтан  ортақ  тақырыптар  мен  оқу  пәндерінің  өзара  байланысы 

(интеграциясы)  оқушыларды  белгілі  бір  тақырыптың  жалпы  мазмұн-

мағынасын  түсінуге  және  оның  пәндік  тұрғыдан  мазмұнын  ажырата  білуге 

үйретеді.  

 

 



 

 



62 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1.  Measuring  student  knowledge  and  skills.  A  New  Framework  for 

Assessment. OECD, 1999 

2. The PISA 2003 Assessment Framework – Mathematics, Reading, Science 

and Problem Solving Knowledge and Skills, OECD, 2003. 

3. Аванесов в. с. педагогикалық өлшеулердің теориясы мен әдістемесі: 

дәріс-файлдар; 

4.  Андреев,  а.  л.  Білім  берудегі  құзыреттілік  парадигмасы: 

философиялық және әдіснамалық талдау тәжірибесі. Педагогика. -2005.- № 4. 

5. Бахмутский А. Е. мектептегі білім беру сапасын бағалау: монография 

/ А .Е. Бахмутский. - СПб : Изд-во БАН , 2003. - 132 с 

6. Беспалько в. п. педагогикалық технологияның компоненттері Мәтін. / 

В.п. Бес-палько. М.: Педагогика, 1989. - 192 с 

7. Виноградова Л. в. орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі: оқу 

құралы.- Ростов\Д.: Феникс.2005-252с. 

8. Воронщиков с. г. оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігі: жүйелік 

құрастыру тәжірибесі. // Меңгерушісі. Қазіргі мектепті басқару. - №6. – 2007. 

- Б.81-97. 

9.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.- Астана, 2012 ж. - 230С. 

10.  Груденов  Я.и.  математика  мұғалімі  жұмысының  әдістемесін 

жетілдіру – М: ағарту, 1990. 

11.  Груденов  Я.и.  математика  пәні  мұғалімінің  жұмыс  әдістемесін 

жетілдіру. М., "Ағарту", 2004. – 224 б. 

12.  Заир-Бек  С.и.,  Муштавинская  и.  в.  сабақта  сыни  ойлауды  дамыту: 

мұғалімге арналған нұсқаулық. – М.: Білім, 2004-175с. 

13. Зив б. г. геометрия сабағының міндеттері: 7-11 сынып-М: орыс сөзі, 

1998. 


14. Иванов Д. А. қазіргі білім берудегі құзыреттілік және құзыреттілік 

тәсіл. // Меңгерушісі. Қазіргі мектепті басқару. - №1. – 2008. - Б.4-24. 

15. Ингекамп  к. Педагогикалық  диагностика /  Карлхайнц Ингенкамп.-

М.: Педагогика, 1991.-240С. - (шетелдік мектеп және педагогика). 

16. Интернет-ресурстар: http: / / www. akorda. kz/ru/page/ page_poslanie-

prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana_14-

dekabrja_2012-d-1357813742  ;  htt:  //www.ruscenter.u/319.html.;  "Эйдос" 

интернет журналы. 

17.  Колобова  е.в.  оқушылардың  білімін  бақылау  және  бағалау  үшін 

сынақ жүйесін қолдану // мектептегі Математика , 1991.- №3. 

18.  PISA  халықаралық  зерттеулерінің  ашық  тапсырмаларын  бағалау 

критерийлері (ЭЫДҰ-2009 бағдарламасы). Оқушылардың білім жетістіктерін 

халықаралық бағалау).-Астана: ҚР ҰБСБО, 2010.-21с. 

19.  Леонтьев  а.  а.  "Мектеп  2100"  білім  беру  жүйесі.  Жалпы  түсінік 

педагогикасы. – М.: Баласс, 2003. 



63 

 

20.  PISA  халықаралық  бағдарламасы.  Оқу,  математика  және  ғылым 



бойынша  тапсырмалардың  мысалдары  /құрастырушылар:  Ковалева  г.С., 

Красновский  Э.  А.,  Краснокутская  Л.  П.  және  т.  б.:  ИОСО  РАО  білім  беру 

сапасын бағалау орталығы, ұлттық кадрларды даярлау қоры, 2003.-99 Б. 

21.  PISA  халықаралық  зерттеуі.  Әдістемелік  құрал.-Астана:  ҰБСБО, 

2012.-115с. 

22. Дидактикалық тестология (Серия: мұғалімнің кәсіби кітапханасы).-

М.: халық білімі, 2001.-432с.; 

23.  Мордкович  А.  Г.  Алгебра  7класс:  мұғалімге  арналған  әдістемелік 

құрал/А. Г. 

Мордкович.-М.: Мнемозина, 2008.-64с. 

24. Мордкович а.п., Семенов П. В. Алгебра 9 сынып әдістемелік құрал, 

2010.-72с. 

25.  Қазақстандағы  PISA-2009  халықаралық  зерттеуінің  қорытындысы 

бойынша ұлттық есеп / құрастырушылар: Амреева Т.М., Абдигапарова у. М., 

Азмагамбетова ж. Р. және т. б. - Астана: ҰБСБО, 2010.-155с. 

26.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 

2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана, 2012 ж. 

27.  PISA-2012  15  жастағы  білім  алушылардың  білім  жетістіктерін 

халықаралық зерттеудің негізгі нәтижелері / құрастырушылар: Культуманова 

А., Бердибаева г., Картпаев Б. және т. б. - Астана: ҰБСБО, 2013 - 283 бет. 

28.  Оқушылардың  білімдену  жетістіктерін  халықаралық  зерттеудің 

негізгі нәтижелері: ПИЗА - 2003 / авторлық ұжым: Баранова В.Ю., Ковалева 

г.С., Кошеленко Н. Г. және т. б. - М: ИОСО РАО білім беру сапасын бағалау 

орталығы, 2004.-82 Б. 

29.  Оқушылардың  білімдену  жетістіктерін  халықаралық  зерттеудің 

негізгі нәтижелері: ПИЗА - 2006 / авторлық ұжым: Баранова В.Ю., Ковалева 

г.С., Кошеленко Н. Г. және т. б. - М: ИОСО РАО білім беру сапасын бағалау 

орталығы, 2007.-82 Б. 

30.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  халықаралық  салыстырмалы 

зерттеудің негізгі нәтижелері: ПИЗА - 2000 (есеп)/авторлық ұжым: Баранова 

В.Ю., Ковалева г.С., Кошеленко Н. Г. және т. б. - М: ИОСО РАО білім беру 

сапасын бағалау орталығы, 2004.-139с. 

31. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім сапасын бағалау ұлттық 

орталығының (БСҚТҚАҰО) есептері.-Астана, 2010,2012 жж. 

32.  Полат  е.  с.  білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  педагогикалық  және 

ақпараттық технологиялар: оқу құралы. – М.: Академия, 2003. – 272с 

33. 

Математика 



бойынша 

тапсырмалардың 

мысалдары 

құрастырушылар: Ковалева г.С. Краснянская К. А., М: ИОСО РАО білім беру 



сапасын бағалау орталығы, 2006.-41 Б. 

34. Сафир Дж. Хейли М."жинақтау схемалары: жаңа оқытуды біріктіру 

және қолдау үшін тапсырмалар құрылымы". - Эктон, 1993. 

35.  Өмірге  үйрену:  оқушылар  не  біледі  және  біледі:  PISA-2009.  15 

жастағы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  халықаралық 



64 

 

салыстырмалы зерттеу нәтижелері / / білім беруді бағалау және оқыту әдістері 



орталығының есебі (КҚЖБО). – Б.: 2011. – 230 б. 

36.  Фарков  а.в.  5-11  сыныптардағы  математикалық  олимпиадалар-М. 

Ирис-пресс.2005.-176с. 

37. Алгебра мен талдауды тереңдетіп оқыту. Пособие для учителей. М.," 

Ағарту", 2005. 

 



«Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

БЕТ 1 ден 1

Дипломдық жұмыс/жоба, магистрлік диссертация/жоба туралы ақпарат

Оқу жылы:

2020 - 2021

Факультеті:

Механика-математика

Мамандығы:

5B010900


Математика

(шифрі)


(атауы)

Ғылыми жетекшісі:

Абуталипова Шынар Узбековна

(толық Т.А.Ә.)

Бітіруші:

Болат Құралай Саматқызы

(толық Т.А.Ә.)

Оқу тілі:

Қазақ тілі

Жұмыстың


жазылған негізгі

тілі:


Қазақ тілі

Жұмыстың


тақырыбы:

PISA бағдарламасының соңғы 6 жылдағы  математикалық

сауаттылық тапсырмаларына шолу

Жұмыстың түрі:

Дипломдық жұмыс

(дипломдық жұмыс/жоба, магистрлік диссертация/жоба)



Анықтама берген күн: 22.05.2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет