6 сурет. Иінтірек
Шешуі: Біртекті емес стерженьді 4-суреттегідей тепе-теңдік қалпына келтіріп, яғни ауырлық центрінен жіп өткізіп іліп қоямыз. Сонан кейін қысқа жағының ұшына жүкті, ұзын жағының ұшына динамометрді іліп, оның көр жазып аламыз (5-сурет). Моменттер ережесінен:
P = , P = = mg, m =
7 сурет. Иінтірек, жүк пен динамометр
Оқулықтарда берілген сандық мәнді қойып, лабораториялық жұмыстардың көмегінсіз ақ шығаратын түрлері де бар. Эксперименттік есептер шығару арқылы оқушылардың лабораториялық приборлармен жұмыс жасау қабілеті артады, сондай ақ олар байқампаз бола бастайды. Сонымен қатар балалардың эксперименттік есептерді шығаруға деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға өтіп жатқан экспериментті қалай үй жағдайында жасауға болатынын түсіндірсек, сондай ақ өтіп жатқан тақырыпты қызықты лабораториялық жұмыстармен түсіндірсек онда оқушының келесі лабораториялық жұмысты жасауға деген құлшынысы оянып тұрады. Оқушыларды есеп шығаруға қызықтыру қажет. Оның көптеген жолдары бар. Мысалға төмен сынып оқушыларына есептерді ойын түрінде немесе шартын қызықты етіп әкелсек, онда оқушы есепті тез түсініп алады. Сондай ақ кез келген жастағы сынып оқушысы болмасын есептерді ең алдымен оңай деңгейден бастап шығарып, ол деңгейді толық меңгергенде ғана сатылап қиын деңгейге өткен дұрыс болады.
Сапалық есептер физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқып үйренуде алатын орны ерекше. Сапалық есептер оқушыларға белгілі бір физикалық құбылыстың мағынасын ашумен қатар, олардың академиялық тілін дамытуға әкеледі. Сапалық есептер оқушыларды физикалық құбылысты талдауға, табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы құбылыстарды теориялық білімдерін қолдануға, құбылыстың барысын ауызша баяндауға дағдыландырады. Аталған есептерді логикалық ойлау нәтижесінде физикалық заңдылықтарға сүйене отырып шығарады.
9-сыныптың механика бөлімі бойынша жинақталған сапалық есептер:
1-есеп. Жүрдек поездың жолаушысы қарама-қарсы келе жатқан поезд вагонының терезесіне қарады. Жолаушы қарама-қарсы келе жатқан поездың соңғы вагонына қарағанда өзінің қозғалысының баяулағанын сезеді. Неліктен?
Жауабы: Поездардың өзара қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы екі поездың жермен салыстырғандағы қозғалыс жылдамдықтарының қосындысына тең болады. Осы салыстырмалы қозғалыс екі поездың да қозғалмайтын денелерге қарағандағы жылдамдықтарынан артық болады.
2-есеп. Айнымалы қозғалысты қарастырғанда жолдың берілген бөлігіндегі орташа жылдамдық немесе берілген уақыт бөлігіндегі орташа жылдамдық туралы айтылады. Неліктен айнымалы қозғалыстың орташа жылдамдығы туралы айтылмайды?
Жауабы: Айнымалы қозғалыстың жылдамдығы уақыт бойынша өзгереді, сондықтан айнымалы қозғалыстың орташа жылдамдығы туралы айтылмайды. Орташа жылдамдық берілген уақыт аралығындағы немесе жолдың берілген бөлігіндегі дененің орнының өзгеру өлшемі болып табылады. Дегенмен айнымалы қозғалыстағы дененің жылдамдығы уақыттың әртүрлі мезеттерінде немесе жолдың әртүрлі бөліктерінде өзгере алады. Айнымалы қозғалыстың орташа жылдамдығын бағалау үшін белгілі уақыт мезетіндегі немесе жолдың бөлігіндегі дененің бастапқы және соңғы орнын білу керек. Содан кейін берілген бөліктегі орташа жылдамдықты алу үшін орындардың айырмасын уақытқа немесе жолдың ұзындығына бөледі.
3-есеп. Неліктен болат шар асфальтқа қарағанда тастан оңай кері серпіледі?
Жауабы: Болат шар асфальтқа қарағанда тастан оңай кері серпілу себебі олардың механикалық қасиеттері мен беттік сипаттамаларына байланысты. Тас кристалл бөлшектерден тұратын қатты және тығыз құрылымда болады. Болат шар таспен соқтығысқанда материалдың беткі қабатын тығыздайтын соқтығысу энергиясы шардан тасқа беріледі. Содан кейін тас күштің серпімділік әсерінен өзінің формасын қалпына келтіреді және шардың берген энергиясының бөлігін өзіне қайтарып серпіледі. Себебі, тастың қаттылығы жоғары. Екінші жағынан асфальт тасқа қарағанда қаттылығы төмен және тұтқырлығы жоғары болғандықтан жұмсақ материал болып табылады. Болат шармен соқтығысқанда асфальтың беткі қабаты деформацияланып, пластикалық деформация орын алады. Асфальттың тұтқырлық қасиетті өзінің формасын қалпына келтіруге және шарға энергияның бөлігін беруге кедергі жасайды. Соқтығысу энергиясының көп бөлігі асфальтқа беріліп, оның бетіне таралады.
4-есеп. Салмақсыздық жағдайында дененің массасын қалай өлшеуге болады?
Жауабы: Денеге белгілі күшпен (мысалы, серіппенің серпімділік күші) әсер етіп, дененің алған үдеуін өлшеу керек. Күштің үдеуге қатынасы массаны береді.
Қарастырылған есептердің шешуін талдау мақсатында оқушыларға сұрақтар реті, шешу алгоритмдері беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |