2.АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1. Есептің қойылымы
Тапсырманың қойылымына келер болсақ, Нотариустың жұмыс орнында ай сайын және жыл бойы жасалған іс-әрекеттердің есебін шығару, тіркелген азаматтардың мәліметтерін сақтауға, өзгертуге, сорттауға және өңдеуге, әрбір жасалынатын іс-әрекетке көмек алуға , керек болған азамат туралы және жасалған іс-әрекет туралы мәліметті іздеп табуға, қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін бағдарлама құру болып табылады.
Бұл үшін келесідей мақсаттар қарастырылады:
Объектті зерттеудің экономикалық негізделуі, бұл мақсатта объекттің техникалық- экономикалық мінездемесі жүргізіледі,
Міндетті түрде ақпаратарды жіктеу , ақпараттарға кіріс\ шығыс анықталады.Бұл нотариустың құжат айналымын автоматтандыру құру кезінде мынадай мүмкіндіктерді береді: енгізу, өңдеу, сақтау мен шығу т.б.,
Қолданған технологияны және бағдарламамен қамтамасыздандыруды қарастыру,
Құжаттарды және мұрағаттағы құжаттарды іздестіруді тездетілген тірде жүзеге асырылады,
Нотариустың атқарған іс-әрекеттерінің есебін шығару.
1.2. Нотариустың құжат айналымын автоматтандыруға кейбір мәселелер
Қазіргі дамыған заманда қоғамның барлық саласынреформалауда. Нотариат саласын да реформалау қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта нотариустардың қызметі автоматтандырылмаған, нотариустердің құжаттары,
Мұрағаттағы нотариалдық құжаттары, статистикалық есептері колмен реттеледі.
Осы мәселені шешудің жолы, нотариус қызметіне автоматтандыру жүйесін енгізу болып табылады. Нотариустардың жұмыс жасау сапасын көтеру, сондай-ақ нотариустардың қызметтерін реттеу жасау әдістерін жеңілдету мақсатына бағытталады.
Кез келген мекеменің, компьютерлік мамандардың жұмысын да ақпараттардың маңыздылығы артып отыр. Ақпараттық жүйенің дамуы нәтижесінде сақталуы, өңделуі керек болған ақпараттың көлемі де артуда.
Мәліметтерді өңдеу технологиясы және алу – мәліметтер базасының көмегімен көп қолданушының ақпараттарын сақтауды ұйымдастыру. Қазіргі заман ақпараттық технологиясын идеяның бірі мәліметтер базасы концепциясы.
Бұл технология негізі
Мақсатта қолданылады:
Есептеу технологиясын сандық есептеулер жүргізу үшін қолдану. Күрделі математикалық есептерді шешу үшін бағдарламалау тілдері т.б.
Есептеу техникасын автоматтандырылған немесе автоматтық ақпараттық жүйелерді қолдану. Ақпараттық жүйе мәліметтерді компьютер жадысында сақтауды, есептеуді және қолданушыға ыңғайлы қолдануды қамтамасыз етеді.
Әдетте мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлу болады.
1-категориясы – жобалаушылар. Олардың міндетті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер қорының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер қорын нақты мәліметтермен толтырмайды.
2- категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорын пайдаланушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.
Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режимі бар:
бірінші мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның объектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |