Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасының пандемия жағдайындағы экономикасы
Зерттеу пәні: Пандемия жағдайындағы кәсіпкерлік қызмет көрсеткіштері мен оларды жетілдіру әдістемелері арасындағы байланыс.
Зерттеу міндеттері. Көрсетілген мақсат мынадай міндеттерді талап етеді:
- Қазақстан экономикасында пандемияның кәсіпкерлік қызметке әсерін бағалау;
-тұрақсыздық жағдайында кәсіпкерлікті басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
Пандемия кезеңінде кәсіпкерлік қызметті басқару тәуекелділігін азайту сценарийін анықтау.
Тақырыптың даму дәрежесі. Экономикалық дағдарыстарды, белгісіздіктер мен қауіптерді зерттеуге және қарсы әдістерді жасауға, әлемдік экономикадағы дағдарыстардың даму механизмдерін зерттеуге арналған отандық және шетелдік авторлардың еңбектері бар, соның ішінде: Қ.Ж.Елшібекова, А.С.Сейдахметов, А.Қ.Измаханова, К.Маркс, Дж.А.Гобсон, Дж.М.Кейнс, Ф.А.Хайека, Н.Д.Кондратьева, Й.Шумпетер, Х.Акерлофа, Ф.Х.Найта, С.Ю.Глазьева, Г.Б.Клейнер, В.А.Мау, Я.И.Кузьминова, А.В.Бузгалина, Р.С.Гринберг, Е.М.Бухвальд және т.б.
Шағын бизнестегі дағдарысты басқаруды, соның ішінде дағдарыстарға қарсы тұруды, қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселелерін шешуді, институционалды орта факторларын ескеруді зерттейтін ғалымдар арасында мыналарды бөліп көрсету керек: А.З.Бобылева, А.В.Лукьянова, О.А.Львова, Т.Беляева, А.А.Бжассо, О.А.Котлярова.
Алайда, отандық және шетелдік ғалымдар жүргізген көптеген теориялық және практикалық зерттеулерге қарамастан, дағдарысты басқарудың тиімді технологиялары мен модельдерін әзірлеу мәселесі жаңа сапаның белгісіздік факторларының пайда болуына және ұйымдардың қызметіне, соның ішінде технологиялық, геополитикалық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қоршаған орта элементтерінің синтезіне байланысты маңызды болып қала береді және бұл жұмыстың өзектілігін растап, оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Бұл зерттеудің теориялық негізі ретінде автор менеджмент, дағдарысты басқару, жоспарлау және болжау, экономикалық жүйелердің жай-күйін диагностикалау, ұйымның циклінің теориясы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Сонымен қатар еліміздің «БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары да негізге алынды. Статистика Департаментінің деректері де қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |