4.8 Мекемелердегі еңбек пен демалыс тәртібіне қойылатын талаптар
Еңбек қызметінің түрлері үш күрделі дәрежеге бөлінеді:
А тобы – экраннан ақпппартты есептеу
Б тобы – Ақппаратты енгізу жұмысы
В тобы – ЭЕМ диалог тәртібіндегі творчествалық жұмыс.
Үзілістер, экран алдындағы жұмыстың ұзақтығы.
Медицина қолданушыларына ЕДТ және ДЭЕМ қойылатын талаптар.
Комплекстық жаттығуларды өткізу.
Қорытынды
Білім беру саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану оқушылардың, студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дәстүрлі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында компьютерлік технологияны пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Сол себепті, білімді жоғарылатуға электрондық окулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы керек, мектептің, кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиіс.
Берілген электрондық зертхана жасау үшін Delphi бағдарламалау ортасы таңдалынды. Қазіргі уақытта бағдарламашыларға Delphi пакетінің кезек*//ті болжамы BorlandDelphi 7 белгілі. Басқа болжамдар сияқты BorlandDelphi 7 қарапайым бір терезелі қосымшадан базаның бөліп таратылуының басқару бағдарламасына дейін әр түрлі бағдарламаларды құрайды. Пакет құрамына берілген база жұмыстарын қамтамасыз ететін әр түрлі утилиттер, XML құжаттары, анықтама жүйесін құру, басқа есептерді шешу кіреді. Жетінші болжамның ерекше негізі NET технологиясын қолдау болып табылады. BorlandDelphi 7 Windows 98-ден Windows XP операционды жүйе ортасында жұмыс істей алады.
Бағдарлама құрылымы формаларда мәзір бөлімдері арқылы бір-бірімен мәтіндік ақпарат түрінде байланысады. Мәліметтерді қажеттілігіне қарай басылымға жіберіп, мәтіндік құжат түрінде шығаруға болады.
Бағдарламаның орындалу шарты мен тағайындалуы, ақпараттық жүйенің құрылу барысы, жолдары, құрылған бағдарламаның барлық экрандық формаларына жеке жеке сипаттама берілуі дипломдық жобаның эксперименталды бөлімінде қамтылған.
Электрондық оқулықтың дәстүрлі оқулықтардан айырмашылығы− оқу пәнінің мазмұнын компьютерлік технологияға негізделген (оқыту, бақылау, тестілеу) бағдарламалардың жиынтығынан тұратындығында.
“Delphi ортасында электронды зертхана кешенін” құру негізінде жалпы электрондық оқулықтарға қойылатын техникалық және дидактикалық талаптар сақталды. Бұл электрондық оқу құралын құру жаңа аспаптық және ақпараттық жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық оқу құралын іс-тәжірибеден өткізіп, нәтижелеріне, қорытындыларына талдау жасалды. Студенттердің, оқушылардың өз бетінше білім алуында электрондық оқу құралының алатын орны мен маңыздылығы анықталды.
Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан – жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ – мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.
Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып, студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.
Информатика пәнінің мұғалімі әрбір сабақта электрондық зертхананы тиімді пайдалану білуі тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мқғалімнің сабақты қйымдастыра білуіне, жаңа материалдарды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі электрондық зертхананы пайдалану әдістеріне байланысты
Жинақта тақырыптарды ашу мақсатында теориялық білім, он екі зертханалық жұмыс және қосымша ұсынылды.
Файл бөлімінде BorlandDelphi, Delphi-де жұмыс істеу және Қосымша компоненттермен танысу батырмалары бар. Әр батырмада қажетті ақпарат беріледі. Зертханалық жұмыстар бөлімінде он екі зертханалық жұмыс бар. Әр зертханалық жұмыста оның мақсаты, әдістемелік нұсқау, тапсырмасы бар. Бейнематериал бөлімінде он екі зертханалық жұмыстың жасалу жолы бейнематериал ретінде көрсетілді. Автор туралы ақпарат бөлімінде автор жайында қысқаша мәліметтер көрсетілді.
Осы мақсатпен “Delphi ортасында электронды зертхана кешені”қазіргі техниканың даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Осы бағдарламаны пайдалануда студенттердің білімін жан-жақты көтеріп, есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек жұмысында ЭЕМ - мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де қажет.
Әдістемелік нұсқауда Delphi ортасының негізгі обьектілерімен жұмыс атқаруды үйренуге, негізгі компоненттердің қызметін білуге, олармен атқару командаларын ұйымдастыруға және әр компоненттің қасиеттерімен танысуға болады. Қарапайым бағдарламадан бастап, мультимедиа, графика және файлдармен жұмыс атқару мүмкіндіктері қарастырыды.
Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалды. Сондай-ақ, мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен “Delphi ортасында электронды зертхана кешені” электрондық оқу құралы білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға өз үлесін қосады деп үміттенемін.
Дипломдық жобаны орындау бағдарламасында бағдарламалық құрал кешенін қолданудың экономикалық тиімділігі есептеліп, дәлелденді. Бағдарламалық өнімді іске қосу үшін қажетті капиталдық салымдардың есебі жүргізілген және уақыт шығыны есептелген. Арнайы есептердің электронды есептеуіш машинасында шешу барысындағы құралдарды тиімдеу есептелген.
Қорыта айтқанда, бұл дипломдық жобаны жазу және орындау барысында Delphi тілінің жоғары деңгейлі, мүмкіндігі мол және осы аталған ортада көптеген жан-жақты бағдарламалар жасауға болатынына көз жеткіздім.
Бағдарлама өте қызық, қолданыста ыңғайлы, бұл құрылымның тиімділігі компьютерді орта деңгейде игерген кез келген қолданушының өзі де пайдалана алатындығында.
7
Достарыңызбен бөлісу: |