Дипломдық жоба " Манипуляторлы роботтың электр жетегін жасау" 6В07116 "Автоматтандыру жəне басқару"


Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері



бет20/28
Дата12.06.2022
өлшемі1,63 Mb.
#36731
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері


Жұмысшыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру барлық мекемелерде міндетті түрде жүргізілуі тиіс.


Барлық жұмысшыларды жұмысқа алудың алдында құрамына бас инженер, қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, қауіпсіздік техникасы бойынша бөлімшенің бастығы, бас механик, бас энергетик, құқықтық бөлім мен кадрлар бөлімінің өкілдері кіретін жалпы заводтық аттестационды комиссия арқылы аттетациядан өткізеді[14].
ЭЕМ жұмыс істейтін персонал жұмыс орнында инструктаж өтеді. Инструктаж өткізілгенде персонал қолына техника қауіпсіздігінің инструкциялары беріледі. Инструкцияның келесідей түрлері болады:

        1. кіріспе;

        2. біріншілік;

        3. қайталанбалы;

        4. жоспардан тыс.

Жоспарлаған уақыт мерзімі өткеннен кейін қайталанбалы инструктаж және дәрігерлерден өту қажет.
Арнайы құжаттар жүргізіледі:

  1. эксплуатациялық журнал;

  2. контрольді өлшеуіш приборлар көрсеткіштерін енгізетін журнал;

  3. қорғау құралдарының күйін, бар жоқтығын тексеру журналы.

Жұмыс персоналын инструктаждан өткізудің келесі түрлері бар: кіріспелік, алғашқы инструктаж, кенет инструктаж, қайтара және мақсатты
инструктаж. Травматизммен күресу шараларына арналған, еңбек гигиенасына және тағы басқаға арналған лекциялар жүргізіледі.
Кіріспелік инструктажды қауіпсіздік техникасы бойынша инженер жұмысқа алынатын барлық жұмысшылармен жүргізеді.
Алғашқы инструктажды әрбір жұмысшымен практика жүзінде қауіпсіз жұмыс әдістерін көрсету арқылы жүргізеді. Инструктажды тікелей жұмыс жетекшісі жүргізеді.
Қайтара инструктажды кем дегенде әр алты ай сайын ережелер мен еңбек қорғау инструкциялары бойынша білімді тексеру және жоғарлату мақсатымен жүргізеді.
Кенет инструктаж келесі жағдайларда жүргізіледі:

Мақсаттық инструктаж жұмысшылармен бір ретті жұмыс және де жоғары қауіпті жұмыстың орындалуы кезінде жүргізіледі.
Жүргізілген барлық инструктаж түрлері журналда бекітіледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге сәйкесінше келесі міндеттемелер жүктеледі: еңбек қорғау бойынша нұсқауларды сақтау, машиналармен және механизмдермен жұмыс істеу кезінде орнатылған талаптарды орындау, өзіндік қорғаныс құралдарын қолдану. Жұмысшылармен және қызметкерлермен бұл міндеммелер орындалмаса бұл еңбек тәртібін бұзу деп саналады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет