Дипломдық жоба тақырыбы: «ХҚту түлектер қауымдастығы» ақпараттық жүйесін құру «6В06152-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»


Қауымдастық басқарма кеңесі және оның құзіреттері



бет5/12
Дата10.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#91509
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қауымдастық басқарма кеңесі және оның құзіреттері

Қауымдастықтың ұйымдық негізін Қазақстан Республикасында филиалдардың территориалдық белгілері бойынша құрылғандар жасайды. Филиалдар Жалпы жиналыстың шешімдерімен құрылады. Филиалдар заңды тұлға құқықтарын иеленбейді. Филиалдар Қауымдастықтың мүліктерінен басқа жеке мүліктерді иемденбейді. Филиалдар Басшылары Қауымдастық Басқармасымен тағайындалады. Филиалдар өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес осы Ереже шеңберінде жүзеге асырады. Қауымдастықтың басқару органдары мыналар болып табылады:


- Жоғары басқарушы орган – Жалпы жиналыс;
- Атқарушы орган – Басқарма;
- Бақылау органы – Тексеру комиссиясы. Жалпы жиналыс Қауымдастықтың жоғары басқарушы органы
Жалпы жиналыс (әрі қарай - Жиналыс) болып табылады. Жиналыс жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналысты өткізу мерзімі мен өтетін орыны туралы, Қауымдастық Басқармасының алдын-ала күн тәртібі туралы Жиналыс басталғанға дейін бір ай (30 күн) бұрын хабарланады. Жиналысқа өкілділік тәртібі және делегаттарды сайлау Қауымдастық Басқармасымен бекітіледі. Қауымдастықтың кезектен тыс Жиналысы Кеңестің бастамасымен қажеттілік жағдайында Қауымдастық мүшелерінің жалпы санының кемінде 1/3 бөлігінің талаптары бойынша шақырылады. Жиналыс егер оның жұмысына Қауымдастық мүшелерінің кемінде 1/3 бөлігі қатысқанда ғана заңды болып есептеледі, ал шешімдері егер оған қатысқан делегаттардың жартысынан көбісі дауыс бергенде ғана қабылданған болып саналады. Дауыс беру формасын (ашық және құпия) Қауымдастық Басқармасы бекітеді. Жиналысқа қатысу байланыстың электронды құралдары бойынша рұқсат етіледі. Жалпы Жиналыстың ерекше құзіреттілігіне мынадай мәселелер кіреді: -Қауымдастық Жарғысының қабылдануы, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ-ХҚТУ-066-2017 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Түлектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ережесі 12 беттің 7-ші беті 7 -Қауымдастық Басқармасын және оның Төрағасын, Тексеру комиссиясын сайлау, олардың есептерін тыңдау және бекіту; -Төраға ұсынысы бойынша Қауымдастық Басқармасы мүшелігінен мерзімінен бұрын айыру, оның өкілеттілігін тоқтату; - Қауымдастық қызметінің алдағы есепті кезеңдегі негізгі бағыттарын анықтау; - Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау; - Қауымдастықтың филиалдарын құру және тарату; - Қауымдастық қызметінің Қауымдастық Басқармасы анықтаған басқа да маңызды мәселелерін шешу. Қауымдастық басқармасы Жалпы жиналыстар арасындағы кезеңде атқарушы органдар Қауымдастық Басқармасы (әрі қарай - Басқарма) болып табылады. Басқарманы Жиналыс сайлайды және оған есеп беріп тұрады. Басқарманы Қауымдастық мүшелерінің кемінде 11 саны бар адам құрайды, олар үш жыл мерзімге қайта сайлану құқығымен сайланады. Басқарма сайлауы кезеңінде Басқармаға мүшелікке үміткерлер Қауымдастық мүшелерінен кемінде 10 жазбаша қолдаухат жинауы тиіс. Басқарма мүшелігіне үміткерлер тізімі Басқарма Жиналысы Төрағасымен дауысқа енгізіледі. Жиналыс дауыс беру формасын (ашық және құпия) бекітеді. Басқарма Төрағамен алдын-ала келісімімен өзінің кез келген мүшелерінің өтініші бойынша жиналады. Басқарма егер оның жұмысына Басқарманың кемінде 1/2 мүшесінің қатысуымен болса, онда ол заңды болып есептеледі. Дауыстардың тепе-теңдігі кезінде Басқарма Төрағасының немесе төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Сырттай дауыс беруге де болады. Басқарма шешіміне Төраға қол қояды және ол барлық мүшелері үшін міндетті болып саналады. Қауымдастық Басқармасы мүшелері дербес және коллегиялық жауапкершілікті алып жүреді. Қауымдастық Басқармасы мүшесі өзінің өкілеттілігін мынадай жағдайларда жоғалтады: - Қауымдастық Басқармасымен белгіленген шешімдердегі өзінің қызметтік міндеттерін орындамағанда; - Қауымдастық Басқармасы шешімдерін орындамағанда; - Қауымдастық Басқарасының мәжілістеріне үш реттен көп дәлелді себепсіз қатыспағанда; - Қауымдастық Кеңесінің абыройы мен беделіне нұқсан келтіргенде; - өзінің өкілеттілігінде қалыптасқан міндеттерді атқаруы мүмкін болмағанда. Басқарманың ерекше құзіреттілігіне мыналар кіреді: - өз құрамынан Төраға орынбасары санын анықтау және сайлау; - Қауымдастық жұмыстарының тоқсандық және жылдық жоспарларын қарау және бекіту; - Қауымдастық эмблемасының үлгілерін бекіту; - Қауымдастық қызметінің Жиналыстың және Тексеру комиссиясының құзіреттілігіне кірмейтін басқа да мәселелерін қарау және шешу. Төраға үш жыл мерзімге сайланады және бір мерзімнен артық емес уақытқа қайта сайлануы мүмкін. Төраға Басқарма мәжілісін жүргізеді. Төрағаның Басқарма мәжілісіне қатысуына мүмкіндігі болмай қалған жағдайда өзінің орынбасаралары ішінен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ-ХҚТУ-066-2017 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Түлектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ережесі 12 беттің 8-ші беті 8 төрағалық етушіні анықтайды. Төраға міндеттерін атқару мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілеттілігімен бірге мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Басқарма Төрағасы өкілеттілігі мерзімі аяқталғаннан соң дауыс беру құқығымен Кеңесте тұрақты мүшелікке қалдырылады. Атқарушы секретариат Атқарушы секретариат Қауымдастық Басқармасының есеп беруші органы болып табылады, оны Атқарушы директор басқарады. Атқарушы директор оның мүшелерінің келісімі бойынша Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалады. Атқарушы директор Басқарма құрамына кіруі мүмкін. Атқарушы директордың ерекше құзіреттілігіне мыналар кіреді: - Қауымдастықтың ағымдағы қызметіне басшылық жасау және Төраға мен Басқарма қызметінің ақпараттық-аналитикалық және ұйымдық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру; Жиналыс пен Басқарма алдында есеп беру; - Қауымдастық атынан мәмілелер жасау, келісімдер түзу - билік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыстарды жүзеге асыру; - Қауымдастық мүдделерін Қазақстан Республикасындағы және оның сыртындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға таныту; - Жиналыс және Басқарма шешімдерін атқаруды ұйымдастыру; - Қауымдастық мүшелеріне Қауымдастық Жиналысын шақыру туралы хабар беру; -Жиналыс пен Басқарма қарауына енгізілетін сұрақтарды, сондай-ақ тиісті сәйкес құжаттардың жобаларын дайындау; - Қауымдастық жұмыстарының ағымдағы жоспарларының іс-шаралар графигін құрастыру және бекіту; Атқарушы директор Қауымдастық қызметінің жалпы ұйымдастырушылық мәселелеріне жауапкершілікті алып жүреді. Тексеру комиссиясы (Тексеруші) Қауымдастықтың Тексеру комиссиясы (Тексеруші) Жалпы жиналыста екі жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясының сандық құрамын Жалпы жиналыс анықтайды. Тексеру комиссиясы (Тексеруші): - Басқарманың, атқару аппаратының, сондай-ақ бөлімшелердің қаржылықшаруашылық қызметіне тексеру жүргізеді; - Қауымдастықтың қызметіне тексеруді жылына кемінде бір рет ұйымдастырады. Тексеру комиссиясы (Тексеруші) мүшелері Басқарма мәжілістеріне кеңесу дауысы құқығымен қатыса алады. Тексеру комиссиясы (Тексеруші) мүшелері Басқарманың және Қауымдастықтың атқарушы органдары құрамына кіре алмайды.

МҮЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ


Қауымдастық Қауымдастықтың Жарғылық қызметін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін өзінің жеке ғимаратын, құрылысын, тұрғын үй қорларын, жер учаскелерін, көлікті, құрал-жабдықтарды, дүние-мүлікті (инвентарь), ақшалайҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ-ХҚТУ-066-2017 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Түлектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ережесі 12 беттің 9-ші беті 9 қаражаттарды, акцияларды, басқа да құнды қағаздарды және әртүрлі мүліктерді иеленуі мүмкін. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша әрекет етуші
Заңнамаларға сәйкес жазалауға берілуі мүмкін барлық өзіне тиесілі мүліктеріне жауап береді. Қауымдастық мүшелері
Қауымдастық міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық мүліктерін қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады:
- банк несиелері;
- Қауымдастықпен құрылған коммерциялық ұйымдардың аударымдары;
- Қауымдастық өткізген, оның ішінде мәдени-көпшілік, танымдық, спорттық және т.б. іс-шаралардың түсімдері;
- шаруашылық қызметтерден түскен кірістер;
- сыртқы экономикалық қызметтерден түскен кірістер;
- әрекет етуші заңнамалар тыйым салмаған басқа да көздерден келген түсімдер. Қауымдастық табыстарды табу мақсаттарын көздемейді. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер Қауымдастықтың Жарғылық міндеттерінің жетістіктеріне бағытталады және Қауымдастық мүшелері арасында қайта бөліске салуға жатпайды. Қауымдастық мүшелерінің Қауымдастыққа тиесілі мүліктердің үлесіне меншіктік құқығы жоқ.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде көптеген түлектер бітіріп шыққан. Жетістікке жеткен түлектер де жетерлік: (1.1- Сурет)



1.1-Сурет. Түлектер










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет