ЖAРAТЫЛЫСТAНУ ЖӘНЕ ГЕОГРAФИЯ ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТAРИХЫ
Факультеттің қалыптасуы Қазақстандағы байырғы оқу орны саналатын біздің университеттің даму тарихымен тығыз байланысты. Алғаш құрылған 1928 жылы мұнда үш бөлім бар болатын, солардың бірі - жаратылыстану,яғни химия және биология бөлімі.Университет 1933 жылы республикадағы басқа жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жаңадан ашылған география бөліміне студенттер қабылдады.1936 жылы жоғарыда аталған екі бөлім екі дербес факультет болып құрылды.Бұдан кейін, 1955-1956 оқу жылы бұл екі дербес дербес факультет жаратылыстану география факультетіне бірікті. 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында Жаратылыстану және география институты болып қайта құрылды.
Сурет-15. Жаратылыстану және География институтының логотипі
Қазіргі уақытта Жаратылыстану және география институтында күндізгі және сырттай бөлімдерде 1936 студент, 159 магистрант және 110 докторанттар білім алады. 143 профессор-оқытушылар мен 23 оқу көмекші құрамы институтта жұмыс жасайды. Профессор-оқытушылар құрамының арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, 23 ғылым докторы, 53 ғылым кандидаты және 13 PhD докторлары бар. Институт оқытушылары арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, үздік оқу құралына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептерге арналған химия және биология, география пәндерінен отандық жаңа буын оқулықтарының авторлық ұжымдары бар.
Бүгінгі таңда институтта белсенді түрде қос дипломды білім алу және академиялық ұтқырлық, ПОҚ біліктілік деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Институттағы кафедралар ҚР БҒМ жүйесінің ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі ғылыми зерттеу-институттарымен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттері,институттарымен тығыз байланыс жасайды [19].
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 25 наурыз, 1932 жылы Қарағанды облысында, Жаңаарқа ауданындағы Көнек ауылында дүниеге келген. 1940-1949 жж. - Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде оқыған. 1949-1950 жылдары отбасылық жағдайына байланысты Қызылордаға ауысып, М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін қызыл дипломмен аяқтаған. 1950-1954жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы Абай атындағы педагогикалық институты) география факультетінде білім алып, институтты қызыл дипломмен тәмәмдады [20]. А.С.Бейсенованың бастауымен және тікелей қатысуымен Абай атындағы ҚазПИ география-экология факультетін ұйымдастырды.
- География және экология факультетінің деканы болып сайланды.
- Қазақстанның география және экология кафедрасының меңгерушісі болды [21].
Кафедра жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын, соның ішінде қазақ тіліндегілерін жетілдіруде үнемі жұмыс жасады, әр жыл сайынғы қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларын, сонымен қатар оқушылар жасаған ғылыми жобаларды ұйымдастырып , өткізуге атсалысады. Кафедралар ұжымдары қалалық және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізді.
Институтта оқу процесін жетілдіру ,озық тәжірибені тарату, жоғары және орта білім беру проблемалары бойынша семинарлар,дөңгелек столдар, конференциялар дайындап өткізумен айналысатын оқу-әдістемелік кеңес белсенді жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жоғары және арнаулы оқу орындарына, жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми және тақырыптық жинақтар жарыққа шықты. Институт мұғалімдері арасында ең үздік оқулық әдебиетке арналған республикалық жеңімпаздары, жаңа тұрпаттағы Қазақстандық мектеп оқулығының авторлық ұжымдар бар.
Мамандар даярлау процесінің маңызды құрамды тармақтарының бірі тәрбие жұмысы болып табылады. Институтта студенттердің өзін-өзі басқару ісі жөніндегі қоғамдық деканат жұмыс істейді, оның құрамына институттың ең үздік студенттері кіреді. Соңғы жылдардың қорытындысына сәйкес Жаратылыстану және география институтының барлық түлектеріне сұраныс бар, олардың басым көпшілігі білім және ғылым, сондай-ақ туристік фирмалар мен эклолгиялық мекемелерге жұмысқа орналасуда [22].
Сурет-16. Жаратылыстану және География институты
Достарыңызбен бөлісу: |