Еркін тербелістер
Егер тербелмелі жүйенің орнықты тепе-теңдік күйінен қандай да бір ауытқуы сыртқы айнымалы әсерге соқтырмайтын болса, тербелмелі жүйеде пайда болатын тербелістерді еркін немесе меншікті деп атайды.
3-сурет
Серіппеге қосылған магниттің тербелісі (3-сурет), серіппеге ілінген жүктің тербелісі , шекті тепе-теңдік күйінен шығарған тербелістер еркін тербелістердің мысалы бола алады.
Тербелістердің осциллограммасы
Егер маятникке сия құйсақ, маятник тербелгенде одан аққан сия маятниктің ілу нүктесіне қатысты алғанда бір қалыпты қозғалып, қағазға қисық сызады. (4-сурет). Қағаз жолақ бір қалыпты қозғалғандықтан, алынған қисық уақыт өткен сайын маятниктің тепе-теңдік күйіне қатысты қалпынан өзгергенін көрсетеді. Мұндай қисық осциллограммалар деп аталады. «Осциллограмма» деген сөз латынның oscilum тербеліс және гректің графио жазамын деген сөзінен шыққан.
4-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |