Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle, BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті - бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті - ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті – бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады. AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті – формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
DELPHI-дің артықшылықтары қосымшаны өңдеу жылдамдығы;
жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылылығы;
жасалған қосымшаның компьютер ресурстарынан төмен қажеттіліктерін талап етуі;
Delphi ортасына жаңа компьютер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі.
DELPHI-ДІҢ негізгі сипаттамалары
Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
объекті – бағытталған модель компонент;
программалық прототиптерден визуалды (сонымен қатар жылдам) қосымшаларды құру;
мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар.