Дипломдық жұмыстың


Гармониялық тербелістерді сипаттайтын шамалар



бет13/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Дип.-Тербелістер»-бөлімі-бойынша-физикалық-есептерди-шығаруға-әдістемелік-дайындау-жүйесін-жасау

Гармониялық тербелістерді сипаттайтын шамалар

Тербелстерді сипаттау үшін орын ауыстыру, жылдамдық және үдеуден басқа қозғалыстың осы түріне арнаулы шамалар енгізілген. Осындай шамалардың бірі ығысу болып табылады.



Ығысу деп тербеліп тұрған дененің тепе-теңдік жағдайынан орын ауыстыруының ОХ осіне түсірілген проекциясын атайды (5- сурет). Ығысу – скаляр шама.

Тербелмелі қозғалыста ығысудың мәні үздіксіз өзгеріп тұрады. Ығысудың ең үлкен мәнін амплитудалық мән немесе амплитуда деп атайды. Амплитуданы Хm деп бас әріппен белгілейді, ал кез келген уақыт мезетіндегі ығысуды х-пен белгілейді.

Тербелмелі жүйенің толық бір тербелуге кеткен ең аз уақыт аралығын период деп атайды. Период Т әрпімен белгіленеді.

Егер t уақыт ішінде N толық тербеліс жасалған болса, онда тербеліс периоды былай анықталады:





Сонымен, тербеліс периоды деп толық бір тербелуге кеткен уақытты атайды.



Дененің 1 секунд ішінде жасаған тербеліс санын тербеліс жиілігі деп атайды. Әдетте тербеліс жиілігін ν әрпімен белгілейді. Егер t уақыт ішінде толық N тербеліс жасалған болса, онда




Жиілік деп 1 с ішінде жасалған толық тербеліс санын айтады. Жиіліктің бірлігі ретінде 1 секундта бір тербеліс жасайтын жиілікті алады. Жиіліктің осы бірлігін Г е р ц (Гц) деп атайды. Бұл бірлік неміс физигі Генрих Герцтің құрметіне берілген. Практикада іс жүзінде жиілікті өлшеу үшін еселік бірліктер килогерц (кГц), мегагерц (МГц) және гегагерц (гГц) пайдаланылады.

Период пен жиілік формулаларын салыстыра отырып, бұлардың бір-біріне кері шама екенін көреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет