Мәліметтер қоры қолданбасын құруда қолданылатын компоненттер Мәліметтер қорымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Standard, Additional, Data Access, DataControls, ADO жапсырмаларында орналасқан.
Standard жапсырмасындағы компоненттер:
Main Menu;
Data Access жапсырмасындағы компоненттер:
Data Source;
DataControlsжапсырмасындағы компоненттер:
DBGrid;
DBNavigator;
DBComboBox;
DBCheckBox;
ADO жапсырмасындағы компоненттер:
ADOConnection;
ADOTable;
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қоры кестелерінің бірнеше форматтарын қарастырайық.
Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестелеріне:
DB2;
Informix;
InterBase;
Microsoft SQL Server;
Oracle;
Sybase жатады.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорының локальді кестелеріне:
Microsoft Access;
dBase;
FoxPro;
Paradox жатады.
Delphi көмегімен құрылған қосымша мәліметтер қорына BDE (BorlandDatabaseEngine) мәліметтер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.
BDE – мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*.dll файлдары) жинағы.
Мәліметтер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті мәліметте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорларының кестелері мен қосымшаларының өзара
орналасуына байланысты, мәліметтер қорларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
локальді;
клиент-серверлік;
Локальді – кестелері, олармен жұмыс істейтін қосымшалар орналасқан компьютерлерде болатын мәліметтер қоры.
Локальді мәліметтер қорлармен жұмыс істейтін қосымшалар – бір ярусты (single-tieredapplications) деп аталады, себебі қосымша да, мәліметтер қоры да бір компьютерде (яруста) орналасқан.
Кестедегі мәліметтерді алу сондай-ақ көп қолданушылық та бола алады. Осындай вариант сервер мен компьютерлер желісін көздейді. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың бұл тәсілі файл-сервер деп аталады.
Осы архитектураның бірқатар кемшіліктері бар:
Мәліметтер қорларының көшірмелерін жасау жән олармен бөлек компьютерлерде жұмыс істеу үшін бүкіл мәліметтер қорының белгілі бір мерзім сайын жаңарту қажеттігі туады. Бұл желілік трафикті жоғарлатады және бүкіл жүйенің жылдамдығын азайтады;
Бір қолданушы мәліметтерді өзгерткен жағдайда олар басқа қолданушылардың мәліметтер қорларының локальді көшірмелеріне бірден бармайды, сондықтан кезкелген қолданушы ескірген ақпаратты көре алады;
Қолданушлардың жұмыстарын синхронизациялау қажет. Ол қолданушы жұмыс істеп жатқан жазбаларға басқа қолданушылар үшін уақытша тыйым салуға негізделуі қажет. Осылайша, бір жазбаға бірнеше компьютерден бір уақытта қол жеткізу мүмкін емес болады;
Мәліметтерді алуға бақылау жасауды ұйымдастыру, қолданушыны идентификациялау және мәліметтердің бүтіндігін қолдаумен бірқатар қиындықтар бар.
Келтірілген кемшіліктер клиент-серверлі мәліметтер қорында жоқ.
Клиент - сервер мәліметтер қоры – кестелер желінің серверінде орналасқан, ал осы кестелермен жұмыс істеуге арналған қосымшалар серверге қосылған қолданушлардың компьютерлерінде (клиент) орналасқан мәліметтер қоры.
Клиент - сервер мәліметтер қоры сұраулар көмегімен SQL (StructuredQueryLanguage) тілінде жұмыс істейді. SQL-сұраулар серверде орналасқан мәлметтер қоры кестелерімен жасалатын кез келген операциялары үшін орындалады.
Мәліметтер қоры клиент-сервер қосымшаларында бүкіл ақпараттық жүйе екі түрлі бөлікке бөлінеді:
Мәліметтер қоры клиенті;
Мәліметтер қоры клиенті – сұрауларды қалыптастыру және серверге беруді, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсетуді қамтамасыз ететін қолданушының қосымшасы.
Мәліметтер қоры сервері – қашықтықтағы мәліметтер қоры басқаратын және клиенттердің сұрауларының орындалуы мен оның нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама.
Клиент-сервер мәліметтер қоры жұмыс істейтін қосымшалар екі ярусты немесе көп ярусты қосымшалар ( two-tieredandmulti-tieredapplications ) деп аталады.
Осындай архитектураның келесі артықшылықтарын ажыратуға болады:
Бүкіл мәлімет қоры емес, тек қажетті ақпаратты жіберу. Бұл желінің трафигін төмендетеді.
Мәліметтермен жасалатын жұмыстың бір бағдарламамен, яғни мәліметтер қоры серверімен орындалатынына байланысты мәліметтердің қауіпсіздігін және қолданушылардың жеке топтары үшін ақпаратты алу құқығын орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
Мәліметтерді өңдеу мен оларды алу жолын қамтамасыз ету үшін қажетті кодты қысқарту есебінен клиенттік қосымшалардың қарапайымдалуы.
Сервер мен мәліметтер қорының өзін жүргізу үшін арнайы маман қажет. Оны мәліметтер қорының администраторы деп атайды.
Delphi мәліметтер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.