ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста 2015, 2018 жылдардағы PISA Халықаралық бағдарламасының 8 тапсырмасын қарастырдым. Оның ішінде 6 есеп дұрыс аударылмаған. Мысалы, кейбір тапсырманың мәтіндері оқыған кезде мүлдем түсініксіз. Қазақ тіліндегі тапсырманы ағылшын, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырдым. Қазақ тіліндегі нұсқасында кейбір есептердің маңызды мәліметтері қалып кеткен. Есептің шартында бір сөз екі түрлі жолмен берілген. Мұндай өрескел қателер оқушылардың тапсырманың берілгенін түсінуге кедергі жасайды. Менің болжамым бойынша, өзге тілден келген тапсырманы аудару үшін ағылшын мен математика саласының білікті мамандары тағайындалуы керек. Зерттеу барысында төмендегідей жұмыстар жасалды:
1. Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика оқулығы талданды;
2. PISA бағдарламасы бойынша мақалалар, әдебиеттер қарастырылды;
3. № 73 физика – техникалық лицейінде сабақтан тыс уақытта функционалдық сауаттылық тапсырмаларын негізге ала отырып «Математикалық квест ойыны» ұйымдастырылды;
4. PISA бағдарламасына мұғалімдерді дайындайтын «Педагогикалық шеберлік» орталығының математика бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Алиаскаров Даулет Алтынбаевичтен онлаин форматта тәжірибе алмасу мақсатында ақпарат жинақталды.
Функционалдық сауаттылық тапсырмалары практика барысында
келесідей оң нәтиже көрсетті:
1. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты;
2. Сабақ үлгерімі төмендеу оқушылардың математикаға қызығушылығы
артты;
3. Оқушылардың креативті ойлауы дамыды;
4. Математиканың өмірдегі орнын анықтауға көмектеседі.
Кез келген халықаралық зерттеулерден, оның ішінде математикалық сауаттылық тапсырмаларын табысты орындау үшін пән мұғалімі қарапайым екі қағиданы ұстанса жеткілікті: біріншісі мектеп қабырғасында өтілетін тақырыпты оқушылардың өмірімен байланыстыру болса, екіншісі пәндер арасында байланыс болу керек. Трансмиссиялық оқыту және нақты деректерді жаттанды түрде есте сақтау кез келген нәрсені нақты өмірден алшақ етіп көрсетеді. Менің айтпағым, оқытудың өзекті болмауы оқушылардың оқу уәжін төмендігіне, осыған орай оқу сапасының төмендеуіне себепші болады. Бұл балалардың математикадан алған білімін стандарттан тыс тапсырмаларды шешуде қиындық туғызады.
PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алғашқы үштікте жүретін Финляндия елінің білім беру жүйесі зерттелді. Финляндиядағы мектептердің өзге елдерден ерекшелігінің бірнеше принциптері бар, теңдік, тиімділік, даралық, еріктілік, дербестік, сенімділік. Соның ішінде тиімділік 60
принципінің ерекшелігі мектепте оқушылардың өміріне қажет дүниелер ғана оқытылады.
Менің болжамым, барлық тақырыптың нақты өмірмен байланысын оқушыға жеткізе білу және математиканың басқа ғылымдармен тығыз байланысын ұштастыру. Яғни, оқушыларды жеке, қоғамдық және кәсіби өмірдің барлық салаларында математиканы қолдануға дайындау. Соның ішінде әртүрлі жағдайларда кездесетін практикалық проблемаларды шешу және математикалық пайымдау дағдыларына басты назар аудару керек.
Оқу бағдарламасындағы тақырыптарды қарастыру барысында қоғаммен, күнделікті тіршілікпен байланысына тоқталсақ, тапсырмалар әзірлеп сол тақырыптың маңызды екеніне оқушы көзін жеткізсек пәнге қызықтырып қана қоймай, тақырыпты игертуге де мол мүмкіндік бар. Мәселен, логирифмді қарапайым мысалмен түсіндіруге болады. Бес ұрпақ таратып, содан кейін өзі жойылатын бактериялардың көбею жылдамдығын есептеу керек, келесі күні бұл бес бактерия тағы бес ұрпақ таратып, өздері жойылады т.с.с. Сізге бір бактерияның саны неше күнде 625 дейін көбейетінін есептеу қажет. Бұл жерде сіз анықтауыңыз керек күндер саны логарифм болып табылады. Мұндай заңдылықтар шынайы өмірде кездесетін заңдылықтардың көрінісі болып табылады. Осы секілді қазіргі таңда математикалық сауаттылыққа берілген тапсырмалар өте жиі кездеседі. Осы сипаттағы тапсырмаларды топтастырып, қажет болса ұқсас тапсырмалар әзірлеп тақырыпқа сай қолдануды жолға қоюуымыз керек. Менің түсінгенім оқушылар стандартты тапсырмаларды орындауға қарағанда, функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырмларды орындауға құмар. Себебі, бұл тапсырмалар шынайы өмірден алынған мысалдар. Өкінішке орай, біз мектеп бағдарламасында стандартты тапсырмалармен шектеліп, математикалық сауаттылық тапсырмаларын сирек, тіпті мүлдем шығармаймыз. Қазақстанда 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері және Destination ағылшын орталығы функционалдық сауаттылыққа ерекше көңіл бөледі. Destination ағылшын орталығын зерттеу барсында, мұғалімдердің әр жаңа сөзге өмірге қатысты мәселелерді дайындап әкелетінін байқадым. Мәселелер арқылы оқушылар жаңа сөзді қандай жағдайларда қолдана алатынын біледі және мұндай әдіспен оқытылған материал баланың есінде жақсы сақталады.
Әр тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыру және соған сай тапсырмалар әзірлеу пән мұғаліміне салмақ салатыны ақиқат. Тақырыпқа сай түрлі деңгейдегі математикалық сауаттылық тапсырмаларын іріктеу немесе әзірлеу барысында оқушылар басқа пәндермен де байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Мектеп бағдарламасында 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінге өтілетін негізгі тақырыптарға есептер шығару барысында тек мектеп оқулығындағы стандартты тапсырмамен шектелмей, әр тақырыпқа сай келетін PISA Халықаралық зерттеуінде кездескен есептерді тақырыпқа сай әр сабақта қолдану керек деген ұсыныс айтар едім. Оқушы тек оқулықтағы есептерді шешуге дағдыланған, ал математикалық сауаттылыққа берілген тапсырмаларды орындауға дағдыланбаған. Сондықтан ерте жастан балаға 61 математиканы оқыту барысында оны өмірде қалай қолдануға болатынын да қатар үйрету маңызды. Біздің қазақстандық білім беру жүйесінің кемшілігі де осы тұста деп сеніммен айтқан болар едім.
Сонымен қатар математиканы қызықтырудың тағы бір жолы басқа пәндермен ортақ тақырыптарды тауып, өзара байланысын ашып көрсету.
Мысалы, әр пән мұғалімдерімен бірлесіп, функционалдық сауаттылық тапсырмаларын негізге ала отырып, сабақтан тыс уақытта қызықты ойындар ұйымдастыруға болады. Ортақ тақырыптар – оқу пәндерін өзара байланыстыру әдістерінің бірі. Әртүрлі пәндерде ұқсас тақырыптар оқытылады, бірақ әр пәннің ақпараттық мазмұны әртүрлі болып келеді. Сондықтан ортақ тақырыптар мен оқу пәндерінің өзара байланысы (интеграциясы) оқушыларды белгілі бір тақырыптың жалпы мазмұнмағынасын түсінуге және оның пәндік тұрғыдан мазмұнын ажырата білуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |