Дипломдық жұмыстың


Гармониялық тербелістер және оларды сипаттайтын шамалар



бет12/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Гармониялық тербелістер және оларды сипаттайтын шамалар
Табиғатта және техникада тербелістің сан алуан түрі кездеседі. Біз мәселені оңайлатып, массасы m денеден тұратын, ұзындығы дененің өлшемінен анағұрлым ұзын берік жіпке ілінген идеал маятникті көз алдымызға елестетейік. Денені материалық нүкте деп атауға болады. Сонымен қатар, маятник тербелген кезде үйкеліс күші де, ауаның кедергі күші де әсер етпейді дейік. Мұндай маятник математикалық маятник деп аталған. әрине, нақтысында математикалық маятник деген жоқ. Бірақ оның моделін жасауға болады. Мысалы, ұзын, өте жеңіл, жіңішке, берік жіпке ілінген қорғасын не болат шар математикалық маятниктің дөрекі моделі бола алады. Егер біз ойлағандай математикалық маятник болса, оны тепе-теңдік қалпынан шығарып, мыналарды анықтаған болар едік:

а) маятник шексіз тербеле береді (энергияның қайтымсыз түрленуі жоқ боғандықтан);

б) оның тепе-теңдік қалпынан оңға ең үлкен ауытқуы солға ең үлкен ауытқуына тең;

в) оңға ауытқу уақыты солға ауытқу уақытына тең;

г) тепе-теңдік қалпынан оңға және солға қозғалу сипаты бірдей.

Мұндай тербелістерді гармониялық деп атайды (гректің «гармония» - үйлесімділік, келісушілік деген сөзі).

Кейінірек, біз гармониялық тербелістерді дәлірек анықтаймыз, ал әзірше осы сипаттаумен шектелеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет