Дипломдық жұмыста суда еритін полимер соның ішінде агар-агар мен сазды үлгінің физика-химиялық қасиеттері мен алынуы зерттелініп,тәжірибе жасалынды


Агар-агардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау



бет9/11
Дата19.09.2023
өлшемі20,06 Mb.
#108429
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2. Агар-агардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау

Жоғары молекулалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеуде оптикалық тығыздық (D),электрөткізгіштік (ᴂ),тұтқырлық (ƞ) және рН көрсеткішін анықтау қолданылады.


Тұтқырлық дегеніміз- сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі.Мысалы, машиналарды майлау жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңлап алады.Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығы өте күшті болады. Себебі, сұйықтың температурасы жоғарылап кризистік температураға жеткенде (мысалы,суды алсақ ол 100с-та қайнап буға айналады) басқа фазаға өтеді.
Оптикалық тығыздық –қабатқа түскен және одан өткен жарықтың интенсивтіліктері қатынасының ондық логарифмі ретінде анықталатын, жарық сәулелеріне арналған зат қабатының мөлдір еместік сипаттамасы.Мөлдір заттардың жарықтың әлсіреуінің немесе мөлдір емес заттардың жарықтың шағылысуының өлшемі.
Электрөткігіштік- электр өрісі өзгермеген жағдайда заттың тұрақты электр тогын өткізу қабілеті. Оның өлшемінің бірлігі: См (сименс) электр өткізгіштік түрлері келесі: электрондық (металдар және жартылай өткізгіштер); иондық(электролиттер); аралас(электрон-иондық өткізгіштік).
Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртерістілігі жоғары атомдар арасында болатын химиялық байланыстың түрін айтады. Сутектік байланыстың нәтижесінде заттардың қасиеттері өзгереді.Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады.Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең таралған. Сутектік байланыс әр түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар арасында болады.[21]


Жұмыстың барысы:
Полиэлектролит үлгілері ерітінділерінің тұтқырлығы 25,0 ± 0,1°C термостатқа орналастырылған капиллярлық радиусы 0,56 мм Оствальд вискозиметрінде, оптикалық тығыздығы (D) СФ-2000 спектрофотометр құрылғысында, электрөткізгіштігі HI-2300 стационарлы кондуктометр құралында, ал рН көрсеткіштері портативті pH-150MИ рH-метрде анықталды.
Зерттеу жұмыстары барысында алдымен 1% дық концентрация ерітінді дайындау үшін 1 гр агар-агар мен 99 мл дистелденген суды қосып ерітінді дайындаймыз.Ерітіндіні 40 С температурадан асырмай су моншасында ерітіп аламыз.Біркелкі қою масса болғанша араластырып тұрамыз.Ертінді қою біркелкі массаға айналғанда су моншасынан алып,бөлме температурасына дейін салқындатып аламыз.Дайын болған ерітіндіні әртүрлі концентрацияларға бөліп дайындаймыз.0,1%, 0,5%, 0,25%, 0,05%, 0,025%, 0,01% концентрациядағы ерітінділер.Вискозиметрде жұмыс жасау барысында ерітінді тұтқырлығын анықтау үшін бөлме температурасындағы термостатқа орналастырылған вискозиметрде жұмыс жасалынды.Дайын болған әртүрлі концентрациядағы ертінділерді висклзиметрге құю арқылы ағып өту уақытын бақылаймыз.Алынған мәндерді кестеге толтырып,график тұрғызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет