Дипломдық жоба мамандығы Тау-кен ісі Қарағанды 2022 Мазмұны


«Батыс» ашық кенішін ашу және қазып-өндіру үдірісі кезіндегі зияндылық пен қауіптілік анализі



бет21/22
Дата08.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#91082
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Äèïëîìäû? æîáà ìàìàíäû?û Òàó-êåí ³ñ³ ?àðà?àíäû 2022 Ìàçì?íû

8.2 «Батыс» ашық кенішін ашу және қазып-өндіру үдірісі кезіндегі зияндылық пен қауіптілік анализі


Батыс ашық кенішінің ауданы күрт континетальді құрғақшыл климаттық белдеуге жатады. Желдің үстем етуші бағыты қыста – шығыс, жазда-солтүстік. Ашық кеніштің микроклиматы желдің жылдамдығымен, температуралық тәртіппен және ондағы ауаның дымқылдығымен сипатталады. Ашық кеніштегі желдің жылдамдығы қыста – 5,1 м/с, жазда – 5,4 м/с құрайды.


Ашық кеніштегі дымқылдық көп емес. Температураның тәуліктік ауытқулары келесідей: жазғы және күзгі уақытта үлкен, қысқы уақытта – шамалы.
Климаттық шарттардың адам ағзасына әсері. Ауаның қызуы келесінің салдарынан болады: қоршаған жыныстық сілеммен жылу алмасу тереңдігін көбейтумен оны сығу; ауадағы дымқылдық құрамын өзгертумен; тасымалданатын тау-кен массасы мен темір-марганецті кендердің суытудан және қышқылдануынан, жылу бөлінуінен, жұмыс істеуші механизмдердің жылу бөлуінен және т.б.
Тау-кен жұмысындағы адамның хал-жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігі ағзаға ауаның температурасының, дымқылдығының және қозғалу жылдамдығының бірге әсерімен анықталады.
Қалыпты климаттық шарттарда сау адамның ағзасында 36,5°С тұрақты температура сақталып отырады. Температураның мөлшерден бірнеше градусқа ауытқу кезінде қышқылдану-қалпына келтіру үдірістері нашарлап, ағзаның тіршілік әсекеті бұзылады.
Ағзаның шектен тыс қызып кетуі жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, күрт пульс пен тыныс жиілейді, су-тұзды балансты бұзады, ойлау әрекетін баяулатады, назарды әлсіздендіреді, ақпаратты қабылдауды төмендетеді, қауіпті жүрек-тамырлы, асқазан-ішек және басқа да аурулар туғызады, ағзаның қызып кетуінің ең ауыр зардабы болып жылу соққысы табылады.
Адамның денесінің сууы кезінде жұмыс қабілеттілігі күрт төмендейді, қозғалыс координациясы, олардың тез әрекеттігі жоғалады, ұйқышылдық пайда болады, орталық жүйке жүйесінің қауіпті тежелуі, қателіктер мен бұрыс әрекеттердің саны көбейеді. Өте күшті суу кезінде қанайналу нашарлап, үсіп қалу қауіптілігі болады. Адам ағзасының қалыпты тіршілік әрекеті үшін санитарлық нормаға сәйкес келетін қоршаған ауа температурасын, жұмыс орындарындағы ауаның қозғалу жылдамдығын және оның салыстырмалы дымқылдығын қамтамасыз ету керек.
Температураның, салыстырмалы дымқылдықтың және ауаның қозғалу жылдамдығының әсері антогенестикалық (біреулерінің әсері екіншілерінің әсерін төмендетеді) немесе синергикалық (біреулерінің әсері екіншілерінің әсерін жоғарылатады) болуы мүмкін.
Ашық кеніштегі ауа қарапайым атмосфералық түрінде, бірақ шаң, азот, көміртегі және күкірт оксидтері, альдегидтер және т.б. сияқты заттардың құрамымен сипатталады. Атмосфералық ауа химиялық құрамы бойынша азоттың, оттегінің, инертті газдардың, көмірқышқыл газдарының қоспасын көрсетеді.
Кеніштік ауаның зиянды қоспаларының арасында сонымен қатар келесілер бөлінеді:
көміртек тотығы (СО). Түссіз, иіссіз және дәмсіз газ, өте улы. Қанықтыру кезінде оттегі ашығуына сипатты ауру белгілерін туғызады. СО ату жұмыстарының және іштен жану двигательдерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады;
- азот қос тотығы (NO2). Улы, көздің шырышты қабығының және тыныс алу жолдарының күшті тітіркенуін туғызады. Атмосфераға түсу көзі болып іштен жану двигательдері мен БАЖ саналады;
- күкіртті сутегі (H2S). Түссіз, шіріген жұмыртқа иісті газ. Улы, ауада 6% құармына жеткен кезде атылады. Көздің шырышты қабығына, тыныс алу жолдарына және жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Ашық кеніштегі жыныс құрамында күкірт қосындылары көп емес, сондықтан күкіртті сутегі жынысты қопсытқан кезде, сонымен қатар АЗ толық атылмаған кезде бөлінеді.
- альдегидтер (акролеин және формальдегид) жағымсыз иісті газдар. Аса улы. Іштен жану двигательдерінің жұмысы кезінде пайда болады.
Атылғыш заттардың газдары. Ату кезінде СО және NO, NO2 b N2O4 газдарының қоспалары пайда болады. Олар улы, көздің шырышты қабығының және тыныс алу жолдарының қатты тітіркенуін туғызады. Тотықтардың өлімге әкелетің шоғырлануы – 0,025%.
Компрессор газдары – СО, СН4 және басқалар, жоғары температу мен қысым кезінде компрессорлардың майынан пайда болады. Кез келген майлайтын май 20 г көлемінде көрсетілген шарттарда 1 м3 ауада атылу қоспасына айналуы мүмкін.
Пайдаланылған газдар. Оларға СО, СО2 газдарының, азоттардың тотықтарының қоспалары және альдегидтер жатады.
МЕСТ 12.1.005 – 76 бойынша жұмыс зонасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануы 4.1-кестеде берілген.
8.1-кесте
Жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануы

Зат

ПДК, мг/м3

Азот оксиді

5

Көміртегі оксиді

20

Күкіртті сутегі

10

Акролеин

0,2

Формальдегид

0,5

Ашық кеніште шаң бөлінеді, ол адам денсаулығына өте зиянды болып табылады, сондықтан ол интенсивті шаңбөлінудің алдын алу, шаңды тұндыру және ұстау бойынша әртүрлі шаралар жүргізу, сонымен қатар оның зияндылығына тәуелді қойылатын шаңның шекті рұқсат етілген шоғырлануын қатаң сақтау қажеттігін туғызады.
Ұзақ шаң жұту кезінде тыныс алу жолдарында қосушы тканьнің ұлғаюы болады, ол кәсіптік ауру – пневмокониоздың пайда болуына себеп болады.
Тыныс алу жолдарынан басқа, шаң көз бен теріге әсер етеді. Теріге еңген шаң өзін индифферентті көрсету мүмкін немесе терінің кішкентай ісік, қызару және ауруымен сипатталатын ісіп қызару құбылысын туғызу мүмкін. Шаңның көзге әсері көздің конъюктевитпен ауруын туғызады.
Сонымен қатар жұмыс персоналының жұмысына шу мен діріл негативті әсер етеді. Карьерде олардың көздері болып электродвигательдер, іштен жану двигательдері, вентиляторлар, компрессорлар, бұрғылау станоктары, бульдозерлер, ату жұмыстары және басқалары саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет