Дипломдық жұмысымның тақырыбы -"Delphi ортасында Нотариустың құжат айналымын автоматтандыру"



бет6/14
Дата10.05.2023
өлшемі0,52 Mb.
#91511
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Delphi-дің процедуралары, функциялары және модульдері

Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр жерінде қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін операторлар бөлігін ішкі программа түрінде келтіріп және ішкі программаны шақыруды ұйымдастыру керек. Ішкі программа - бүл үлкен емес программа, яғни жалпы есептің бір бөлігін шешуге арналған. Әрбір ішкі программаның аты болады, ол программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды құру үшін процедуралар мен фунциялар қолданылады.


Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальды және нақты параметрлер деп бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігінде көрсетілген параметр формальды деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында көрсетілген параметрлер нақты параметрлер деп аталады. Параметрлер ішкі программаға мәліметтер жіберу үшін және ішкі программа нәтижелерінен алу үшін қолданылады.
Функция — бұл ішкі программа, аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны шақыру жалпы түрде былай жазылады: айнымалы:=функция
( параметрлер );
1) айнымалы — функция есептеген мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты,
2)функция — функция аты;
3)параметрлер — формальды параметрлер тізбегі, функция мәнін есептеу үшін қолданылады.
Төмендегі ескертулерге көңіл бөлу керек:
1. Функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес болуы қажет.
2. Әрбір функция үшін параметрлер саны жөне типі анықталған болады.
Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады:
Functionаты (1-параметр:1-тип, ... ,к-параметр:к-тип): Tunvar
//жергілікті айнымалыларды сипаттау; begin
//функция инструкциясы;
аты: - өрнек;
End;
Function- Delphiортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция инструкциясы жазылады.
Параметр - функция мәнін есептеу үшін қолданылатын айнымалы.
Аты - функция аты, программадан функция инструкциясына ауысу үшін қолданылады.
Tun- функция мәнінің типі.
Процедура. Ішкі программа мына екі жағдайда процедура түрінде болады:
1) Ішкі программа негізгі программаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған жағдайда процедура түрінде болады.
2) Ішкі программа оны шақырған программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура түрінде болады.
Жалпы түрде процедураны сипаттау:
Procedureamы (var1-параметр:1-тип; .
varк-параметр:к-тип); var//жергілікті айнымалыны сипаттау;
Begin
//процедура инструкциясы жазылады;
End;
к-параметр - формальды параметр, ол процедура ішінде қолданылады. Процедураны шақыру.
Аты (параметрлер тізімі);
Аты-шақырылатын процедура аты.
Параметр тізімі-үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.
Delphi7 ортасында ішкі программаларды пайдалану жолдары көрсетілді. Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктерді және ұғымдарды беруде оларды жаттықтырушы есептермен бекітіп отырған қолайлы болады. Мысалдарды күрделі емес, ықшам етіп және 1 - мысалды екі тәсілмен (процедура мен функция) көрсету оқушылардың тез түсінулеріне ықпал етеді деп ойлаймыз. Енді оқушыларға 2 - мысалды функциямен, ал 3 - ші мысалды процедурамен шығаруды талап етуге болады. Содан кейін оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырмалар ұсынылады. Оқушыларға теориялық мағлұматтарды нәтижелі меңгерту үшін осындай практикалық жаттығу есептерін олардың орындалу іс-әрекетін ретпен көрсету арқылы ұсыну қолайлы деп есептейміз.
Модульдер - бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатън бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстаңдартты болып екі топқа бөлінеді.Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды.
Модуль басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.
Кез келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді: Тақырыбы:
Интерфейстік бөлігі; Орындалатын бөлігі; Терминдер.
Модуль тақырыбы Unitарнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі In­terface, ал орындалатын бөлігі Implementation- түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты - End. түйінді сөзімен аяқталады.
Unit<модульдің аты, мысалы Unitl>;
// интерфейстік бөлігі
Interface
Uses< модульдер тізімі>;
Const<тұрақтылар тізімі>;
Type< типтер анықтамасы>;
Var< айнымалыларды жариялау>;
<процедуралар тақырыбы>;
< функциялар тақырыбы>;
// орындалатын бөлігі ImplementationUses<модульдер тізімі>; Const<тұрақтылар тізімі>; Type< типтер анықтамасы>; Var< айнымалыларды жариялау >;
< процедуралардың анықтамасы >;
< функциялардың анықтамасы >; // инициялизациялау бөлігі
Initialization<операторлар >;
// модульдің жұмысын тоқтатқандағы Finalization// орындалатын әрекеттер жиыны
< операторлар >; End.
Интерфейс бөлігінде аталмыш модульде қолданылатын, аты Usesтізімінде көрсетілген барлық модульдер мен бағдарламаларға қол жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентифика-торлардың анықтамасы орналасады. Сонымен қатар, бұл бөлікте ортақ тұрақтылар, типтер, айнымалылар жөне ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет